Сайыстың сұрақтары

Өнер алды – қызыл тіл

Бұл шара оқушыларға мемлекеттік тіл — қазақ тілінің құдіреті мен ұлылығын танытып, ұлттық құндылықтарды терең түсіндіруге бағытталған танымдық-шығармашылық сайыс ретінде ұйымдастырылады.

Мақсаты

  • Қазақ тілінің құдіретін таныту, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.
  • Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының мәнін ашу, түсіндіру.
  • Тіл мәдениетін арттыру, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру.
  • Сауатты жазуға баулу, ойлау қабілетін дамыту.
  • Ата-бабадан қалған мұраны сақтауға тәрбиелеу, ұлттық-патриоттық сезімді күшейту.
  • Оқушылардың білімін тереңдету және шығармашылық әлеуетін ашу.

Көрнекіліктер

  • Мемлекеттік рәміздердің суреттері
  • Қазақ тілі және салт-дәстүр туралы оқулықтар, зерттеу еңбектері (көрме)
  • Нақыл сөздер топтамасы

Бағалау өлшемдері

  • Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі
  • Өзін-өзі ұстау мәнері
  • Сөйлеу мәдениеті және жазу сауаттылығы
  • Киім үлгісі мен жинақылығы

Шараның ашылуы

Сайыс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталады.

Өлең жолдары

Тілім — тарих қазынам, анашымның әлдиі.

Жарық дүние жазылған ғұмырымның сан күйі.

Сенсіз тану мүмкін бе ұлы халық мұратын?

Енді, тілім, сілкінде жиып бойыңның қуатын.

Теңселсең де тұратын, кезің келді тұғырға.

Сайыс форматы

Шара сайыс түрінде өтеді. Қатысушылар саны — 6 оқушы. Әр турда оқушылардың білімімен қатар, тіл мәдениеті, жинақылығы және өзін ұстау әдебі де ескеріледі.

Сайыскерлер

1) Аметова Айнұр

Әдепті, кішіпейіл, парасатты. Достары сабырлылықты, ұстамдылықты, адалдықты жоғары бағалайды. Айнұр көп істеп, шала бітіргеннен гөрі аз істі тиянақты орындауды ұнатады.

2) Жұмабаев Әспенби

Топ ішінде сыпайы әрі беделді. Ой-өрісі кең, ақылды адамдарды жақын көреді. Алға қойған мақсатына жете алатынына әрдайым сенімді.

3) Нағашбаева Тұмар

Шат көңілді, жомарт мінезді. Тез тіл табыса білетін адамдарды ұнатады; сөйлесе білуді келісім мен үйлесімнің кілті деп есептейді.

4) Көшкінбай Елдос

Салмақты, ақкөңіл. Достарымен тез тіл табысады, көмектесуге әрдайым дайын. Әр істі байыппен, ұқыппен орындайды.

5) Дидар Аружан

Ибалы, кішіпейіл, қазақтың қарапайым қыздарының бірі. Әрдайым жайдары мінезімен айналасына жылылық сыйлайды, бірақ кез келген мәселені ақылмен шешкенді жөн көреді.

6) Арынғазы Орынбек

Сабырлы, топ ішіндегі беделді оқушылардың бірі. Үнемі ізденіп оқиды, білімге құштар. Салмақты қалпынан айнымайды.

Турлар мазмұны

2-тур: «Санаға сапар»

Бұл турда оқушылар қоғамдық-саяси бағыттағы сұрақтарға жауап береді:

  1. ҚР «Тіл туралы» Заңы қашан қабылданды?
  2. ҚР Президентінің Жарлығымен Астана қай уақыттан бастап еліміздің бас ордасына айналды?
  3. Астананың халықаралық тұсаукесері қашан өтті?
  4. Ұлттық валюта — теңге қашан енгізілді?
  5. ҚР Мемлекеттік Әнұранының сөзін және әнін жазған кімдер?
  6. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген сөзді кім айтқан? Бұл ойды қалай түсінесіз?
  7. Қазақ тіл білімінің атасы кім деп есептеледі? Ол туралы не айта аласыз?

3-тур: «Шешеннің тілі — шебердің бізі»

Оқушылар «Дүниеде не қызық?» деген философиялық сұраққа алдын ала дайындалып келеді. Сөздің қисынын тауып, мәнді сөйлеу — шешендіктің басты шарты.

Қазақ «Өнер алды — қызыл тіл» деп сөз қадірін білгендіктен айтқан. Сөз өнері ақыл мен көңілге байланысты; ойын дәл жеткізу үшін шеберлік қажет. Сондықтан бұл тапсырма үй жұмысы ретінде беріледі.

Келесі тур: «Сауаттылық — шеберлік»

«Бәріміздің заманымыз — жазу заманы», — дейді А. Байтұрсынов.

«Сөйлегенде сөздің жүйесін, ұйқасын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек».

Мұндағы «сөздің кестесі» — сауатты жазу, емле қағидаларын сақтау. Оқушылар кез келген жеке құжат түрін жазады; орындауға 2–3 минут уақыт беріледі.

Келесі тур: «Ұлы сөзден — ұлағат»

Мақал-мәтел сайысы төмендегі тақырыптар бойынша өтеді:

  • Тіл, сөз өнері
  • Отан, туған жер
  • Ата-ана, бала-шаға
  • Ана, қыз бала тәрбиесі
  • Ақыл, тәрбие

Соңғы тур: «Білгенге — маржан»

Ұлттық тәрбиенің негізі — қазақтың салт-дәстүрі. Бұл тур сұрақтары оқушылардың таным көкжиегін кеңейтеді:

  1. Қазақтың ырымдары мен тыйымдары туралы не білеміз?
  2. Қасиетті төрт кітап.
  3. Қазақтың ас беру дәстүрі: оның мәні қандай?
  4. Жеті қазына.
  5. Сүт тағамдары мен ет тағамдарын атаңыз.
  6. Жеті ата.
  7. Құрбан айт мейрамы туралы не білеміз?

Қорытынды бөлім

Сайыс тәртібі бойынша оқушылар «Туған жер» әнін орындайды. Қазылар алқасы «жүзден жүйрікті» анықтап, үздіктерді марапаттайды.

Шараны аяқтайтын өлең (С. Мұқанов)

Әкемнің құты,

Шешемнің сүті,

Сіңірген тұла бойыма

Бар асылын халықтың,

Лұғатын ұлы тарихтың

Құйған сана ойыма,

Туған тілім, өркенде,

Бола бер күшті, көркем де —

Ән, Ана тілі.