Компьютерді білу - екінші сауаттылық
Сабақ тақырыбы
Мәтіндік құжаттарды форматтаудың негізгі әдістері.
Сабақ типі
Аралас сабақ
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Оқыту әдісі
Түсіндірмелі-иллюстративтік, сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Сабақ көрнекілігі
- Графопроектор
- Электрондық оқулық
- Практикалық тапсырмаға арналған үлестірме қағаздар
- Деңгейлік тапсырмалар
- Кестелер
Пәнаралық байланыс
- Информатика
- Орыс тілі
- Қазақ тілі
- Желілер және ПВЭМ аппараттық кешені
Сабақ мақсаты
Білімділік
MS Word редакторында құжатты форматтау тақырыбы бойынша оқушыларға толық түсінік беру. Мәтінді немесе оның үзінділерін ерекшелеу тәсілдерін, негізгі форматтау режимдерін қолдануды үйрету: символдарды форматтау, мәтінді туралау, жоларалық интервалды орнату, тасымалды орналастыру және басқа да пішімдеу амалдары.
Дамытушылық
Оқушылардың компьютерге қызығушылығын арттыру. Ойлау қабілетін және танымдық белсенділігін дамыту, компьютермен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру және сабақта алған білімін тәжірибеде қолдана білуіне ықпал ету.
Тәрбиелілік
MS Word редакторында мәтінді сауатты теруге баулу. Жүйелілікке, еңбекқорлыққа, іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу. Компьютерлік сауаттылықты, жауапкершілікті және тиянақтылықты қалыптастыру.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
5 минут- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Психологиялық тренинг: «Мен саған сенемін».
Тренинг барысы
Әуен ойнап тұрады. Оқушылар жұп құрып, бір-бірінің көзіне қарап отырады. Әрқайсысы: «Мен саған сенемін, өйткені сен жақсы адамсың» деп айтады.
Үй тапсырмасын сұрау және қорытындылау
18–20 минутТақырып: вирустарға қарсы қолданылатын бағдарламалар. Үй тапсырмасы «Халық таңдауы» телебағдарламасы форматында өткізіледі (бейнеүзінді, 2–3 слайд).
Сценарий
Журналист антивирустық бағдарламалардың өкілдерін студияға шақырып, тұтынушыларға таныстырады.
Қатысушылар
Топтан 4 білім алушы өз антивирустарын таныстырады және қорғайды: ESET NOD32, Avast, Dr.Web, Kaspersky 2012.
Нәтиже
Қалған оқушылар тұтынушы рөлінде сұрақтар қойып, талқылау арқылы үздік антивирустық бағдарламаны таңдайды.
Жаңа сабақ
15 минут (4–9 слайд)Кіріспе ой
ХХІ ғасыр — жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры. Қазіргі кезде компьютер адам өмірінің барлық саласына кеңінен енгізілді. Сондықтан оқушылардың алдында тұрған негізгі міндет — өмірге икемделгіш, заман ағымына сай ілесе алатын азамат болу. Осыған жетудің бір жолы — компьютер тілін меңгеру. Компьютерді білу — екінші сауаттылық.
Негізгі ұғым: форматтау
Мәтін теріліп және өңделіп болғаннан кейін пішімдеу (яғни рәсімдеуді өзгерту) орындалады. Форматтау — мәтіндік құжатты рәсімдеу мақсатында орындалатын әртүрлі әрекеттер жиынтығы.
Маңызды ескерту
Құжатты құрудың алдында да, құжат дайын болғаннан кейін де пішімдеуге болады. Негізгі құралдар «Главная» мәзірінде орналасқан.
Пішімдеу арқылы орындалатын әрекеттер
Қаріптер
Әртүрлі қаріптерді пайдалану.
Өрістер
Жұмыс өрісінің шекараларын өзгерту: сол, оң, жоғары, төмен өрістерін орнату.
Туралау
Беттегі мәтінді туралау.
Жоларалық интервал
Интервалды орнату және өзгерту.
Бағандар
Мәтінді бағандарға бөлу.
Жиектеу және тізімдер
Жиектеудің әртүрлі типтері, тізімдер, құймалар және т.б.
Құралдар
Пішімдеу кезінде:
- аспаптар панеліндегі батырмалар;
- мәзір командалары;
- пернелердің арнайы комбинациялары
пайдаланылуы мүмкін.
Пішімдеу ауқымы
Пішімдеу операцияларын бүкіл мәтінге де, оның бөліктеріне де қолдануға болады: символға, сөзге, жолға, абзацқа, бөлімге немесе бетке.
Ереже
Пішімдеу жасалатын бөлікті алдын ала белгілеу қажет.
Бірнеше баптауды бірден өзгерту
Бірнеше параметрді қатар өзгерту үшін «Формат» мәзірінен «Шрифт» командасын орындаңыз.