Ақпаратты шығару құрылғылары

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән / сынып
Информатика, 5-сынып
Сабақтың тақырыбы
Қызықты информатика
Сабақтың түрі
Дәстүрлі емес, сайыс сабақ
Сабақтың мақсаты

Ойын және сайыс элементтері арқылы оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, шапшаңдыққа, терең ойлауға, ұйымшылдық пен сыйластыққа тәрбиелеу.

  • Білімділік: өткен тақырыптарды еске түсіріп, білімді тереңдету.
  • Дамытушылық: есте сақтау және сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.
  • Тәрбиелік: ұқыптылыққа баулу, пәнге қызығушылықты күшейту.
Әдістер
Түсіндірмелі-иллюстративті, репродуктивтік, ой жинақтау, СТО әдістері.
Қолданылатын құралдар
Интерактивті тақта Презентация Үлестірмелі материалдар Постер

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Кіріспе шумақ

Информатика болашаққа бастайды,

Келешекке білім қуған жастарды.

Қадам басып XXI ғасырға,

Барлық әлем жаңалығын ұсынады.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Қызықты информатика» атты білімділік сайысына қош келдіңіздер.

Сайысты бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырамыз:

  1. ________________
  2. ________________
  3. ________________

Топқа бөлу және карточкалар

Оқушыларға компьютердің енгізу/шығару құрылғылары және ақпаратқа қатысты терминдер жазылған карточкалар таратылады. Осы карточкалар арқылы 2 топ құрылады:

1-топ

Компьютер тобы

2-топ

Ақпарат тобы

Карточкадағы сөздер

жүйелік блок монитор пернетақта тышқан сканер принтер колонкалар джойстик модем бит байт код ақпаратты сақтау ақпаратты өңдеу information таңбалы ақпарат бейнелі ақпарат

II. Сайыс кезеңдері

Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Әр кезең оқушылардың білімін, тапқырлығын және шапшаңдығын дамытуға бағытталған.

  1. 1-кезең

    Сөз тапқанға

  2. 2-кезең

    Инфо білім

  3. 3-кезең

    Ойлан, тап!

  4. 4-кезең

    Мені түсін

  5. 5-кезең

    Жылдам, тағы да жылдамырақ!

  6. 6-кезең

    Қиял әлемі

1-кезең: «Сөз тапқанға»

«Қиындықтан өткізер…» деп, сайысымыздың алғашқы бөліміне кезек береміз. «Қызықты информатика» атауына сай бұл кезеңнің маңызы зор: өмірде кездесетін қызықты сұрақтарға топқа берілген әріптен басталатын жауап айту қажет.

Бағалау

  • Толық жауап: 10 ұпай
  • Жартылай жауап: 5 ұпай

1-топ

Жауаптар «Қ» әрпінен басталады

2-топ

Жауаптар «Ж» әрпінен басталады

Кезең сұрақтары

1-топ («Қ»)

  1. Интернет не үшін керек?
  2. Саған ұнайтын компьютердің бағасы қанша?
  3. Кітапханадан қандай кітап алдың?
  4. Ноутбук сатып алғың келе ме?
  5. Agent-та кімге хат жазасың?
  6. Информатика пәні ұнай ма?

2-топ («Ж»)

  1. Компьютерді қалай өшіру керек?
  2. Принтердің бояуы бітсе, не істейсің?
  3. Компьютер не үшін керек?
  4. Вирусты қалай жоясың?
  5. Интернеттен не іздейсің?
  6. Саған ұнайтын ноутбуктің бағасы қанша? (Әділқазыларға қызықты бағаларды көрсетейік.)

2-кезең: «Инфо білім»

Бұл кезеңде оқушыларға «Ақпарат», «Компьютер», «Paint» тақырыптары бойынша сұрақтар ұсынылады. Әр тақырыпта 4 ұяшық бар: ұяшықтың ұпайы сұрақтың күрделілік деңгейіне сай есептеледі. Дұрыс жауап — таңдалған ұяшық ұпайына тең.

Ақпарат

  • 10 ұпай

    «Ақпарат» сөзі латынның қай сөзінен шыққан?

  • 20 ұпай

    Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазу.

  • 30 ұпай

    Ақпаратты жеткізу арналары.

  • 40 ұпай

    Адам қабылдайтын ақпарат түрлері.

Компьютер

  • 10 ұпай

    Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы.

  • 20 ұпай

    Дербес компьютердің негізгі құрылғылары жинақталған құрылғы.

  • 30 ұпай

    Компьютердің жұмысын басқарады және программадағы барлық командаларды орындайды.

  • 40 ұпай

    Ақпаратты шығару құрылғылары.

Paint

  • 10 ұпай

    Суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге арналған құрал.

  • 20 ұпай

    Суреттің бөлінген бөлігі.

  • 30 ұпай

    Тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйтын құрал.

  • 40 ұпай

    Paint сөзінің ағылшынша мағынасы.