Балалардың мереке туралы ұғымдарын кеңейту
Тақырыбы: Туған күнің құтты болсын, балақай! Ойын-сауық кеші
ҰОІӘ мақсаты
- Балалардың мереке туралы ұғымдарын кеңейту.
- Туған күнді мереке ретінде көтеріңкі көңіл сыйлай білуге үйрету, жақсы тілектер айту дағдысын дамыту.
- Сөздік қорын молайту.
- Балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, ауызбіршілікке және достыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын, тақпақтар айту, билеу, саусақ моторикасына арналған жаттығулар, өлеңдер орындау.
Керекті құралдар
Үнтаспа, шарлар, теледидар, әдемі торт, майшамдар, жұмсақ ойыншықтар, доптар, қыстырғыштар, шелектер, жеміс-жидектер.
Ойын-сауықтың барысы
Шаттық шеңбер
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Судай мөлдір, таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастаймыз!
Тәрбиешінің кіріспе сөзі
Тәрбиеші
Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын. Қане, бәріміз келген қонақтармен амандасайық.
Балалар
Сәлеметсіздер ме!
Көңілді шақыру өлеңі
Алақай-ау, алақай!
Айтыңдаршы, балақай,
Тобымызда бүгін
Туған күні кімнің?
Толысады ойымыз,
Азаяды ойынымыз.
Өйткені біз күн санап
Өсіп келе жатырмыз.
Тәрбиеші туған күн иелерін төрге шақырады. Балалар қол шапалақтап, қошемет көрсетеді.
Туған күн иелері
Балалар
Туған күндерің құтты болсын!
Тәрбиеші
Құтты болсын бүгінгі туған күнің,
Әрдайым күлімсіреп жүрсін жүзің.
Жасыңа жас қосылып, өсе берші,
Өмір саған әрқашан төксін нұрын!
Жылы лебіз
Осы сәтте балалар туған күн иелеріне өз тілектерін айтып, достарын қуанышқа бөлейді.