Көптік жалғауының қосымшаларын ата
Құрметті сайт қолданушылары, мен өз сабақтарымды осы платформада жариялап, сіздермен бөліскім келеді. Биыл 3 деңгейлік оқуға 3 ай қатысып, сертификат алдым. Сол оқу барысында жинаған тәжірибемді негізге алып өткізген сабақ жоспарларымды ұсынуды жөн көрдім.
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
- Сабақтың тақырыбы
- Зат есімнің көптелуі
- Фокус
- Көптік жалғауының мағыналық (семантикалық) сипаты және сөздерге дұрыс жалғануы
Жалпы мақсаты
Түрлі мәтіндерден көптік жалғауының семантикалық сипатын анықтай отырып, әртүрлі сөздерге көптік жалғауларын жалғап үйрену.
Оқу нәтижелері
- Көптік жалғауларының семантикалық сипатын анықтайды.
- Арнайы тапсырмалар арқылы сөздерге жалғауларды дұрыс жалғайды.
Міндеттері
- Алған білімді өмірде қолдану.
- Өздігінен шешім қабылдап, жұмыс істеуге дағдылану.
- Тапсырманы ұқыпты орындау, өз бетінше іздену.
Оқыту модульдері
Сабақта төмендегі бағыттар кіріктіріле қолданылады:
Әдіс-тәсілдер мен стратегиялар
Қозғалыс және сергіту
- Сергіту сәті
- «Алыптар мен ергежейлілер» ойыны
Талдау және ынтымақтастық
- «Миға шабуыл» стратегиясы
- «Ойлан, бірік, бөліс» стратегиясы
- Семантикалық карта
- «Кубизм» әдісі
Қайталау және бағалау
- «Ала доп» әдісі
- Рефлексия: өзін-өзі бағалау
- «Торкөзді талқылау» тәсілі
Қосымша жұмыс форматы
Тапсырмалар оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне, дәлелдеуіне және нақты қорытынды жасауына бағытталады.
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары
I. Кіріспе бөлім
5 минутКөңіл күй ахуалы: «Алыптар мен ергежейлілер» әдісі арқылы сергіту сәті өткізіледі.
Өткізу тәртібі
- Жүргізуші бірде қолын жоғары көтеріп, бірде төмен түсіріп, «алыптар» мен «ергежейлілерді» бейнелейді және соған сәйкес сөзді айтып тұрады.
- Кейде жүргізуші айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады.
- Қателескен қатысушы орнына отырады.
- Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.
II. Топқа бөлу
Оқушылар буын түрлері бойынша 3 топқа бөлінеді:
Ашық буын
Тұйық буын
Бітеу буын
III. Өткен сабақты қайталау
7 минут«Ала доп» әдісі арқылы үй тапсырмасы қайталанады. Сұрақтар:
- Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
- Жұрнақ пен жалғаудың түрлері мен қызметтері қандай?
- Көптік жалғауының қосымшаларын атаңыз. Жалғану ерекшелігін түсіндіріңіз.
- Қазақ тілі мен орыс тіліндегі зат есімдердің басты айырмашылықтары қандай?
- Үй тапсырмасын тексеру.