Бірде адасып кетіпті, Атасымен тұманда
Ескен Елубаевтың өлеңі
Каникулда көргенін
Бәрі де айтып жатқан - ды.
Бірде Болат ер көңіл
Бәрімізге мақтанды.
Келемеждеп ойнап та:
Болат жалқау , - десек – те.
Каникулда ол қой баққан,
Мініп алып есекке.
Болат жайсаң жайлаумен
Достасып – ақ кетіпті.
Қора қайды айдаумен,
Каникулы өтіпті.
Болат біздің бір күні
Мылтық алып жатыпты,
Ұстап апты түлкіні,
Қасқырды да атыпты.
Бірде адасып кетіпті,
Атасымен тұманда.
Әзер үйге жетіпті,
Сендік біздер бұған да.
Қатты шаршап өздері
Болдыртыпты қойларын.
Шүңірейген көздері,
Суық алған бойларын.
Үш күн шарлап алапты,
Адасқаны шын анық.
- Сонда қайдан тамақты,
Іштіңдер?- деп сұрадық
Болат аздап толқыды,
Сасып қалып күйбеңдеп:
- Тамақты ма? Тамақты
Ішіп тұрдық үйден кеп.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан
Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері
Олжас Сүлейменовтың өмірі
Жамбыл Жабаев өмірбаяны
Табиғаттың ғажайып сырлары
Ғ. Мүсірепов. Кездеспей кеткен бір бейне
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ АСТРОНОМИЯ
Асқар Алтайдың шығармашылық мұрасы
Жамбыл Жабаев қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы
АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ НАРМАНБЕТ ОРМАНБЕТҰЛЫ
ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Қазақ халық ертегілері туралы
- Қабырға газетіне өлең жазшы, - деді бірде бұған қыздар
Бірде анам дүкеннен сүт әкелуімді өтінді
Бірде директор
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті
Бірде гуманитарлық колледждің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығында оқып жүрген студент қызға Тынышбай Рахымның өлеңін оқығанда, әлгі студент қыз
Бірде тіміскілене сүмеңдеп келе жатқан түлкіге тоғайды шарлап жүрген жолбарыс кездесіпті
Байзақ жұртқа бірдей сөйлейтұғын
Бірде хан қызының біреуге басы айналып жүргенін естиді
Бірде апасы үлкен ағасынан
Кез келгенді мүйіздей беретін сүзеген бұқа байқаусызда құдыққа түсіп кетіпті