Ата анаға құрмет видеосын көрсету

Өзін-өзі тану Сабақ жоспары

Тақырып: Ата-ана — алтын тұғырың

Бұл жоспар ата-анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті тереңдетуге, мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін дамытуға бағытталған.

Құндылық

Сүйіспеншілік

Қасиеттер

  • Жақсы көру
  • Кішіпейілділік
  • Аянбай қызмет ету

Сабақ мақсаты

Оқушылардың ата-ана құндылығы туралы түсінігін кеңейту.

Міндеттері

  1. 1 Ата-анаға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, ата-ананы құрмет тұтуға үйрету.
  2. 2 Ата-ананы қадірлеуге, ардақтауға және олардың үмітін ақтауға баулу.
  3. 3 Махаббатқа, мейірімділікке және қамқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»

Оқушыларға тыныштық орнатып, зейінді жинақтауға бағытталған қысқа медитативті сәт ұйымдастырылады.

2) Үй тапсырмасын тексеру

№19 сабақ: Ғабит Мүсіреповтің «Ақлима» әңгімесін оқу (124-бет).

Талқылау сұрақтары

  • «Ананың құдіреті» деген сөз тіркесін қалай түсінесің?
  • Ата-анаға деген сүйіспеншілігімізді қалай білдіреміз?

3) Дәйексөз

Қыз ақылды ескермес, ана үлгісін көрмесе,
Ұл жарылқап ас бермес, әке үлгісін көрмесе.
Қорқыт

Дәйексөзді дәптерге жаздырып, дауыстап оқытылады. Оқушылардан мағынасын өз сөздерімен түсіндіру сұралады.

4) Видеоматериал

«Ата-анаға құрмет» тақырыбындағы бейнеролик көрсетіледі. Көргеннен кейін қысқаша пікір алмасу ұйымдастырылады.

5) Шығармашылық жұмыс (топтық жұмыс)

Тақырыбы: «Ата-анама хат»

Оқушылар ата-анасына арнап алғыс, құрмет, қамқорлық туралы ойларын хат түрінде жазады. Қалаған оқушы өз хатын оқып бере алады.

6) Топпен ән айту

«Ана туралы жыр»

Сөзі: Ғ. Қайырбеков • Әні: Ш. Қалдаяқов

Әлемнің жарығын, Сыйладың сен маған. Даланың әр гүлін, Жинадың сен маған. Сен бердің құстардың, Қанатын самғаған. Балалық құштарым, Өзіңе арнаған.

Қайырмасы

Әлдилеп аялап, Өсірген жемісің, Самал жел, сая бақ, Құшағың мен үшін. Есейіп кетсем де, Мен саған сәбимін. Көңіліңді көктемдей, Көзіңнен танимын.

Өтеуге борышым, Анашым, жан сырым. Іздедім сен үшін, Әлемнің асылын. Әлемнің байлығын, Сыйлар ем, кеш мені. Сыйлар ем ай, күнін, Қолыма түспеді.

7) Үй тапсырмасы

№20 сабақ: Б. Соқпақбаевтің «Менің атым Қожа» шығармасын оқып келу.

8) Соңғы тыныштық сәті

Тыныштық, тыныштық, Тыныштық, тыныштық. Бар жерде тыныштық, Тыныштық, тыныштық. Бүкіл әлемде.

Назар аударылатын негізгі ойлар

Құрмет

Ата-анаға алғыс айту, сөзбен және іспен қадір көрсету.

Қамқорлық

Жауапкершілікті бөлісу, үйде көмектесу, көңіл бөлу.

Сүйіспеншілік

Жылы қарым-қатынас, мейірім, тұрақты қолдау.