Астана сөздің синонимі қандай сөз
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сынып
8-сынып
Тақырып
Астана
Мектеп
№10 мектеп-гимназиясы
Мұғалім: Кущанова Баянслу Байкушкаровна
Оқу мақсаттары
Айтылым
Ойын жеткізу барысында көрген және естіген мәліметтері туралы айту.
Тыңдалым
Мәтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну.
Оқылым
Көрген және естіген ақпараттар туралы мәтіндерді дұрыс оқып, түсіну.
Сабақ мақсаттары
Барлығы (A)
- Сөздерден сөйлем құрастырады.
- Мәтінді оқиды, тыңдайды және түсінеді.
Көбі (B)
- Сұрақтарға толық жауап береді.
- Тест тапсырмаларын түсініп орындайды.
- Сызба бойынша сөйлемдер құрастырады.
Кейбірі (C)
- Өз ойын 7–8 сөйлем көлемінде жеткізеді.
- Логикалық сұрақтарға жауап беріп, пікірін дәлелдей алады.
Жетістік критерийлері
Нәтиже
Оқушы Қазақстан қалалары туралы 7–8 сөйлем көлемінде айта алады.
Түсіну
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бере алады.
Тілдік мақсат және құндылықтар
Тілдік мақсат
Астана қаласы туралы тыңдау және көру арқылы айтылған ойды түсініп, оны өз сөзімен жеткізуге үйрену.
Құндылықтарды дарыту
- Еліміздің бас қаласы — Астана туралы білу және мақтан ету.
- Тақырып бойынша ақпаратты түсіну және оны қолдана алу.
Пәнаралық байланыс
Орыс тілі, тарих, география.
АКТ дағдылары
Интерактивті тақтаны қолдану.
Бастапқы білім
Қазақстанның ежелгі қалалары туралы білім (қазақ тілі сабағынан).
Алдыңғы тақырыпты бекіту: «Қазақстанның ежелгі қалалары»
Презентация тақырыбы
Отырар, Тараз, Түркістан.
Талқылау сұрақтары
- Қай жерде орналасқан? Қай жылы іргесі қаланған?
- Қаланың атауы қандай мағынаны білдіреді?
- Қандай тарихи ескерткіштері бар?
Миға шабуыл
Сабаққа назар аударту және қызығушылықты арттыру үшін интерактивті тақтадан бейнематериал көрсетіледі.
Сұрақтар
- Бұл бейнетаспадан не көрдіңіздер?
- Бейнематериалдың сабаққа қандай қатысы бар?
- Сендерге қандай ой келді?
Негізгі ой
Дұрыс, бұл — Астана, Қазақстанның астанасы. «Астана» сөзінің синонимдері: елорда, бас қала.
Бүгінгі сабақта Астана қаласы туралы сөйлеуге үйренеміз.
Жұмыс бағыты
1) Оқу
Мәтінмен жұмыс.
2) Түсіну
Мазмұнын анықтау, сұрақтарға жауап беру.
3) Жаңа сөздер
Қолдану және бекіту.
Мәтінмен жұмыс
Оқушылардың оқу қабілетін, қазақша сөйлеуін және қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталған сұрақтар:
Талқылау
- Мәтін не туралы?
- Мәтінді қалай түсіндіңіздер?
Мақсат
Тыңдалған және оқылған ақпаратты өз сөзімен жеткізу, ойды жүйелі түрде айту.
Жаңа сөздер
Сөздікті ашып, бүгінгі күн мен тақырыпты жазыңыз. Сабақта төмендегі сөздерді түсініп, жаттап алу қажет.
| Қазақша | Орысша |
|---|---|
| Елестету | представлять |
| Жағалау | побережье |
| Көрініс | вид |
| Асыл | дорогие |
| Құндылықтар | ценности |
| Ынтымақ | согласие, түсіністік |
| Бірлік | единство |
| Күш, қуат | сила |
| Болашағы | будущее |
Мәтін бойынша тапсырмалар
1-тапсырма
Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, шақтарын ажыратыңыз.
2-тапсырма
Мәтіннен синонимдерді теріп жазып, олармен сөйлем құрастырыңыз.
3-тапсырма
Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жазып, сөзге морфологиялық талдау жасаңыз.
Ескерту
Бұл жоспар Астана тақырыбын оқытуда тыңдалым, оқылым және айтылым дағдыларын бірізді дамытуға бағытталған. Сабақ барысында оқушылар жаңа сөздерді қолдана отырып, өз ойын дәл әрі жүйелі жеткізуге дағдыланады.