Жайлауда жүрген мал суреті

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Пән
Көркем әдебиет (0-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Төлдер айтысы
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдістері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, сахналау
Көрнекіліктер
Жайлауда жүрген мал суреттері, жұмбақтар

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Өлеңдерді мәнерлеп әрі түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру. Қарсы мәндес сөздер туралы білімдерін бекіту, нақтылау.

Дамытушылық

Оқушылардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуін дамыту. Қызығушылығы мен танымын арттыру.

Тәрбиелік

Төрт түлікке деген сүйіспеншілікті ояту, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың жүру барысы

1) Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың ойын жинақтап, назарын сабаққа аудару.

Қызығушылықты ояту: «Еске түсір»

  • Ертегілер қалай басталады? «Ерте, ерте, ертеде…», «Ерте заманда…», «Баяғы заманда…»
  • Үй тапсырмасы: «Жылқы» өлеңін мәнерлеп оқу.

2) Өткенді пысықтау (өлеңді түсіну)

Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.

  1. Жылқының қандай пайдасы бар?
  2. Биенің төлін қалай атайды?
  3. Бие сүтінен қандай сусын жасалады?
  4. Жылқы етінен қандай тағамдар жасалады?
  5. Жылқыға байланысты ұлттық ойындарды ата: бәйге, аударыспақ, қыз қуу, көкпар.
  6. Қылынан не жасайды? Арқан, жіп еседі. Қыл — жал мен құйрықтың жіңішке, ұзын талы.

Тақтамен жұмыс

Мал суреттері бойынша атауларын айту: қой, сиыр, түйе және төлдері: құлын, бұзау.

3) «Жайлауға саяхат» (тақырыпқа кіріспе)

Сұрақ

Қазақ халқы шаруашылыққа қандай малдарды пайдаланған?

Өгіз, түйе, ат.

Сұрақ

Жайлауға саяхатқа шықсақ, қайсысын көлік етеміз?

Атты.

Дыбыстау

Жылқыны шақыру: «Құрау-құрау» (хормен айту).

4) Жаңа сабақ: «Төлдер айтысы»

Сурет бойынша әңгімелеу: жайлау көрінісі, малдар, төлдер, киіз үй, тау. Суреттен төлдерді атап шығу: қозы, лақ, бота, құлын, бұзау.

Сөздік жұмыс

Секектеме
секірме
Деміңді ал
тынық
Құстай қанат қағады
жүгіреді

5) Ойын: «Мен бастайын, сен аяқта»

Қой

Қой баласы қоңырым,
Қойдай жуас момыным.
Шопан ата түлегі,
Қошақаным, қайдасың?
Пұшайт, пұшайт!

Ешкі

Жауын жауса, бақырған,
Ешкі атасын шақырған.
Өрісте өткен жануар,
Шөкетайым, қайдасың?
Шөре, шөре!

6) Сергіту сәті

Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?

Секең-секең, ей лақ,
Жүрмін саған кейіп-ақ.
Тыным тапсаң болмай ма,
Секірмей-ақ кей уақ?

7) Төлдерді шақыру (дыбыстық үлгі)

Құлын

«Құрау, құрау!»

Жолға шықсам — көлігім,
Жапанда жүрсем — серігім.
Қамбар ата өсірген,
Құлыным менің, қайдасың?

Бұзау

«Аухау, аухау!»

Тілімен мұрнын жалаған,
Тілімен бойын тараған.
Зеңгі баба өсірген,
Әукешім менің, қайдасың?

Бота

«Көс, көс!»

Екі көзі танадай,
Екі өркеші баладай.
Ойсылқара баласы,
Ботақаным, қайдасың?

Малды қалай шақырады?

Қошақан

пұшайт, пұшайт

Лақ

шөре, шөре

Құлыншақ

құрау, құрау

Бұзау

аухау, аухау

Ботақан

көс, көс

8) Дыбыстық талдау

Төл атауларына дыбыстық талдау жасау:

Лақ

3 дыбыс, 3 әріп, 1 буын

Бота

4 дыбыс, 4 әріп, 2 буын

Бұзау

5 дыбыс, 5 әріп, 2 буын

Ертегі: «Төлдердің айтысы»

Ертегінің негізгі сұрағы: «Иеміз қайсымызды жақсы көреді?»

Осы бөлімде «Төлдердің айтысы» ертегісін оқып, кейіпкерлердің сөздерін мәнерлеп айту, мазмұнын түсіндіру және сахналау жұмыстары жүргізіледі.