География тақырыптық - күнтізбелік жоспар 6 - сынып(барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағаттан)Тақырыптың атауыКіріспе (3 сағат)1 Физикалық география нені оқытады, Жер туралы географиялық білімнің дамуы

6-сынып география пәні бойынша тақырыптық-күнтізбелік жоспар

Жалпы көлемі — 68 сағат, аптасына 2 сағат. Төменде бөлімдер мен сабақ тақырыптары ретімен берілген.

Кіріспе

3 сағат

  1. Сабақ 1

    Физикалық география нені оқытады. Жер туралы географиялық білімнің дамуы.

  2. Сабақ 2

    Саяхатшылар және зерттеушілер.

  3. Сабақ 3

    Табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру.

Жер бетінің жазықтықта бейнеленуі: план және карта

16 сағат

1-тақырып. Жер — Күн жүйесінің теңдессіз ғаламшары

1 сағат

  1. Сабақ 4

    Жердің Күн жүйесіндегі орны. Жердің пішіні мен мөлшерлері.

2-тақырып. Жергілікті жердің планы

7 сағат

  1. Сабақ 5

    Жер беті бейнесінің түрлері.

  2. Сабақ 6

    Масштаб. Қашықтықты өлшеу.

  3. Сабақ 7

    Азимут ұғымы. Жергілікті жерде және план бойынша бағдарлау.

  4. Сабақ 8

    Жер беті элементтерінің планда бейнеленуі.

  5. Сабақ 9

    Жергілікті жердің планын, топографиялық карталарды және сызбанұсқаларды оқу.

  6. Сабақ 10

    Жергілікті жердің планын түсіру: негізгі тәсілдер мен іс-әрекеттер.

  7. Сабақ 11

    №1 практикалық жұмыс: жергілікті жердің планын түсіру.

Географиялық карта

8 сағат

  1. Сабақ 12

    Глобус — Жердің моделі.

  2. Сабақ 13

    Географиялық карталар және олардың жіктелуі.

  3. Сабақ 14

    Глобустағы және географиялық картадағы градус торы. Географиялық ендік пен географиялық бойлық.

  4. Сабақ 15

    Географиялық координаталар ұғымы және координаталарды анықтау.

  5. Сабақ 16

    №2 практикалық жұмыс: бағыттарды және географиялық координаталарды анықтау.

  6. Сабақ 17

    Географиялық карталарда биіктіктер мен тереңдіктердің бейнеленуі.

  7. Сабақ 18

    Пландар мен карталардың маңызы. GLONASS, GPS және Galileo навигациялық жүйелерімен танысу.

  8. Сабақ 19

    Қорытындылау.

Жердің қабықтары

37 сағат

1-тақырып. Литосфера және жер қыртысы

9 сағат

  1. Сабақ 20

    Жердің құрылысы.

  2. Сабақ 21

    Тау жыныстары мен минералдардың жіктелуі.

  3. Сабақ 22

    Литосфералық плиталар туралы түсінік.

  4. Сабақ 23

    Жер қыртысының қозғалысы.

  5. Сабақ 24

    Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер.

  6. Сабақ 25

    Құрлықтағы таулар және олардың жіктелуі.

  7. Сабақ 26

    Құрлықтағы жазықтар және олардың жіктелуі.

  8. Сабақ 27

    Мұхит түбінің жер бедері.

  9. Сабақ 28

    Жер бетін шаруашылық мақсатта пайдалану және оны қорғау. №3 практикалық жұмыс: карта бойынша ірі таулар мен жазықтардың географиялық орны мен биіктігін, жекелеген нысандардың биіктігі мен географиялық координаталарын анықтау.

2-тақырып. Гидросфера

10 сағат

  1. Сабақ 29

    Гидросфера. Дүниежүзілік мұхит суының қасиеттері.

  2. Сабақ 30

    Мұхит суының қозғалыстары. І жартыжылдық бақылау жұмысы.

  3. Сабақ 31

    Мұхит ағыстары.

  4. Сабақ 32

    Мұхиттар мен теңіздердің адам өміріндегі маңызы. Мұхиттар мен теңіздерді қорғау.

  5. Сабақ 33

    Өзендер.

  6. Сабақ 34

    Көлдер.

  7. Сабақ 35

    Жер асты сулары.

  8. Сабақ 36

    Мұздықтар.

  9. Сабақ 37

    Жер беті суларын тиімді пайдалану және қорғау.

  10. Сабақ 38

    №4 практикалық жұмыс: бір су нысанына сипаттама беру.

3-тақырып. Атмосфера

14 сағат

  1. Сабақ 39

    Атмосфераның құрамы және құрылысы.

  2. Сабақ 40

    Атмосфераны зерттеу.

  3. Сабақ 41

    Атмосфераның маңызы. Атмосфераны қорғау.

  4. Сабақ 42

    Атмосфералық қысым.

  5. Сабақ 43

    Ауаның температурасы.

  6. Сабақ 44

    Ауадағы су буы.

  7. Сабақ 45

    Тұман және бұлт.

  8. Сабақ 46

    Атмосфералық жауын-шашын.

  9. Сабақ 47

    Жел.

  10. Сабақ 48

    Ауа райы.

  11. Сабақ 49

    Жердің Күнді айнала қозғалысының жарық пен жылудың таралуына әсері. Жылу белдеулері.

  12. Сабақ 50

    Климат.

  13. Сабақ 51

    Жердің климаттық белдеулері.

  14. Сабақ 52

    №5 практикалық жұмыс: өз өлкеңнің ауа райы туралы материалдарды өңдеу және талдау.

4-тақырып. Биосфера

4 сағат

  1. Сабақ 53

    Биосфера туралы түсінік.

  2. Сабақ 54

    Тірі организмдердің алуан түрлілігі және олардың таралу заңдылықтары.

  3. Сабақ 55

    Тірі ағзалардың Жер қабықтарына әсері.

  4. Сабақ 56

    Топырақ — биосфераның іргетасы.

Географиялық қабық

4 сағат

1-тақырып. Географиялық қабық — Жердің ерекше кешенді қабығы

4 сағат

  1. Сабақ 57

    Географиялық қабық — Жердің ерекше кешенді қабығы.

  2. Сабақ 58

    Экваторлық, субэкваторлық, тропиктік және субтропиктік белдеулер.

  3. Сабақ 59

    Қоңыржай, субполярлық және полярлық белдеулер. Биіктік белдеулер.

  4. Сабақ 60

    №6 практикалық жұмыс: өз өлкеңнің табиғат зонасына сипаттама беру.

Жердің қабықтары бөлімін қайталау

1 сағат

  1. Сабақ 61

    Жер табиғатындағы ғаламдық өзгерістер.

Жер бетіндегі адамзат

5 сағат

  1. Сабақ 62

    Жер халқы: саны, тығыздығы, демографиялық саясат.

  2. Сабақ 63

    Нәсілдер және нәсілдердің теңдігі. Халықтар. Н. Н. Миклухо-Маклайдың зерттеулері.

  3. Сабақ 64

    Елді мекендер және олардың картада бейнеленуі.

  4. Сабақ 65

    Дүниежүзінің саяси картасындағы мемлекеттер. №7 практикалық жұмыс: берілген координаталар бойынша кескін картаға мемлекеттерді және олардың астаналарын түсіру.

  5. Сабақ 66

    Қазақстан дүниежүзі картасында. ІІ жартыжылдық бақылау жұмысы.

Курсты қорытындылау

2 сағат

  1. Сабақ 67

    Туған өлкенің табиғат кешеніне саяхат.

  2. Сабақ 68

    Қорытынды жұмыстардың презентациясы.