Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау

5-сынып. Информатика

Сабақ тақырыбы: Компьютердің пайдасы мен зияны

Оқу мақсаттары

  • Т1: Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау.
  • А4: Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру және жоспарға сүйеніп баяндау.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы: тақырыпты тірек сөздер арқылы болжай алады, мәтін мазмұнын түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі: тақырыпты болжап, мәтінге жоспар құра алады.

Оқушылардың кейбірі: тақырыпты болжап, жоспар құрады, жоспарға сай баяндайды және өз ойын білдіреді.

Бағалау критерийлері

  • Тірек сөздер арқылы тақырыпты болжайды.
  • Мәтінге жоспар құрады.
  • Жоспарға сай баяндайды.

Тілдік мақсаттар

ақпарат үдерісі өңдеу жүйке шаршау т.б.

Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырып, сол тіркестерді пайдаланып сөйлемдер жазыңыз.

Пәнаралық байланыс

  • Информатика
  • Тарих

Алдыңғы білім

Оқушылар компьютер тарихын және оны қолдану қағидаларын біледі.

Сабақтың құрылымы

Сабақтың басы

2 минут

Қызығушылықты ояту: оқушылар берілген суреттер бойынша сыныпты екі топқа «пазл» әдісімен бөледі.

Сабақтың ортасы — Білу

5 минут

Айтылымалды тапсырма: оқушылар тірек сөздер арқылы сабақ тақырыбын болжайды.

Тірек сөздер

компьютер ғаламтор көзілдірік уақыт денсаулық т.б.

Түрткі сұрақтар

  • Компьютермен дұрыс жұмыс істей білу қаншалықты маңызды?
  • «Компьютер мәдениеті» дегенді қалай түсінесің?

Қалыптастырушы бағалау

Тапсырма

Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрап, сөйлемдер құрастырыңыз.

Дескрипторлар

  • Жаңа сөздермен сөз тіркестерін жасай алады.
  • Тақырыптық сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың ортасы — Түсіну

10 минут

Тыңдалым тапсырмасы: оқушылар мәтінді тыңдап, мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді.

Тыңдалымнан кейін оқушылар жұппен жоспар құрады, кейін жоспарды топта талқылайды.

Сабақтың ортасы — Қолдану

10 минут

Топтық жұмыс: 1-топ «Оқиғалар тауы» әдісі бойынша жоспарға сүйеніп баяндайды.

Әр топ өз жоспарына сәйкес баяндама жасап, ой бөліседі.

Мұғалім

Мурзагалиева Г. К.

Материал: «Компьютердің пайдасы мен зияны» Жүктеу