Атырау қаласы, Атырау облысы, 9 мектеп информатика пәні мұғаліміОразгалиева Айман ТыныштыққызыСабақтың тақырыбы
Сабақ туралы мәлімет
- Өтетін орны
- Атырау қаласы, Атырау облысы
- Мектеп
- №9 мектеп
- Пән
- Информатика
- Мұғалім
- Оразғалиева Айман Тыныштыққызы
- Тақырып
- Алгоритм типтері
- Сабақ түрі
- Аралас сабақ
- Сабақ типі
- Жаңа материалды түсіндіру
- Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта, презентация, таратпа карточкалар
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдерді түсіндіру арқылы оқушыларды күнделікті өмірдегі әрекеттерге алгоритм құра білуге үйрету.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін, компьютерлік сауаттылық пен іскерлікті, танымдық белсенділікті және логикалық сауаттылықты дамыту; пәнге қызығушылықты арттыру.
Тәрбиелік
Тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбекқорлыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Топқа бөлу: сызықтық, тармақталу, циклдік.
II. Үй жұмысын тексеру
- 1. Алгоритм дегеніміз не? Бұл сөз қайдан шыққан?
- 2. Алгоритмнің қандай қасиеттерін білесіңдер?
- 3. Алгоритмді жазу жолдары қандай?
- 4. Блок-схема деген не?
Үй тапсырмасын бекіту: «Фишбоун» әдісі. Әр топқа балық қаңқасы түріндегі постер таратылады. Топ мүшелері өз тақырыбына байланысты түсінгенін, қорытындысын және негізгі ұғымдарды постерге түсіріп, сынып алдында қорғайды.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Есептерді шешу алгоритмдерінің көптүрлілігіне қарамастан, есептеу процесінің негізгі үш түрін бөлуге болады:
- Сызықтық алгоритм — бірнеше команданың тізбектеле орындалуы.
- Тармақталған алгоритм — шартқа байланысты бір немесе бірнеше команданы таңдау.
- Циклдік алгоритм — шартқа тәуелді түрде немесе берілген шарт орындалғанға дейін командалардың қайталануы.
Сызықтық алгоритм
Командалары бірінен кейін бірі тізбектеле орындалатын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады.
Мысал
«Мектепке жиналу» алгоритмі
- БасыҰйқыдан тұру
- Жаттығу жасау
- Жуыну
- Киіну
- Таңғы ас ішу
- Сөмкені жинақтау
- Соңы
Тармақталған алгоритм
Тармақталған алгоритм — шартқа байланысты әрекеттердің бірін таңдап орындайтын алгоритм. Оны жазудың екі түрі бар: толық және толық емес.
Толық емес түрі (мысал)
Егер жауын басылса, онда қолшатырды жабамыз.
Толық түрі (мысал)
Егер жауын басылса, онда қолшатырды жабу, әйтпесе қолшатырды жаппау.
Циклдік алгоритм
Қоршаған ортадағы көптеген процестер белгілі бір тәртіппен қайта-қайта қайталанып отырады. Қайталану командалары бар алгоритмдер циклдік деп аталады.
Мысалдар
- Апта күндерінің ауысуы: дүйсенбі–жексенбі.
- Ауа райының маусымдық ауысуы.
Қайталау санының алдын ала белгілі немесе белгісіз болуына қарай цикл екіге бөлінеді:
- Арифметикалық цикл — қайталау саны алдын ала белгілі.
- Командалық (итерациялық) цикл — орындалу саны белгісіз.
Арифметикалық цикл туралы
Арифметикалық цикл практикада жиі қолданылады. Мысалы, дене шынықтыру сабағында алаңды бірнеше рет айналып жүгіру қажет. Ол алдын ала шарты бар циклге жатады және мынадай қадамдармен орындалады:
- 1.Шарт тексеріледі.
- 2.Шарт ақиқат болса, циклдің барлық командалары орындалады.
- 3.Циклдің соңына келгенде шарт қайта тексеріледі (1-қадам қайталанады).
- 4.Шарт ақиқат емес болғанда, циклден шығылып, келесі әрекеттерге өтеді.
Қорытынды
Бұл сабақта алгоритмнің негізгі үш типі қарастырылды: сызықтық, тармақталған, циклдік. Мақсат — әр оқушының күнделікті әрекеттерін де алгоритм ретінде көре білуі және оны нақты қадамдарға бөліп жаза алуы.