Оқушыларды Абай Құнанбаев аударма өлеңімен таныстыру
Сабақ тақырыбы
Абай Құнанбаевтың И. А. Крыловтан аударған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалы.
Сабақ түрі
Пәнаралық сабақ
Алдын ала дайындық
Кітапханадан мәлімет жинақтау
Сабақ мақсаты
Білімділік
Оқушыларды Абай Құнанбаевтың аударма өлеңімен таныстыру.
Дамытушылық
- Ой-өрісті кеңейту, сөздік қорды молайту, тіл дамыту.
- Ізденімпаздыққа баулу және топпен жұмыс істеуді үйрету.
Тәрбиелік
Еңбекке сүйіспеншілікті арттыру, уақытты бекер өткізбеуге дағдыландыру.
Көрнекі құралдар мен әдістер
Көрнекі құралдар
- Мультимедиа
- Интерактивті тақта
- Оқулық
Сабақ әдістері
- Әңгімелеу, түсіндіру
- Оқу, сахналау
- Топпен жұмыс, ой толғау
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды төрт топқа бөлу.
- Психологиялық ойын: «Сәттілік тілегі». Әр топ оқушылары қол ұстасып, тізбектей бір-біріне тілек айтады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: бүгінгі сабақта Иван Андреевич Крыловтың Абай Құнанбаев аударған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалымен танысамыз.
- Мысалмен танысу.
- Топпен жұмыс істеуді үйрену, мәлімет жинақтау.
- Еңбекке сүйіспеншілікті арттыру, уақытты босқа өткізбеуге дағдылану.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Мақал жарысы» өткізіледі. Көп әрі тез мақал айтқан оқушы марапатқа ие болады.
Интерактивті тақтамен жұмыс: оқушылар бағалау парағы арқылы фигураларды бояп, өзара жарысады. Жеңімпаздар тақтада белгіленеді.
III. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту
Бүгінгі сабақтың тақырыбын жұмбақ шешу арқылы анықтаймыз.
Жұмбақ 1
Ат басты, арқар мүйізді,
Бөрі кеуделі, бөкен санды.
Жауабы: шегіртке
Жұмбақ 2
Ине бел, қылқа мойын, қара батыр,
Қара тауды арқалап бара жатыр.
Жауабы: құмырсқа
Топтарға бөлу
Оқушылар төрт топқа бөлінеді:
- 1-топ: Иван Андреевич Крылов
- 2-топ: Абай Құнанбаев
- 3-топ: Шегіртке
- 4-топ: Құмырсқа
Топтық жұмыс
- Әр топтағы белсенді оқушы жинақтаған мәліметті оқып береді.
- Қалған оқушылар ассоциация құру арқылы дәптерге негізгі ойды жазады.
- Топтар кезекпен өз материалдарын ұсынады, бір-бірін толықтырады.
Мәліметтер банкі: авторлар туралы
Иван Андреевич Крылов (1769–1844)
И. А. Крылов ұзақ ғұмыр кешкен. Ол өз замандастары жоғары бағалаған бірнеше күлдіргі пьеса жазған және шамамен 30 жыл Петербург кітапханасында қызмет еткен.
Оның есімін әлемге танытқан еңбегі — ғажайып мысалдары. Мысал — көбіне өлең түрінде жазылатын шағын шығарма; онда ақыл-кеңес беріледі немесе белгілі бір мінез-құлық әжуаланады.
Мысал ертегіге ұқсас: әдетте адамдар емес, жан-жануарлар, кейде жансыз заттар әрекет етеді. Крыловтың мысалдары халықтың мұң-мүддесін қорғап, жалқаулықты, қорқақтықты, орынсыз мақтанды өткір сынайды.
Тілі жеңіл, түсінікті болғандықтан, жаттауға да ыңғайлы. Крыловтың бірнеше мысалын Абай Құнанбаев қазақшаға аударған, соның бірі — «Шегіртке мен құмырсқа».
Абай Құнанбаев (1845–1904)
Абай Құнанбаев — қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, композиторы, аудармашы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған тұңғыш классик.
Ол 1845 жылы 10 тамызда қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Семей өңіріндегі Шыңғыс тауы маңында дүниеге келген. Зере әжесі мен Ұлжан анасының тәрбиесін көріп өскен Абай жастайынан зерек болған.
Алдымен ауылда Ғабитхан атты татар молдасынан мұсылманша хат танып, кейін әкесі оны 10 жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесіне оқуға береді.