Өнер алды - қызыл тіл дейді халық
Курс туралы жалпы мәлімет
Түсінік хат
Ұсынылып отырған бағдарлама «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010–2020 жылдарға дейінгі» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатына сай әзірленген.
Тілде талай қызық бар. «Өнер алды – қызыл тіл» дейді халық. Өнердің де, білімнің де бастауы әрі қоғамдық қарым-қатынастың негізгі құралы болып табылатын ана тілімізде сан алуан сыр мен мән бар.
Мақсаты
Ана тіліміздің сөздік қоры бай, мағынасы терең, қолданысы оралымды тіл екенін пайымдап, тереңірек талдау арқылы көрсету.
Өзектілігі
Оқушылардың қатысымдық және тілдік қабілеттерін дамытуға, сауатты жазуға, өз ойын қазақ тілінде ауызекі сөйлеу мәнерінде анық жеткізуге бағытталады. Сонымен қатар грамматика саласы бойынша білімдерін кеңейтеді.
Негізгі бағдар
Қатысым, сауаттылық, ауызша және жазбаша тіл дамыту.
Міндеттері
- 1 Күнделікті өмірде қолданылатын қарапайым сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдануға үйрету үшін грамматиканы қызықты әрі жеңіл форматта ұсыну.
- 2 Тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, отбасы, жұмыс және басқа да салалар бойынша мәтіндер мен әңгімелерді талдап, ең қажетті лексикалық қорды жинақтау.
- 3 Тақырыптар мен сұхбаттардың мәнін түсіндіру арқылы коммуникативтік дағды мен біліктілікті қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
Қарапайым деңгейдегі оқу жетістіктері
1) Мәтінмен жұмыс
Мәтіндерді оқып, мағынасын болжайды, негізгі ойды анықтап, шешімін табады.
2) Ойын жеткізу және сауатты жазу
Өз ойын монолог түрінде ауызша немесе жазбаша жеткізеді; қысқа көлемді әңгіме құрастырады; сөйлемдерді сауатты жазады.
3) Тыңдалым және көрнекілікке сүйену
Көрген суреттер мен тыңдаған жағдаяттар бойынша мазмұнды түсінеді, өз пікірін білдіреді.
4) Сипаттау және мазмұндау
Әрекеттер мен құбылыстарды ауызша сипаттайды және мазмұндайды.