Жаралы жүректің сыздауынан артық ауырлық жоқ шығар
Іштегі үн: күлімсіреудің ар жағындағы шындық
Жүрегімдегі жараны шынайы күлкіммен жасыруға тырысамын.
Мұң-қайғыны сезінбейтін, түңілуді білмейтін тас жүрек болсам ғой.
Қатты жылағым келеді, бірақ тәкаппарлығым жібермейді.
Иә, маған ауыр. Алайда қиналғанымды ешкімге білдіртпес үшін, кеудемді тік ұстап жүруге тырысамын.
Кешіру мен босату: тыныштыққа апарар жол
Жүрегіңе тыныштық орнауы үшін — кешір. Босат.
Ішкі арпалыс
Жанның арпалысуы — Құдаймен тілдесудің белгісі.
Төзім
Мен шыдамдымын. Бірақ бұл — жаным ауырмайды деген сөз емес.
Үнсіз жылау: ешкімге білдірмей көтерген салмақ
Жылау — ешкім естіп қалмасын деп, үнсіз жылау. Мұның қаншалықты ауыр екенін білесіз бе?
Жараның ізі: жүректе қалған сызат
Бір кезде жараланған жүректе сызат мәңгіге қалады.
Жаның сыздағанда — жүрегің қан жылайды.
Жаралы жүректің сыздауынан артық ауырлық жоқ шығар.
Аспанға қарау: тыныштықты қайта табудың қарапайым әдеті
Жұлдыздарға жиірек қараңыз. Жүрегіңіз сыздап, жаныңыз тыныштық таппай тұрған кезде жұлдыздарға, ал күндіз көк аспанға қараңыз.
Мұңайған кезде, өкпелеген кезде, жолыңыз болмай жүргенде — таза ауаға жалғыз шығып, аспанға қараңыз.
Сонда жүрегіңізде тыныштық орнайды.
Мұңаймаңыз. Бір күні бақытты болатыныңызға сеніңіз.
Дайындаған: Жадыра