Әдептілік туралы мақал - мәтелдер айту
Топтамадағы сабақтар тізімі
- 1 «Шеше мен бала» — Ы. Алтынсарин
- 2 100 санымен таныстыру
- 3 Асқар Тоқмағанбетов — «Түлік туралы»
- 4 «Жылы және суық түстер» туралы не білесің?
Сабақтың тақырыбы
«Шеше мен бала» — Ы. Алтынсарин
Білімділік
Шығарма арқылы ана мен бала бейнесіне талдау жасап, мәтінді терең түсінуге және қызыға оқуға жетелеу.
Дамытушылық
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз пікірін дәлелдеуге дағдыландыру, көркем сөйлеуге және өзгенің пікірін құрметтеуге үйрету.
Тәрбиелік
Оқушыларды адамгершілікке, кішіпейілдікке және әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Тірек сызбалар, көрме материалдары, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Сабаққа дайындық, көңіл күйді қалыптастыру, назарды шоғырландыру.
II. Өткенді пысықтау
- Өлеңді жатқа айту.
- Деңгейлік тапсырмалар:
I топ
Тест орындау (5 оқушы).
II топ
Тыйым сөздер (4 оқушы).
III топ
Карточкамен жұмыс (4 оқушы).
III. Жаңа сабақ
1) Оқулықпен жұмыс
- Жаңылтпашты жаңылмай айтуға жаттықтыру.
- Мағынасын түсіндіріп, мысал арқылы көрсету.
2) Автор туралы қысқаша мәлімет
Ы. Алтынсарин — ұстаз, ағартушы, жазушы, ақын, аудармашы. Мектеп ашқан, хрестоматия жазған.
Ы. Алтынсарин есімімен көшелер мен мектептер аталады. Алматыда Ы. Алтынсарин атындағы Ғылым академиясы, сондай-ақ арнайы медаль бар.
3) Тақырыпқа кіріспе: «Ана» ұғымы
Анасын жырламаған адам жоқ. Төмендегі жұмбаққа жауап берейік:
Ақ сүт беріп аялаған,
Менен бәрін аямаған.
Жанашырым, саялаған,
Ол кім? — Аяулы анам.
Сендерді дүниеге әкелген кім?
«Ана — біздің күніміз» деген ойға пікір айтайық.
Ана бізге жарық дүние сыйлайды; түн ұйқысын төрт бөліп өсіреді; бар жақсылығын баласына арнайды.
4) Мәтінмен жұмыс
- Мәтінді мұғалім оқып береді.
- Оқушылармен бірге мазмұнын талдап, түсіндіру жұмысы жүргізіледі.
5) Сөздік жұмысы
- Тентек
- бұзақы, тентек мінезді.
- Сауап
- жақсылық жасағаны үшін берілетін игілік, жақсылық.
- Уәде
- ант, серт.
- Кемге
- арзанға, азға.
- Кемтарлықпен
- жоқшылықтан, тапшылықтан.
- Үнемді
- үнемшіл, үнемдей білетін.
- Сіңлі
- қарындас (туыстық атау).
6) Сұрақ-жауап
- Әңгімеге кімдер қатысады?
- Сіңлісінің сөзін мәтіннен тауып оқы.
- Әңгімедегі қай кейіпкер ұнады? Неліктен?
- Кейіпкерлердің іс-әрекеті қамқорлыққа жата ма?
- «Қамқорлық» сөзіне жуық мағыналы сөздерді ата.
«Қамқорлық» ұғымына жақын сөздер
7) Пікірталас
Оқушылардың пікірі тыңдалады: мәтіндегі оймен келісеміз бе? Неге?
8) Сергіту сәті
Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
9) Диалог ұғымын түсіндіру
Шығармадағы екі немесе бірнеше адамның өзара сөйлесуі диалог деп аталады.
10) Оқушылардың оқуы
Мәтінді рөлге бөліп, диалог түрінде оқыту.
11) Шығармашылық жұмыс
- «Ана» деген сөзді естігенде ойыңа не келеді?
- Ана туралы шағын шығарма жазу.
12) Сабақты бекіту
- Мәтіннің түрі қандай?
- Авторы кім?
- Кейіпкерлерін ата.
- Диалог деген не?
- Сөздік жұмысы: «тентек» сөзінің мағынасы.
- Қорытынды ой айту.
13) «Ғажайып қоржын»
Қоржыннан сұрақ таңдап, ауызша жауап беру.
- Ана туралы қандай мақал-мәтелдер білесің?
- Әдептілік туралы мақал-мәтел айт.
- Ана туралы білетін тақпақтарың бар ма?
- Анаңа қандай тілек айтар едің?
- Анаңа қандай сыйлық сыйлар едің?
- Анаңды сипаттап, мінездеме бер.
Қорытынды
Бағалау: оқушыларды мадақтау, білімін бағалау.
Үй тапсырмасы: мәтінді оқып келу.