Айранды сүзіп

Сабақтың мақсаты

Білімдік

О. Әубәкіровтің өлең-ертегісін түсініп оқуға баулу, мазмұнын ашу, қорытынды ойды ұғындыру.

Дамытушылық

Байланыстырып сөйлеу, мәнерлеп оқу дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Оқушыларды сергек болуға, алғырлыққа және қисынды ойлауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық. «Күлкі терапиясы» арқылы жағымды көңіл күй қалыптастыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Ы. Алтынсариннің «Салақтық» әңгімесін тізбектей оқыту.
  2. Флипчарт арқылы әңгіме мазмұнын баяндату.

III. Өткен сабақты бекіту: «Көкпар тарту» ойыны

Бұрын көкпар жігіттердің күшін сынаса, бұл сабақта «көкпардың» мүйізіне ілінген сұрақтарға жауап беру арқылы білім сыналады. Дұрыс жауап берген оқушы көкпарды «алып кетеді».

Сұрақтар

  • Ы. Алтынсарин кім?
  • Оның қазақ балаларын оқуға шақырған өлеңінен үзінді айт.
  • Биыл 2-сыныпта қандай әңгімелерін оқыдық?
  • «Салақтық» сөзіне қарсы мағыналы сөзді ата.
  • Тазалық туралы нақыл сөздер айт.
  • Нелер у болуы мүмкін? (дәрілер, түрлі сұйықтықтар)

IV. Жаңа сабақтың мақсатын хабарлау

Бүгін Оспанхан Әубәкіровтің «Сүт қалай ұйықтады?» атты ертегі-өлеңімен танысып, оқимыз.

V. Жаңа сабақ

1) Автор туралы мәлімет

Жазушы-ақын Оспанхан Әубәкіров 1934 жылы 4 мамырда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үшбұлақ ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тәмамдаған. 1958–1976 жылдары Қазақ филармониясында және «Ара-Шмель» журналында қызмет атқарған. Сатиралық жанрмен қатар балаларға арналған өлең, жыр, ертегі, пьеса жазған, композиторлар әндеріне мәтін жазып, аудармалар жасаған.

  • «Жасыратын не бар?»
  • «Сыйлық»
  • «Ұзын сөздің қысқасы»
  • «Күлкіңіз келе ме?»
  • «Өзіміз білеміз»

1980 жылы балаларға арналған «Қазақ-қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы берілген.

2) Қызығушылықты ояту

а) Сөзжұмбақ: «Ұйқышыл»

Көлденеңінен берілген сұрақтарға жауап беріп, торкөздің ішінен «Ұйқышыл» сөзін оқыңдар.

  1. Сүт қандай? (сұйық)
  2. Сүтті пісіріп, ашытқы қосып әдейі ашытып жасалатын тағам (айран)
  3. Тұз қосып кептірілген, сүттен жасалған тағам (құрт)
  4. Сиыр туғаннан кейінгі алғашқы сүт (уыз)
  5. Сүтке сарысу қосып, ұзақ қайнатып жасалатын жұмсақ, сарғыш тағам (ірімшік)
  6. Айранды сүзіп, ............ жасайды (қатық)
  7. Сиырдың сүтін қандай ыдысқа сауып аламыз? (шелек)

ә) Жаңылтпаш

Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты,
Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті.

3) Мағынаны тану

«Сүт қалай ұйықтады?» өлең-ертегісін оқып, мәтінмен жұмыс жүргізу.

VI. Түсінгендерін тексеру: ой толғаныс

1) Сұрақтар

  • Ертегіде ненің әрекеті суреттелген?
  • Ертегіде қандай нақыл сөз келтірілген?
  • Мәтіндегі қорытынды ой айтылған жолдарды тап.

2) Мәтінмен жұмыс

  • Іштей оқу
  • Дауыстап, тізбектей оқу

3) Суретпен жұмыс

Суретке қарап, ертегідегі сүттің іс-әрекетін қарасөзбен әңгімелеп беру.

4) Дәптермен жұмыс

Топтастыру, сөз тіркестері, ұйқас табу тапсырмалары.

Дәптерге арналған тапсырмалар

а) Сүт тағамдары

  • Айран
  • Қатық
  • Сүзбе
  • Ірімшік
  • Уыз
  • Құрт

ә) Дұрыс сөз тіркесін тап

Берілген сөздерден мағыналы тіркес құрап, дәптерге жазу.

балдай тәтті қышқыл айран ашыған сүт кепкен құрт тұздалған құрт

б) Ұйқас сөз табу

Тоқты — ... (тепті допты).
Бота — ... (үйренді нота).
Айран — қалдым қайран.

Осы үлгімен айран, сүзбе, құрт, уыз сөздеріне ұйқас құрастыру.

Қарама-қайшы пікірлер: ұйқының пайдасы мен зияны

Ұйқының пайдасы

  • Адамның күш-қуатын қалпына келтіреді.
  • Сабақтан, жұмыстан кейін тынықтырады.
  • Ертеңіне сергек тұруға көмектеседі.

Ұйқының зияны

  • Шамадан тыс ұйықтау адамды енжар етеді.
  • Ештеңе істегісі келмей, селқос болып қалады.
  • Уақытты дұрыс жоспарламаса, сабаққа не жұмысқа кешіктіруі мүмкін.
  • Еріншектік пен жалқаулыққа әкелуі ықтимал.

VII. Бекіту кезеңі

  • Оспанхан Әубәкіровтің ертегісінің негізгі ойы қандай?
  • Автор балаларға қандай ой тастайды?
  • Ертегі сендерге ұнады ма? Неліктен?
  • Өздерің қалай ойлайсыңдар: ұйқы адамға қажет пе?

Бағалау

Оқушылардың жауаптары, мәнерлеп оқуы және белсенділігі бойынша бағалау жүргізіледі.

VIII. Үй тапсырмасы

  • Ертегіні мәнерлеп оқу.
  • Мазмұнын қарасөзбен әңгімелеп айтуға дайындалу.