Суреттердің сөздерін тап
Сабақ тақырыбы: Төрт-түлік мал (2-сынып)
Бұл жоспар 2-сынып оқушыларына арналған жаңа сабақ ретінде құрастырылған. Сабақ ойын, сұрақ-жауап және түсіндіру әдістері арқылы оқушылардың тілін дамытуға, есте сақтау қабілетін күшейтуге және үй жануарларын қадірлеуге бағытталған.
Сабақтың мақсаты
- Жаңа сөздер арқылы сөздік қорды кеңейту, сөздерді байланыстырып сөйлем құрастыру.
- Фонетикалық жаттығулар арқылы дыбыстарды анық айтуға үйрету.
- Ойлау, ойын және есте сақтау қабілетін дамыту; математикамен байланыстыру.
- Үй жануарларын, қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу; ата-баба нақыл сөздерінің мағынасын түсіндіріп, есте сақтауға баулу.
Көрнекілік пен ресурстар
- Үй жануарларының суреттері
- Сөзжұмбақтар
- Жаңа сөздер жазылған карточкалар
- Үлестірме материал
- «Қуырмаш» суреті
Ұйымдастыру
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Әдістер
Ойын, сұрақ-жауап, ойландыру, түсіндіру
Оқыту формалары
Жұптық жұмыс, жеке жұмыс, топтық жұмыс
Пәнаралық байланыс
Орыс тілі, әдеп, дүниетану
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Күнтізбелік сұрақтар арқылы сабаққа назар аударту.
Үлгі сұрақ-жауап
- Қазір қандай жыл мезгілі?
- Көктем.
- Көктем айлары қандай?
- Наурыз, сәуір, мамыр.
- Қазір қандай ай?
- Сәуір.
- Бүгін аптаның қай күні?
- Сәрсенбі.
- Кім сыныпта жоқ?
- ________________ жоқ.
II. Негізгі кезең
Оқушылар үй жануарлары әлеміне «саяхат» жасайды. Парталарда жатқан фигуралар арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.
Өте жақсы
Дөңгелек
Жақсы
Төртбұрыш
Дұрыс емес
Үшбұрыш
1) Фонетикалық жаттығу — «Жаңғырық» (2 минут)
Мұғалім көрсеткен суреттегі сөзді оқушылар қатты, орташа, төмен дауыспен айтады.
Мысал: «Түйе» — қатты / орташа / өте төмен дауыспен.
2) Диалог айту (жұппен)
«Үй жануарлары» тақырыбы бойынша алты оқушы жұптасып диалог айтады.
Ойын — «Дауысын салайық»
Мұғалім суретті көрсетеді, оқушылар жануардың дыбысын салады.
- Мысық: мәу-мәу-мәу
- Ит: ау-ау-ау
- Сиыр: мө-мө-мө
3) Тапсырма — «Суреттердің сөздерін тап»
Бір жағында суреттер, екінші жағында сөздер беріледі. Оқушылар сөздерді тиісті суреттің астына орналастырады.
III. Жаңа сабақ
1) Төл атаулары
Үй жануарларын еске түсіріп, олардың төлдерінің атауларымен танысу.
| Жануар | Төлі (баласы) |
|---|---|
| Түйе | Бота |
| Жылқы | Құлын |
| Сиыр | Бұзау |
| Қой | Қозы |
| Ешкі | Лақ |
| Ит | Күшік |
| Мысық | Марғау |
2) Ойын — «Төлдер»
Оқушылар жануарлардың төлдерін қалай шақыратынын буындарды созып оқу арқылы үйренеді. Кейін әр оқушы тақтаға шығып, жануарды және оның төлін дұрыс сәйкестендіреді: дұрыс тапқан оқушы бірінші болып шығады.
Сиыр: әу-кім, әу-кім → бұзау
Жылқы: құ-ру, құ-ру → құлын
Түйе: маһ-маһ → бота
Ешкі: шө-ре, шө-ре → лақ
Қой: ман-ман, ман-ман → қозы
Қорытынды: жануарлар төлдерін осылайша өзіне шақырады.
3) Әр түліктің пірі туралы
Оқушылар әр түліктің пірі бар екенін біліп, шағын өлең жолдары арқылы танысады (тақтаға кезекпен шығып оқиды).
Кіріспе
Әндерінен төрт түлік,
Сен де танып білесің:
Әр түліктің пір тұтып,
Табынатын иесін.
Қой
Шопан ата — ием, деп
Маңырайды көк қозым.
Ешкі
Бақырады лағым:
Сексек ата, — деп өзім.
Жылқы
Кісінейді құлын кеп:
Қамбар ата — бұл мен! — деп.
Сиыр
Зеңгі баба — тегім, деп,
Мөңірейді бұзауым.
Түйе
Ойсылқара — елім, деп,
Қоймас бота боздауын.
4) Сөзжұмбақ
Оқушылар сөзжұмбақты шешіп, үй жануарлары мен төл атауларын бекітеді.
Берілген әріптер үлгісі
ҚАН • АТ • ЗЫ • ҰҚ • ЗАУ • АШ • ОБ • ҚО • ЛЫН • БҰ • ҚО
5) «Бұл қандай сөздер?»
Түсіп қалған әріптерді тауып, сөздерді толықтыру.
Үлгілер
Т..е, с..р, ж...ы, қ.й, е..і, б...у, қ...н, қ.....н, б..а.
IV. Қорытындылау
Оқушыларға парақша арқылы өз бетімен орындалатын тапсырмалар беріледі. Сабақ соңында фигуралар саналып, қалыптастырушы баға шығарылады.
Өздік жұмыс
- Суреттің астына атауларын жаз.
- Сөзжұмбақты шеш.
Кері байланыс
- Сабақ сендерге ұнады ма?
- Қандай жаңа сөздер үйрендіңдер?
- Қай ойын қызық болды?
Автор туралы
Ахметова Айгүл Қайратовна — қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Мектеп-гимназия КММ.