Малта өлеңінің авторы

Мақсаты

1) Білімді толықтыру және негізгі ойды түсіну

Оқушылардың Ы. Алтынсарин туралы бұрынғы білімдерін жаңа мәліметтермен толықтыру, мәтіндегі негізгі ой мен идеяны ұғындыру.

2) Ойлау дағдыларын дамыту

Оқушының ойлау, қиялдау, елестету, іздену әрекеттерін қалыптастыру. Сөздік қорын молайтып, өз ойы мен пікірін еркін айтуға, көзқарасын дәлелдеп үйренуге машықтандыру.

3) Тәрбиелік бағыт

Балаларға Ыбырай атаның өмірін үлгі ету, білімді, ақылды, ізденімпаз болуға тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдістері

Сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу, топпен жұмыс

Стратегиялар

Көрнекілік, талқылау, бес жолды өлең, алма-кезек оқыту, топтастыру, болжау

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, мақал-мәтелдер, портреттер, сызбалар, суреттер, С. Мәуленовтің портреті

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру: «Қырдан келген жас қазақ»

1) Мазмұнын ашуға арналған сұрақтар

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы негізгі ойды нақтылау.

2) Бөлімдерге бөліп әңгімелеу (топтық жұмыс)

  • Шоқан барған оқу орны (Кадет корпусы)
  • Шоқанның ұстаздары
  • Потанин мен Шоқан арасындағы достық
  • Шоқан — данышпан

III. Үй жұмысын қорытындылау

I топ

Мәтінге сүйеніп, Шоқанға мінездеме беріңдер.

II топ

«Биік төбеге шықсаң көзің ашылады, жақсымен сөйлессең көңілің ашылады» мақалын Шоқан өмірімен байланыстыруға бола ма? Дәлелдеңдер.

IV. Жаңа сабаққа дайындық

Осындай ойы биік, пікірі терең, білімді тұлғалар қазақ арасында көп. Бүгінгі сабақ сондай тұлғалардың бірі туралы болады.

V. Ой қозғау

Суреттерге назар аударыңдар. Олар туралы не айта аласыңдар?

  • Молдадан хат тану
  • Ыбырай Алтынсарин мектебі
  • Қазіргі мектеп
  • 2030 жыл: мектеп қандай болады? (Болжау)

Қазақ даласында алғаш мектеп ашып, балаларды оқу-білімге шақырған кім? — Ы. Алтынсарин.

VI. Поэзия минуты

Ы. Алтынсариннің өлеңдерін еске түсіру: оқушылар жатқа өлең оқиды.

VII. Сөзжұмбақ

Сөзжұмбақты шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы анықталады.

Сұрақтар:

  1. Абылайдың Қабанбайға қойған аты.
  2. Қазақтың ұлы, заңғар ақыны.
  3. «Малта» өлеңінің авторы.
  4. «Еркек тоқты — құрбандық, атам десең атыңдар!» — желтоқсан құрбаны.
  5. «Халқымыз бізді қонаққа жіберген жоқ. Майданға халық бақытын қорғауға жіберді» — бұл сөзді айтқан қазақ батыры.
  6. Абайдың анасы.
  7. Б. Майлиннің шығармасы.
  8. Аяқталмай қалған ән.
  9. «Дүниенің төрт бұрышын тірей туған ұл» — кімге қатысты айтылған?
  10. М. Әуезовтің атасы.
  11. Жорықтарда жолы болып, жеңіске жетіп жүрген ақжолтай батыр.

Олай болса, бүгін біз С. Мәуленовтің «Дала жұлдызы» әңгімесімен танысамыз.

Автор туралы: С. Мәуленов

С. Мәуленов 1922 жылы Торғай облысының Жанкелдин ауданында дүниеге келген. Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері. «Ақкөл», «Ізгілік», «Өмірімдей өзімнің» және басқа да шығармалардың авторы.

VIII. Жаңа сабақ

1) «Алма-кезек оқыту» стратегиясы

Мәтінді кезектесіп оқу арқылы түсінікті тереңдету.

2) Тауып оқу

Мәтіннен қажетті үзінділерді табу, дәлел ретінде қолдану.

3) Сөздік жұмысы

  • Қос — (түсіндірме жұмыс жүргізіледі)
  • Ағартушы — (түсіндірме жұмыс жүргізіледі)

4) Бөліктерге бөлу және ат қою

Әр бөлікке ат қойып, неліктен олай аталғанын дәлелдеу.

Қосымша дерек: Ы. Алтынсарин

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Торғай даласында туған. Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болғандықтан, атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өседі. 1864 жылы 8 қаңтарда мектеп ашып, мұғалім болады.

5) «Ойлан» кестесі: әңгімелерін еске түсіру

«Аурудан аяған күштірақ» «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» «Бай баласы мен жарлы баласы» «Әке мен бала» «Таза бұлақ» «Асыл шөп»

6) Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы зейінді қайта шоғырландыру.

IX. Дамытушылық тапсырма

«Ы. Алтынсарин кім?» (топтастыру)

Тұңғыш ағартушы
Тамаша ұстаз
Аудармашы
Жазушы
«Дала жұлдызы» тұлғасы
Мұғалімдер дайындаған педагог
Тұңғыш хрестоматияның авторы

X. Қорытынды

1) Сұрақ-жауап, талқылау

«Жалғыз еменнен мыңдаған бұтақ тарады. Жарық жұлдыздың төңірегіне мыңдаған жұлдыз жиналып, шоғырланып, жарық нұрын шашты».

Осы ойды қалай түсінесіңдер? Пікір алмасып, дәлел келтіріңдер.

2) Шәкірттері туралы

Ы. Алтынсариннің шәкірттері мен ықпалы туралы әңгімелеу: С. Көбеев, А. Байтұрсынов.

«Еңбекпен ел көгерер» «Екі балықшы» «Керіскеннің кесірі келесіңді кетірер» «Ата насихаты» «Тірліктің күші бірлікте»

3) Шығармашылық тапсырма: мақал-мәтелдермен жұмыс

  1. Азбайды, тозбайды — ақыл, білім.
  2. Білім бітеді басқа, бітеді қына тасқа.
  3. Аты өлмейді жақсының, ғалымның өлмейді хаты.
  4. Адам бала болатын — қарайды алысқа.

4) Болашаққа болжам: «Мұғалім болсам...» (топтастыру)

батыл тапқыр қарапайым табандылық іскер әдепті мейірімді төзімді талғампаз шыншыл әділ биязы

5) «Бес жолды өлең»

Тақырып: Ұстаз.

XI. Үй тапсырмасы

  • Еңбек, оқу, білім туралы мақал-мәтелдер жинау.
  • Ы. Алтынсарин туралы қосымша дерек жинау.
  • Мәтінді оқу және мазмұндап әңгімелеу.