АристотельБұл кісінің есімі халық арасында бұрыннан - ақ әйгілі

Аристотель

Аристотельдің есімі халық арасында ежелден-ақ әйгілі. Ол өз дәуірінде адамзатқа қажет білімнің сан алуан саласы бойынша қалам тартып, терең ғылыми тұжырымдар жасаған.

Кейбір деректерде Аристотель 400 кітап жазды делінсе, енді бір мәліметтерде оның еңбектері 1000 кітапқа дейін жетеді.

Өмірбаяны және шыққан тегі

Ежелгі грек ойшылы Аристотель б.з.д. 384 жылы Стагир қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Никомах Македония патшасының тәуібі әрі жақын досы болған.

Әкесі Аристотельді жастайынан философия мен медицина негіздеріне баулып, жүйелі түрде білім берген.

Платон академиясындағы жылдар

17 жасқа толғанда Аристотель Платонның атақты Академиясына шәкірт болып қабылданады. Ол осы мектепте 20 жыл бойы үздіксіз оқып, Платоннан және өзге де грек ғұламаларынан ғылымның көптеген саласы бойынша тәлім алған.

Платон оған «Академияның ақылы» деген атақ берген.

Платон қайтыс болғаннан кейін Аристотель Афинадан басқа қалаға қоныс аударады. Сол жерде ол 39 жасында шаңырақ көтерген.