Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

Тіл мәртебесін ұлықтайық

Тіл — қоғамдағы қарым-қатынастың ең басты құралы. Қазақ тілі — дүние жүзіндегі ең бай, беделді әрі бейнелі тілдердің бірі. Осы құндылықты дәріптеу мақсатында «Тіл мәртебесін ұлықтайық» атты сайыс сабағы ұйымдастырылады.

Мақсаты

  • Ана тілінің қадір-қасиетін тануға, болашағына жанашыр болуға және өз үлесін қосуға тәрбиелеу.
  • Ұлы ақын-жазушылардың сөзін түсінуге, алған білімін дамытуға бағыттау.
  • Мақал-мәтелдерді орынды әрі тиімді қолдануға баулу.
  • Тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйрету; еркін сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
  • Ой ұшқырлығын арттыруға, Отанды қорғау ұғымын қадірлеуге баулу.

Сабақ форматы

Сабақтың түрі
Сайыс
Көрнекілігі
Слайд, интерактивті тақта
Әдісі
Іздендіру, сұрақ-жауап

Ереже және бағалау

  • Сайысқа әрқайсысы 5 адамнан құралған екі топ қатысады.
  • Әр кезеңнің шарты түсіндіріліп, әділқазылар бағалап отырады.
  • Ең жоғары ұпай — 5 ұпай.
  • Сайыс басталар алдында топ мүшелері реттік нөмірлерін белгілеп алады.

Сайыс барысы

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Құрметті ұстаздар, студенттер! Тіл — қоғамдағы қарым-қатынас құралы. Қазақ тілі — дүние жүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі. Бүгінгі «Тіл мәртебесін ұлықтайық» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Кезеңдер

  1. 1 Таныстыру
  2. 2 Білімді мыңды жығар (сұрақ-жауап)
  3. 3 Өнерліге өріс кең (өнер көрсету)
  4. 4 Мақал — сөздің мәйегі (мақалды жалғастыру)
  5. 5 Жеті жұрттың тілін біл (жұмбақ шешімін үш тілде айту)
  6. 6 Жаңылтпаш айту

1-кезең: Таныстыру

1-топ

———

2-топ

———

Сайысымыздың беташарын бастайық, көрерменді бір серпілтіп тастайық. Таныстырсын сайыскерлер өздерін, өнеріне ду қол соғып қостайық!

2-кезең: «Білімді мыңды жығар» (сұрақ-жауап)

Бұл кезеңде әр топқа 7 сұрақтан қойылады.

1-топқа сұрақтар

  1. 1. Жылататын да, жұбататын да не? Жауабы: Тіл
  2. 2. Қазақ тілі — мемлекеттік тіл, ал орыс тілі қандай тіл? Жауабы: Ресми тіл
  3. 3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл? Жауабы: Қазақ тілі
  4. 4. Қазақстан қандай мемлекет? Жауабы: Тәуелсіз мемлекет
  5. 5. Өлең жазатын адамды кім дейді? Жауабы: Ақын
  6. 6. Бес асыл істі ата. Жауабы: Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
  7. 7. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? Жауабы: 42