Біреу - Қоян сөзіне сұрақ қояйықшы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән
Қазақ тілі
Сынып
2-сынып
Тақырып
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері (презентациямен)
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, СТО стратегиялары
Көрнекіліктер
Ребустар, кестелер, слайдпен жұмыс
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, математика
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; сөйлем ішінен таба білуге, дұрыс сұрақ қоя білуге; сөйлемдерді сөз таптарына талдай білуге үйрету.
Дамытушылық
Ойын түрлері арқылы ізденімпаздық қабілеттерін және ой-өрісін дамыту; түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық іскерлігін, есте сақтау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік
Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа, сауатты әрі көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Психологиялық дайындық
Мұғалімнің сөзі
Балалар — гүлім менің,
Балалар — күйім менің.
Балалар — нұр сыйлайтын,
Бүгінгі күнім менің.Балалар, сендерді қуат беретін шуақты күнге теңеймін! Осындай шуақты күннің төсбелгісін сыйлаймын.
Оқушылардың жауабы
Кеудеміздегі күн күлсін,
Бізге шуақ, нұр құйсын!
Мейірімді жан, өзіңмен,
Көңіліміз жайнап құлпырсын!
Осы жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.
III. Өткенді пысықтау
Сұрақтар
- Өткен сабақта біз қандай сөз табын өттік?
- Ережесін еске түсірейік.
- Мысал келтірейік.
Қорытындылау
Венн диаграммасы арқылы өткен тақырыпты қорытындылау:
Жалқы есім
…
Жалпы есім
…
IV. Мағынаны тану
1) Суретпен жұмыс
Суреттерге назар аударайық. Әр суреттегі заттардың санын анықтап, сұрақ қоямыз.
Мысал 1
Қоян — қояндар
- Бірінші сурет: неше қоян бар? Біреу.
- Сұрағы: Не?
- Екінші сурет: неше қоян бар? Үшеу.
- Сұрағы: Нелер?
Мысал 2
Қыз бала — қыз балалар
- Бірінші сурет: неше қыз бала бар? Біреу.
- Сұрағы: Кім?
- Екінші сурет: неше қыз бала бар? Үшеу.
- Сұрағы: Кімдер?
Сөздерді салыстырып оқимыз: айырмашылығы неде? Екеуі де қай сөз табына жатады? Зат есім.
Күні
Сәуірдің жиырма бесі
Тақырыбы
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
2) Пәнаралық байланыс: ана тілі
Ә. Дүйсенбиев туралы мәлімет: ол 1931 жылы Алматы облысы, Қарақастек өңірінде дүниеге келген. Балалар ақыны. Оның «Сыйлық», «Не деу керек?», «Қайырлы таң, балалар» сияқты өлеңдері бар. Өлеңдер жинақтары қырғыз, татар, украин тілдерінде де жарық көрген.
«Не деу керек?» өлеңін бір оқушы жатқа оқиды. Оқулықтағы 401-жаттығуда ақынның тағы бір өлеңі берілген.
3) Оқулықпен жұмыс
Өлеңді оқыту: бір оқушы оқиды, тақтаға әр жолын кезектесіп жазамыз.
Өлеңнен үзінді
Біздің ғалым ағалар,
Біздің ғалым апалар
Ашты жолды аспанға.
Әлі ұшамыз алысқа,
Алыс Айға, Марсқа.
Талдау
Қарамен жазылған сөздердің астын сызамыз да, түбір күйіндегі нұсқасымен салыстырамыз:
- аға — ағалар
- апа — апалар
Қорытынды
Зат есімнің екі түрі болады: жекеше және көпше.
Ереже
- Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздер — зат есімнің жекеше түрі: ата, құс, түйе.
- Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер — зат есімнің көпше түрі: аталар, құстар, түйелер.
V. Сергіту сәті
Аспанға қарап күн көрдік,
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.
Тақырыпты өмірмен байланыстыру: «Көрме» ұғымы
2012 жылдың қараша айы Қазақстан үшін ерекше мерейлі кезең болды: еліміз EXPO-2017 Дүниежүзілік көрмесін өткізу құрметіне ие болды. Бұл — 2017 жылы әлемнің көптеген мемлекеттері өз жетістіктерін Астанадағы көрме алаңына әкеліп, жаһандық деңгейде озық технологиялар мен сапалы өнімдер бақ сынады деген сөз.
Сұрақ
«Көрме» дегеніміз не? Бұл сөзді біз көбіне қай уақытта қолданамыз?
Жауап
Көрме — адамның ең жақсы жасаған жұмысын әкеліп, басқаларға үлгі ретінде көрсететін орын. Еңбек пен сурет сабақтарында да көрме ұйымдастырылады.
Жаттығулар және бекіту
4) Дәптермен жұмыс (402-жаттығу)
Көптік жалғауларының тиістісін қойып жаз: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер.
Ауданда суретші… жарысы өтті.
Бала… сурет салуды жақсы үйренген.
Жеңімпаз…ға сыйлық… тапсырылды.
5) Өзіндік жұмыс (ребус)
Ребусты шешіп, шыққан сөзді қатыстырып сөйлем құра.
Нұсқа
Ребуста ине, елік, терек суреттері беріледі.
Жауабы
Инеліктер
Сөйлем үлгісі
Инеліктер — ұшатын жәндіктер.
VI. Ой толғаныс
Топтастыру әдісі арқылы жаңа білімді жинақтау.
VII. Бекіту
Венн диаграммасы: жекеше — көпше.
Қорытынды бөлім
VIII. Үй тапсырмасы
405-жаттығуды орындау және ережені мысалдарымен бірге жаттау (133-бет).
IX. Бағалау
Оқушылардың сабақтағы белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау жүргізіледі.