Тірек білімдерін белсендіру
Көбейту мен бөлуге берілген есептерді шығару
Бұл сабақ көбейту мен бөлуді қолдана отырып есептер шығаруға, фигуралардың ауданын табуға, санның квадраты мен кубын көбейтінді түрінде жазуға және теңдеулерді шешуге бағытталған.
Мақсаты
- Білімділік: көбейту мен бөлуге берілген есептерді шығару, аудан табу, квадрат пен кубты көбейтіндімен алмастыру, теңдеулер шешу дағдыларын жетілдіру.
- Шеберлік: логикалық ойлауды, танымдық қабілеттерді дамыту; шығармашылықпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
- Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, шапшаң әрі қатесіз есептеуге тәрбиелеу.
Сабақ сипаттамасы
- Сабақ типі
- Білімді бекіту және бір жүйеге келтіру.
- Сабақ түрі
- Аралас сабақ.
- Әдістер
- Сұрақ-жауап, түсіндіру, қайталау.
- Көрнекілігі
- Слайдтар, дидактикалық үлестірмелер.
- Пәнаралық байланыс
- Әдебиеттік оқу, күнделікті өмір.
І. Ұйымдастыру кезеңі
- А) Сынып тазалығын тексеру.
- Ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Б) Психологиялық дайындық.
Психологиялық дайындық мәтіні
Математика керек әр күнге,
Математика қажет өмірде.
Математиканы оқимыз,
Миымызға тоқимыз.
Абай атамыз: «Математика – ғалымдар патшасы» деген. Математиканы меңгерсек, көп нәрсеге жол ашамыз; математикадан бейхабар болу – білімге немқұрайлы қараумен тең.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1) №6 тапсырма — теңдеулерді шешу
Топ 1
C · 2 = 40
C = 40 : 2 = 20
40 : a = 20
a = 40 : 20 = 2
x : 2 = 20
x = 20 · 2 = 40
Топ 2
C · 2 = 60
C = 60 : 2 = 30
60 : a = 20
a = 60 : 20 = 3
x : 2 = 30
x = 30 · 2 = 60
2) Тірек білімдерін белсендіру
- 1 Кез келген санды 1-ге көбейтсек, сол санның өзі шығады.
- 2 Санды сол санның өзіне бөлсек, 1 шығады.
- 3 Нөлді санға бөлгенде, 0 шығады.
- 4 Санды нөлге бөлуге болмайды.
- 5 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар — жұп сандар.
- 6 2-ге қалдықсыз бөлінбейтін сандар — тақ сандар.
- 7 Есепте қосу және көбейту болса, алдымен көбейтуді орындаймыз.
3) Математикалық диктант
ІІІ. Жаңа сабақ
Дәптермен жұмыс
Күні: 13 сәуір
Жұмыс түрі: Сынып жұмысы
Математика – ермек емес балалық,
Математика – көрегендік, даналық.
Математика – құрметтеуге лайық,
Кел, балалар, мұны жақсы ұғайық.
Жұмыс ырғағы
Есеп шығару барысында шартты талдау, амалдардың ретін сақтау, жауапты қысқа әрі дәл жазу талап етіледі.
Ал, достарым, келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Амалды орындап көріңдер.
№1 — Есеп
Шарты
Жоғары сынып: 64
Төменгі сынып: 4 есе кем
Сұрағы
Қанша оқушы артық қатысты?
Шешуі
64 − (64 : 4) = 64 − 16 = 48
Жауабы: жоғары сыныптан 48 оқушы артық қатысты.
№2 — Есеп
Шарты
Барлығы: 96 парта
1-мектепке: үштен бірі
2-мектепке: 1-мектептен 2 есе кем
Сұрағы
3-мектепке қанша парта берілді?
Шешуі
96 − (96 : 3) − (96 : 3 : 2) = 48
Жауабы: 3-мектеп 48 парта алды.
№3 — Тексеру
Көбейту нәтижелерін тексеру
- 3 · 9 = 27
- 8 · 5 = 40
- 7 · 10 = 70
Бөлу нәтижелерін тексеру
- 48 : 6 = 8
- 72 : 9 = 8
- 32 : 4 = 8
Мақалдар
- Шынықсаң – шымыр боларсың.
- Дене қимылы – дәрісіз ем, шыныға жүріп дертті жең.
Осыдан кейін сергіту жаттығулары орындалады.
№4 — «Кім тапқыр?» сайысы
Тік төртбұрыштың ауданы 96 см². Мүмкін болатын ұзындық пен ен жұптарын табыңдар.
1 см
96 см² : 1 см = 96 см
Жұп: 1 × 96
2 см
96 см² : 2 см = 48 см
Жұп: 2 × 48
3 см
96 см² : 3 см = 32 см
Жұп: 3 × 32
4 см
96 см² : 4 см = 24 см
Жұп: 4 × 24
6 см
96 см² : 6 см = 16 см
Жұп: 6 × 16
8 см
96 см² : 8 см = 12 см
Жұп: 8 × 12
№5 — Санның квадратын көбейтіндімен алмастыру
9² = 9 · 9
12² = 12 · 12
14² = 14 · 14
20² = 20 · 20
99² = 99 · 99
10² = 10 · 10
1² = 1 · 1
№5 — Санның кубын көбейтіндімен алмастыру
8³ = 8 · 8 · 8
15³ = 15 · 15 · 15
30³ = 30 · 30 · 30
1³ = 1 · 1 · 1
17³ = 17 · 17 · 17
9³ = 9 · 9 · 9
10³ = 10 · 10 · 10
Жылдам тест тапсырмасы
Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, квадрат пен куб тақырыбын бекітіңдер.
1. 6 санының квадраты неге тең?
- A) 216
- Ә) 36
- Б) 12
- В) 18
2. 8 санының кубын тап.
- A) 512
- Ә) 64
- Б) 24
- В) 16
3. 6 санының кубы неге тең?
- A) 36
- Ә) 216
- Б) 12
- В) 18
4. 7 санының кубы неге тең?
- A) 49
- Ә) 14
- Б) 343
- В) 2113
5. 4 санының квадраты неге тең?
- A) 8
- Ә) 12
- Б) 16
- В) 4
6. 3 санының кубын тап.
- A) 6
- Ә) 9
- Б) 28
- В) 27
7. Қандай санның квадраты 36-ға тең?
- A) 7
- Ә) 6
- Б) 5
- В) 4
8. 3 санының кубы неге тең?
- A) 6
- Ә) 9
- Б) 27
- В) 12
9. 10 санының квадраты неге тең?
- A) 100
- Ә) 1000
- Б) 10000
- В) 10
10. 8 санының квадраты неге тең?
- A) 16
- Ә) 32
- Б) 24
- В) 64