Ұжым сөзі бүгінгі біздің сабағымызға қажетті сөз

Сабақтың тақырыбы

Сөйлем және сөйлем түрлері (нәтиже сабағы).

Мақсаты

  • Сөйлем, сөйлем түрлері және сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін пысықтау.
  • Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын байыту.
  • Ұйымшылдыққа, бірлікке, татулыққа баулу және бірлесе еңбек етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Қайталау сабағы

Сабақтың әдістері

Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, талдау, ойын элементтері, СТО стратегиялары.

Көрнекіліктер

Карточкалар, сөзжұмбақ, интерактивті тақта, смайликтер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырып, сабаққа дайындығын тексеру.

Психологиялық ахуал

Бәріміз бір топпыз,

Жалқаулыққа жоқпыз.

Аянбай еңбек етеміз,

Мұратымызға жетеміз.

(Ортаға дөңгеленіп тұрып, көзімізді жұмып, қол ұстасып бірге қайталаймыз.)

Мен, Қазақстан Республикасының азаматы, өз ана тілімде сөйлеп, оны құрметтеуге уәде беремін.

(Одан кейін орындарына жайғасады.)

II. Үй тапсырмасын тексеру

Ой шақыру: сұрақ-жауап арқылы өткен тақырыптарды еске түсіреміз.

  1. 1 Сөйлем дегеніміз не?
  2. 2 Жай сөйлем дегеніміз не?
  3. 3 Жай сөйлем айтылу мақсатына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
  4. 4 Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
  5. 5 Сөйлем мүшелерін атаңыз.
  6. 6 Тұрлаулы мүшелерді атаңыз.
  7. 7 Тұрлаусыз мүшелерді атаңыз.
  8. 8 Жай сөйлемнің түрлерін атаңыз.

III. Жаңа сабақ

Сөзжұмбақ шешу

Берілген сөздердің қазақша баламаларын тауып, сөзжұмбақты шешеміз:

  • 1

    Аккуратный

  • 2

    Устав

  • 3

    Малый

  • 4

    Выгодный

Қорытынды сұрақ

Ерекше торкөзден шыққан сөз қандай? Бұл сабақта негізгі тірек сөз ретінде «ұжым» ұғымына назар аударамыз.

Тақырыптық ой-түйін

Бірлік жоқ болса — ұйым жоқ,

Ұйым жоқ болса — күнің жоқ.

Қазір сіздер де шағын ұжым болып отырсыздар. Сондықтан ұранға сай ұйымдаса әрекет етіп, бірлесе еңбек ету маңызды. Бүгінгі жұмысқа сәттілік!

1-тапсырма

3 топқа 3 сөз беріледі. Дыбыстық талдау жасау ережесін еске түсіріңіздер.

Кәсіп Бірлік Еңбек

2-тапсырма

Интерактивті тақтамен жұмыс: ережені толықтырып, дұрыс нұсқасын табыңыз.

Нұсқау:

Бос орындары бар сөйлемдер мен анықтамаларды толықтырып, жауапты дәлелдеңіз.

3-тапсырма

Карточкамен жұмыс: әр топқа бір сөйлем беріледі. Синтаксистік талдау жасаңыз.

Сөйлем 1

Бүркітті балық аулауға да үйретеді.

Сөйлем 2

Мұхитта жыланбалық деген балық болады.

Сөйлем 3

Жыланбалықтың тамағы мыңдаған долларға бағаланады.

Автор туралы мәлімет

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Круглоозерный орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Әйіп Л. Ш.