Ынтымақтастық пен сенім атмосферасын құру
Тақырыбы
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» шығармасы бойынша 8-сыныпқа арналған сабақ.
Қолданылған модульдер
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
- Білім беру мен алудағы жаңа тәсілдер
- Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау
Оқытудың әдіс-тәсілдері
Сабақтың негізгі мақсаты
Оқушыларды ана мен бала, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастың жырда берілген көркемдік шешімін танып, талдай білуге үйрету.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Не істеймін? Сабақ басында оқу мақсатын нақтылап, оқушылардың назарын ортақ идеяға бағыттаймын.
Психологиялық ахуал
- Ынтымақтастық пен сенім атмосферасын қалыптастыру.
- Сәлемдесу, ауа райын және көңіл күйін сұрау арқылы байланыс орнату.
Топқа бөлу
Оқушыларға аққу, табиғат, ана тақырыптарындағы суреттер таратылады. Оқушылар таңдаған суретіне сай үш топқа бөлінеді.
Топ ұстанымы және бағыттау сұрақтары
Мұғалім топтық жұмыстың мәнін ашу үшін оқушыларға бағыт-бағдар береді және төмендегі сұрақтар арқылы ойлануға жетелейді:
1-сұрақ
Неліктен шағын топқа бөліндік?
2-сұрақ
Шағын топқа бөлінудің мәні неде?
3-сұрақ
Шағын топпен қандай жұмыс түрлерін орындауға болады?
Материал
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» шығармасының мәтіні (жүктеу/таратпа нұсқасы).