Әлем - тапырық жердің беті іріңдеп

Жүсіпбек Аймауытов өлеңі

Жаз келді
Күн жылынып, қар да еріп дүрілдеп,
Сай - саладан сулар ағып, күрілдеп,
Ой мен қырда басқызбайды сар балшық.
Әлем - тапырық жердің беті іріңдеп.
Аспан жүзі ұшпалы бұлт сәуірдің
Жылы желі бетті сүйген тәуір күн.
Қыс қысылған көтерем мал жалғыздап,
Тұс - тұсынан шығып жатыр ауылдың.
Аунап - қунап ауасына сағынған,
Ызғар, суық ақ кебіннен арылған,
Ойдым - ойдым қара жерге көз ойнап,
Бәрі бірдей басын қойып жабылған.
Шаруалар да қуанышты күлімдеп
Ептеп өтті алты аяғы қыс күнім деп,
Балалар да лек - лек болып доп қуған,
Жалаң аяқ, жалаң бас жүр дірілдеп.
Мал да, адам да не бар жандық мәз болды,
Қатар түзеп, үйрек, аққу, қаз келді.
Жердің жүзін бейне ұжмаққа теңейтін
Алақай, алақай-ау, жаз келді.

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
9 сынып оқушысы Рашитова Рашиля



Ұқсас жұмыстар

Жарақаттан естен тану туралы түсінік
Жер сілкінісі
Жылқының сақау ауруы
Қабыну, оның этиологиясы, морфологиясы және патогенезі
Хирургиялық инфекция
Амилоидоз (мәні, себептері, амилоидозды анықтау әдістері)
Жұқпалы емес аурулар
Жарақаттар
Абцесс(этиологиясы,клиникасы,емі)
Бұқаның кеуде аяғының тендовагинитін емдеуге арналған ауру тарихы
Қазақстан — әлемдік қоғамдастықтың белсенді мүшесі
Әлемдік валюталық нарықтар түсінігі
Алматы әлемдегі табиғаты таза, сұлу қалаға айналу керек туралы
МTV парақтарының бастапқы беті
Кәзіргі Заманғы Әлемдік дамудың күрделі мәселесі
Алматы әлемдегі табиғаты таза, сұлу қалаға айналу керек
Әлемдік нарықтық механизімнің артықшылықтары мен кемшіліктері
Әлемдік социологияның дамуындағы классикалық кезең
Жердің пішіні және көлемі
Жер қорының және топырақтың пайдаланылуының әлемдік тәжірбиелері