Құтты болсын мерекең, Құтты болсын берекең
Ашық тәрбие сағатының сипаттамасы
Алматы облысы, Талғар қаласындағы №7 мектеп-лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дарменқұлова Ғалия ашық тәрбие сағатын өткізеді.
Сабақтың тақырыбы: «Еңбексүйгіштік, адалдық пен білімділік – “Мәңгілік ел” ұлттық идеясының құндылықтары».
Сабақтың мақсаты
- Отаншылдыққа, елжандылыққа, ұлттық патриотизмге тәрбиелеу.
- «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында білім беру үдерісіне «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу.
- Қоғамда қазақстандық патриотизм идеясын дамыту.
- Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан жетістіктерін насихаттау; басты құндылықтарды — тәуелсіздік, бейбітшілік, келісімді нығайту.
- Оқушылардың Отан алдындағы азаматтық жауапкершілігін сезінуіне ықпал ету.
Қажетті көрнекіліктер
Тәрбие сағатының барысы
Кіріспе және құттықтау
1-жүргізуші
Армысыздар, құрметті оқушылар!
2-жүргізуші
Құтты болсын мерекең,
Құтты болсын берекең.
Құтты болсын айтады,
Ақ әже бізге кең екен.
Ата-ана құттықтауы
Ата-ана ортаға шығып, Білім күнімен және жаңа оқу жылымен құттықтау сөз айтады.
Өлең-жырмен өрілген тілек
1-жүргізуші
Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні – бұл.
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні – бұл.
2-жүргізуші
Тілім, дінім, әдет-ғұрып, салт-санам —
Асыл мұрам, ата-бабам сақтаған.
Басқа байлық мақсат емес мен үшін,
Мен солардан бақыт табам, бақ табам.
1-жүргізуші
Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Қуанышың құтты болсын, қымбаттым,
Алдыңнан ақ күн тусын, алыбым!
Мұғалім сөзі
Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде замана жүгін қайыспай көтеріп, тәуелсіздік көшін алға жетелеген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қажырлы еңбегі мен сарабдал саясатының нәтижесінде Қазақстан әлемдік кеңістікте іргелі елге айналғаны белгілі.
Дәйексөз
«Садағаң кетейін, халқым! Сенің мүддең жолында бойдағы қуат, ойдағы нәрдің бәрін сарп етуге бейілмін».
Оқушылардың өлеңдері
1-оқушы
Тілім, дінім — баға жетпес байлығым,
Төрт құбылам түгел жанмын, сайлымын.
Көрші елдерді мойындатты көк туым,
Ата жұрттың асқақтатып айбынын.
2-оқушы
Маған соның өзі жетеді себебі,
Қанша ғасыр армандадым мен оны.
Бодандықтан бостандыққа талпынған,
Тәуелсіздік — барша жұртқа керегі.
3-оқушы
Егемендік еді менің бар ойым,
Өрге бастар өршіп тағдыр, талайым.
Өз үйіңде өлең төсеп дем алсаң,
Бұдан асқан бақыт бар ма, ағайын?!
4-оқушы
Сия да көк, көтерген байрақ та көк,
Сенімменен келемін алға жүріп.
Туым мен ұлымды сақтағын деп,
Жаратқаннан сұраймын жалбарынып.
5-оқушы
Азаттықтың қадамын құтты етелік,
Баласы бабасындай қуса жолды.
Рухымды ұрпағым тік көтеріп,
Бірін-бірі төмендетпей тұрса болды.
Ән
Хор «Менің Қазақстаным» әнін орындайды.
Отан туралы ой
1-жүргізуші
Ежелден дана халқымыз: «Отансыз адам — ормансыз бұлбұл» деп бекер айтпаған. Отан туралы ұғымды көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу — аманат.
2-жүргізуші
Адамның тағдырына жазылған Отаны — елмен, таным-түсінікпен астасып, үлкен ұғымға айналатын қасиет. Сол арқылы адам өз парасаты мен пайымын танытады.
1-жүргізуші
Отанымның баға жетпес байлығы мен әсемдігі мені әрдайым таңғалдырады: Қазақстанның солтүстігіндегі көрікті қайыңдар, оңтүстігіндегі жайқалған егін алқаптары, Алатаудың кербез шыңдары — бәрі де көздің жауын алады.
«Мәңгілік ел» және стратегиялық бағдар
Елбасы білім, ғылым, экономика, технология, бизнес және күнделікті тұрмыс сапасына қатысты ойларын «Мәңгілік ел» идеясында жинақтаған. Бұл тұжырымдар «Қазақстан – 2050» стратегиясында жарияланғанымен, олардың ұзақ жылдар бойы ой елегінен өтіп, елдің санасында орныққаны анық.
Мемлекеттік қайраткердің ұстанымдары шығармашылық еңбектерінен және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбаттарынан көрінеді. «Қазақстан – 2050» стратегиясы — елдің ұзақ мерзімді мақсатын айқындап, сол арманға жетудің нақты жолдарын көрсететін бағдар.
Негізгі түйін
Бұл еңбек қазақ елінің мәңгілік ғұмыры мен ұрпақ сабақтастығын баянды ету идеясын нығайтуға бағытталған.
Ел тарихы мен рухына тағзым
1-жүргізуші
Қазақ жері — қонақжай төрлер жері,
Қазақ елі — қас сақтай ерлер елі.
Елі кедей болмаған — жері байтақ,
Едігедей, Бабырдай шерлер елі.
2-жүргізуші
Қазақ жері көп шеккен қасіретті,
Қазақ елі — өнерлі, өсиетті.
Египетті билеген Бейбарыстың
Елі текті, киелі, қасиетті.
Ән
Хор «Атамекен» әнін орындайды.
2-жүргізуші
Алаулаған жанарыңнан нұр тамып,
Бүгін сені күллі дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді көгіңде,
Әнұраның әлемде тұр шырқалып.
Қорытынды бөлім
Викторина
Оқушыларға викториналық сұрақтар қойылады.
Қорытынды
Ашық тәрбие сағаты түйінделіп, негізгі ойлар мен құндылықтар қайталанады: еңбексүйгіштік, адалдық, білімділік, тәуелсіздікті қадірлеу, бейбітшілік пен келісімді сақтау.