Асық иірім топ мүшелерінің сайысы
Информатикалық «Инфо-эрудит» ойыны: сценарий және тапсырмалар
Ал балалар, тыңдаңдар! Асығыстық қылмаңдар. Осы отырған мырзалар, назар салып қараңдар: компьютер сабағына арналған «Инфо-эрудит» ойыны басталады. Көрген де армандасын, көрмеген де армандасын — бос қарап жүргенше қызықтан тыс қалмаңдар!
Қатысушылар: ұстаздар, оқушылар, екі топ және жанкүйерлер
Light Mode • TailwindКіріспе
Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар және оқушылар, бүгінгі сайысымызға қош келдіңіздер!
Сайысты бастамас бұрын, әділ бағалау үшін екі сарапшы-оқушыны ортаға шақырамыз. Барлықтарыңызға сәттілік тілей отырып, І кезеңді бастайық.
І кезең. Таныстыру (10 балл)
Екі топ өздерін таныстырады: топ атауы, мүшелері, эмблемасы және атауының мағынасы.
І топ
Аты: Монитор
Мүшелері: көрсетіңіз
ІІ топ
Аты: Винчестер
Мүшелері: көрсетіңіз
ІІ кезең. «Келсең, кел!» — топбасшылар сайысы
Әр дұрыс жауап: 20 балл
-
1-сұрақ. Логарифм сызғышын кім жасады?
20 баллЖауап: 1617 жылы ағылшын ғалымы Д. Робертсон логарифм сызғышын жасады. Идеяны 1660 жылы И. Ньютон ұсынған.
-
2-сұрақ. Флеш-жады дегеніміз не?
20 баллЖауап: флеш-жады — мәліметтерді энергиядан тәуелсіз түрде қайта жазуға болатын жартылай өткізгіш негізіндегі компьютер жадының бір түрі.
-
3-сұрақ. Мәтіндік файлдың кеңейтілімі қандай?
20 баллЖауап: .txt
-
4-сұрақ. Қарапайым графикалық редакторды атаңыз.
20 баллЖауап: Paint
-
5-сұрақ. Кесте дегеніміз не?
20 баллЖауап: кесте — жолдар мен бағандардан тұратын, реттеліп берілген ақпарат.
-
6-сұрақ. Мәтінге объект кірістіру командасы қалай орындалады?
20 баллЖауап: Вставка → Объект
-
7-сұрақ. Аналитикалық машинаның жобасын жасаған кім?
20 баллЖауап: 1834 жылы ағылшын ғалымы Чарлз Бэббидж аналитикалық машинаның жобасын жасады.
-
8-сұрақ. Операциялық жүйе дегеніміз не?
20 баллЖауап: компьютер іске қосылғанда жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама.
-
9-сұрақ. Пікір дегеніміз не?
20 баллЖауап: жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау.
-
10-сұрақ. Санау жүйесі дегеніміз не?
20 баллЖауап: сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жиынтығы.
ІІІ кезең. «Асық иірім» — топ мүшелерінің сайысы
Кез келген топ мүшесі келіп асық иіреді. Асық қай ұпайға түссе, соған сәйкес сұраққа жауап береді: алшы — 5, тәйке — 4, бүк — 3, шік — 2 балл.
5 балдық сұрақтар
- Файл дегеніміз не? — бағдарламалық деректер және олардың бөліктері
- Деректерді сақтауға арналған құрылғы: жады
- 101 (екілік) саны ондық жүйеде қанша? 5
- АҚШ-тың IBM фирмасы дербес компьютерлерді қай жылдан бастап шығара бастады? 1980
4 балдық сұрақтар
- Ұялы телефондар қай жылдан бастап шықты? 1984
- Плейерлерде мәлімет сақтайтын бөлік: жады
- 101 (екілік) саны ондық жүйеде қанша? 5
- IBM фирмасы дербес компьютерлерді қай жылдан бастап шығара бастады? 1980
3 балдық сұрақтар
- Жанама мәзірді шақыру үшін нені қолданады? — тышқанның оң жақ батырмасы
- Файлдың аты неше бөліктен тұрады? 2
- ЭЕМ-де ақпарат қалай белгіленеді? — 0 және 1 сандарымен
- IBM фирмасы дербес компьютерлерді қай жылдан бастап шығара бастады? 1980
2 балдық сұрақтар
- Басты мәзір: Пуск батырмасы
- Архивтеу бағдарламаларын атаңыз: WinRAR, WinZip
- MS PowerPoint-ты қосу жолы: Пуск → Программы → MS PowerPoint (т.б.)
- Ақпараттың түрлері: дыбыстық, графикалық, сезім мүшелері арқылы қабылданатын
IV кезең. Сергіту сәті
І топ
Тақырып: «Егер мен информатик болсам…»
ІІ топ
Тақырып: «Егер мен мектеп директоры болсам…»
Екі топқа ортақ тапсырма
Егер сен мұғалім болсаң, бағалары 2 4 3 5 5 4 4 5 3 5 болған оқушының тоқсандық бағасын қалай қорытындылайсың?
V кезең. Жанкүйерлер сайысы
Дұрыс жауап берген топқа: +5 балл
-
1-сұрақ. 1644 жылы француз математигі Блез Паскаль 19 жасында қосу машинасын құрастырды. Машинаның аты қандай?
Жауап: Паскаль машинасы
-
2-сұрақ. 3 әке және 6 бала серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды. Әрқайсысына 6 алмадан тиді. Неше адам болған?
Жауап: 7 адам (1 атасы, 2 әкесі, 4 немересі).
VI кезең. «Тапқыр достар» (30 балл)
Графопроектор арқылы сөз көрсетіледі. Сол сөздің әріптерінен топ мүшелері жаңа сөздер құрайды және оларды компьютерде теріп жазады. Бұл кезең 30 баллмен бағаланады.
Берілетін сөз
Жүйелік блок
VII кезең. Қорытынды
Сарапшылар топтардың жинаған ұпайларын есептейді. Ең жоғары ұпай жинаған топ жеңімпаз атанып, марапатталады.