Күз мерекесіне ашықхат дайындауға көмектесіңдерші, достарым
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің қысқаша сипаттамасы
Білім беру саласы
Таным
Іс-әрекет түрі
Құрастыру
Тақырыбы
Мерекелік ашықхат дайындау
Мақсаты
-
Күз мезгілі және күз мерекесі туралы түсінік қалыптастыру.
-
Ашықхат жасау арқылы балалардың қиялын, есте сақтауын, ой-өрісін және сөздік қорын дамыту.
-
Шапшаңдыққа, ептілікке, әдемілікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар
Көрнекіліктер
- •Қоян кейіпкері
- •Үлестірмелі материалдар
- •Жұмыстың үлгілері
Әдіс-тәсілдер
- •Көрсету
- •Түсіндіру
- •Сұрақ-жауап
- •Мадақтау
Сабақ барысы
1) Сәлемдесу және көңіл күйді көтеру
Балалар жарты шеңбер болып тұрады. Тәрбиеші қолындағы жүрекшені балаларға ұсынып, әрқайсысы оны кеудесіне қояды.
Айтылатын өлең жолдары
Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Бас иеміз баршаға, Құрметпенен біз.
Жылы сөздер
Еліміз тыныш болсын!
Нанымыз көп болсын!
Досымыз көп болсын!
Тәрбиеші сұрағы: «Мына жүрекшеге оң қолымызды қояйық. Жүрегіміздің соғысын сеземіз бе?» Иә
2) Жұмбақ
Жұмбақ мәтіні
Ырыс-дәулет көзімін, Берекенің өзімін.
Балалар жұмбақтың жауабын табады.
3) Қонақтың келуі: Қоян кейіпкері
Есік қағылады. Балалар: «Біреу есік қағып тұрған сияқты!» — деп назар аударады. Осы сәтте қоян кіріп, амандасады:
Қоянның сөзі
«Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге сонау алыс жерден қонаққа келдім. Менің тапсырмамды орындайсыңдар ма?»
Тапсырма
«Күз мерекесіне арнап ашықхат дайындауға көмектесіңдерші, достарым.»
4) Әңгімелесу: Күз мезгілінің ерекшеліктері
Тәрбиеші балалардан күз мезгілінде болатын өзгерістерді сұрайды. Балалардың жауаптары толықтырылып, жүйеленеді:
-
Күн салқындайды, ауа райы өзгереді.
-
Жапырақтар сарғайып, жерге түсе бастайды.
-
«Алтын күз» мерекесі атап өтіледі.
-
Жеміс-жидектер пісіп, өнім жиналады.
5) Практикалық жұмыс: Ашықхат құрастыру
Тәрбиеші ашықхаттың жасалу жолын кезең-кезеңімен көрсетіп, түсіндіреді. Балалар үлгіге қарап жұмыс істейді, ал тәрбиеші жеке көмек қажет ететін балаларға қолдау көрсетеді.
Дағды
Қағазды бүктеу
Дағды
Желімді дұрыс қолдану
Құндылық
Ұқыптылық пен әсемдік
6) Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс өлеңі
Жел ұлиды: у-у-у, Құйын келіп билейді: зу-зу-зу. Қатты-қатты жел соқты, Жапырақтар қол соқты.
7) Қорытынды және марапат
Балалар ашықхаттары дайын болғанда, қолдарын көтеріп көрсетеді. Осы кезде есік қайта қағылып, қоян кіріп:
Қоянның алғысы
«Достарым, сендерге көп рақмет! Сендерге сыйлығым бар.»
Қоштасу өлеңі
Қол ұстасып тұрайық, Әсем әнге салайық. Көріскенше күн жақсы, Сау-саламат болайық!