Ойыншықтар әлемі

Мақсаты

Балалардың ойыншықтар туралы түсінігін кеңейту, ойыншықтардың атауын атап, сипаттап айтуға үйрету. Ойыншықтар жайлы тақпақ айтқызу арқылы сөздік қорын байыту.

Білім беру саласы

Қатынас

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы

Ойыншықтар әлемі

Сабақ барысы

Амандасу

Тәрбиеші: Қайырлы таң, балалар!

Тәрбиеші: Балалар, бүгін ерекше күн. Бізге қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіздер ме?

Шаттық шеңбер

Біз ұқыпты баламыз.
Айтқан тілді аламыз.
Ойыншықтарды жинаймыз.
Үлкендерді сыйлаймыз.

Қайталау: «Көктем» тақырыбы

Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем мезгілі.

Тәрбиеші: Көктем мезгілі неше айдан тұрады?

Балалар: Үш айдан тұрады.

Тәрбиеші: Көктем айларын атаңдар.

Балалар: Наурыз, Сәуір, Мамыр.

Тәрбиеші: Көктемде қандай ерекшеліктер болады?

Балалар: Күн жылынады, жаңбыр жауады, ағаштар бүршік жарады, гүлдейді. Жерге көк шөп шығады. Адамдар жеңіл киінеді.

Негізгі бөлім: ойыншықтар туралы әңгіме

Тәрбиеші: Балалар, балабақшаға келгенде немен ойнайсыңдар?

Балалар: Ойыншықтармен.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Біздің топта ойыншықтардың алуан түрі бар. Ойыншықтар балалар үшін жасалған. Олар қатты және жұмсақ болып бөлінеді. Сендерге ойыншықтармен ойнау ұнай ма?

Балалар: Ұнайды.

Тосын сәт

Ойыншықтар әлемінен шар ұшып келеді. Тақтадан слайд көрсетіледі. Шардың ішінде хат және диск бар.

Хатта: «Дискіні ашып қараңдар. Балаларға ойыншықтар туралы мағлұмат беріледі. Ойыншықтар туралы тақпақтарыңды айтып беріңдер», — деп жазылған.

Қорытындылау тапсырмасы

Балалар әртүрлі ойыншық түрлерін көріп, оларды сипаттады. Бұл — жай ғана ойыншықтар емес, «сиқырлы ойыншықтар»: олар дұрыс қарағанды, ұқыптылықты және әдемі сөйлеуді үйретеді.

Ойыншықтар туралы тақпақтар

Динара

Жауынды күн болды,
Қоян әбден тоңды.
Ұмытып досы оны,
Су болды беті-қолы.

Айбар

Жақсы көрем қонжықты,
Маған қымбат ол тіпті.
Түсіп қалса құлағы,
Тігемін алып ақ жіпті.

Мирас

Мысық мырза, жүрмеші,
Ары-бері секіріп.
Бөпем тәй-тәй басады,
Сенен қорқып қашады.

Інжу

Добым, добым домалақ,
Қайда кеттің домалап?
Секіртейін, келе ғой,
Маған билеп бере ғой.

А. Амина

Қуыршағым, қуыршақ,
Мендегі бір құлыншақ.
Тек ауырма, өтінем,
Бар бұзықты кешірем.

Ж. Амина

Пай-пай, менің күшігім,
Әдемісі ай түсіндей.
Қылығыңа қайранмын,
Тұмсығыңнан айналдым.

Сергіту сәті

«Көңілді күн» (слайд арқылы).

Қорытынды

Тәрбиеші: Ойыншықпен не істейміз?

Балалар: Ойнаймыз.

Тәрбиеші: Ойыншықтар бізге ренжімеу үшін не істеуіміз керек?

Балалар: Оларды лақтырмаймыз, сындырмаймыз, жуамыз.

Тәрбиеші: Біздің топта әр ойыншықтың өз орны бар. Ойнап болғаннан кейін ойыншықтарды жинап, орнына қоямыз. Ойыншықтарымыз таза болса, олар бізге «ренжімейді».

Оқу қызметі осымен аяқталды. Балалардың барлығы белсенді қатысып, тапсырмаларды жақсы орындады. Сау болыңыздар!