Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайлар
Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі
Бұл сабақта оқушылар жануарлардың алуан түрлі екенін, олардың негізгі топтарын және тіршілік етуіне қажетті жағдайларды жүйелі түрде меңгереді. Сабақ құрылымы сұрақ-жауап, ой қозғау, түсіндіру, оқулықпен жұмыс және топтастыру сияқты әдістерге сүйенеді.
Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап, ой қозғау
- Түсіндіру, әңгімелеу
- Оқулықпен жұмыс, көрнекілік
- Топтастыру, шығармашылық тапсырмалар
Көрнекіліктер мен байланыс
- Интербелсенді тақта
- Жануарлардың суреттері: бақа, торғай, ешкі, сазан, шыбын, жылан, кірпі, қоян, ақкіс, борсық, аю және т.б.
- Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға жануарлар дүниесінің әртүрлілігін түсіндіру; жануарлардың топтарға бөліну ерекшеліктерін меңгерту арқылы білімін тереңдету.
Дамытушылық
Оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу; ой-өрісін кеңейтіп, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік
Жануарлар мен өсімдіктерге қамқорлық жасап, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық:
1, 2, 3 — сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз, сабақты біз бастаймыз.
2) Үй тапсырмасы: «Өсімдіктердің тіршілігі» бөлімін қайталау
Сұрақтарға жазбаша жауап беру және жауаптарды талдау.
Қайталау сұрақтары
1. Өсімдік — тірі ағза.
2. Өсімдіктер 3 топқа бөлінеді: ағаш, бұта, шөп.
3. Өсімдік тіршілігіне қажет жағдайлар: ауа, су, жарық, жылу, қорек.
4. Өсімдік мүшелері: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс.
5. Жеміс түрлері: құрғақ және шырынды жемістер.
6. Өсімдіктер құнарлы топырақта жақсы өседі.
7. Өсімдіктің көбею жолдары: тұқымнан, пиязшықтан, түйнектен, сабақтан.
8. Маусымдық өзгерістерді дұрыс сәйкестендіріңдер:
- Күзде жапырақтар түседі.
- Көктемде өсімдіктер көктеп шығады.
- Жазда өсімдіктер пісіп жетіледі.
- Қыста өсімдіктердің өсуі баяулайды (тыныштық кезеңі).
3) Үй тапсырмасын бекіту
Өсімдік — табиғаттың бір бөлігі. Оны қорғау — әр адамның азаматтық борышы.
Жануарларды атпаймыз,
Жасыл шөпті баспаймыз.
Табиғатты қорғаймыз,
Ағаштарды сындырмаймыз.
4) Жаңа сабақ: жануарлар дүниесінің алуан түрлілігі
Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі. Жер бетінде жануарлардың түрлері өте көп. Ғалымдардың зерттеуі бойынша жануарлардың шамамен 2 миллионға жуық түрі белгілі.
«Жануар» атауы парсы тіліндегі «джан-джанвар» сөзінің құрамындағы джанвар бөлігінен тараған; мағынасы — жануарлар әлемі, яғни тірі мақұлықтар дүниесі.
Жануарлар 6 негізгі топқа бөлінеді:
Қосмекенділер
Құрлықта да, суда да тіршілік етеді.
Құстар
Көпшілігі ұшады, қауырсынмен қапталған.
Сүтқоректілер
Төлін сүтімен қоректендіреді.
Балықтар
Суда тіршілік етеді, жүзеді.
Бунақденелілер
Денесі бунақтардан тұрады.
Жорғалаушылар
Бауырымен жорғалап қозғалады.
Оқулықтағы суреттермен жұмыс
Мысалдар (топқа жіктеу)
- Бақа — қосмекенділер (шамамен 4000 түр).
- Торғай — құстар (шамамен 8600 түр).
- Ешкі — сүтқоректілер (шамамен 5000 түр).
- Сазан — балықтар (шамамен 20 000 түр).
- Шыбын — бунақденелілер (шамамен 700 000 түр).
- Жылан — жорғалаушылар (шамамен 8000 түр).
Үй жануарлары
Суреттен үй жануарларын атау: ит, сиыр.
Еске түсіру тапсырмасы
«Аңдардың күзгі тіршілігі» тақырыбы бойынша борсық, аю, ақкіс, қоян туралы білімдерін жаңғыртып, олардың немен қоректенетінін әңгімелеу.
Күзгі тіршілік: қысқа диалогтар және қорегі
Борсық
«Жапырақ арасына тығылып қалыппын. Қоңызды әрең таптым! Күз түскені осы ғой. Семіруім керек...»
Қорегі: бунақденелілер, шөп.
Аю
«Жидек те тәтті! Енді ара балы, құмырсқа табылса ғой... Апанды жылы етіп дайындау керек, қыста ұзақ ұйықтаймын.»
Қорегі: жидек, ара балы, құмырсқа, балық.
Ақкіс
«Тышқандар менен қашып құтыла алмайды!»
Қорегі: тышқандар.
Қоян
«Мен азық жинамаймын. Әзірге жейтін шөп бар. Қыс та жақындады, тонымды ауыстыруым керек.»
Қорегі: өсімдіктер.
Мәтін бойынша қорытынды: қоректенуіне қарай топтастыру
Жыртқыштар
Мысық, ит, ақкіс, қасқыр, жолбарыс.
Өсімдікқоректілер
Жылқы, қой, сиыр, қоян, аю.
Жәндікқоректілер
Кірпі, борсық.
5) Дәптермен жұмыс: жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайлар
Адам мен өсімдік сияқты жануарларға да бес түрлі жағдай қажет. Сол жағдайлардың бірі болмаса, жануарлардың тіршілік етуі қиындайды.
6) Сергіту сәті
Құстарға біз ұқсайық,
Қане, қанат жазайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
7) Шығармашылық жұмыстар (топтық тапсырмалар)
1-топ
Жануарлардың мекенін анықтап, сәйкестендіріңдер (сызып көрсетіңдер).
- Ара — кәрез (ара ұясы)
- Торғай — ұя
- Аю — апан
- Түлкі — ін
- Әтеш — тауық қора
- Жылқы — ат қора
2-топ
Жануарларды тиісті тобына сәйкестендіріңдер.
Қосмекенділер
Бақа
Жорғалаушылар
Жылан, кесіртке
Балықтар
Сазан, шортан
Құстар
Қарға, тоқылдақ
Бунақденелілер
Маса, ара, көбелек
Сүтқоректілер
Жылқы, ешкі
3-топ
Жануарларды тіршілік ету ортасына қарай үй және жабайы жануарлар деп топтастырыңдар.
Үй жануарлары
Ит, мысық, сиыр, түйе, жылқы, қой.
Жабайы жануарлар
Жолбарыс, аю, түлкі, сілеусін, қасқыр.
8) Сабақты қорыту (сұрақтар)
- Жануарлардың негізгі топтарын атаңдар.
- Қандай жануарларды өсімдікқоректілер дейді?
- Қандай жануарларды жыртқыштар дейді?
- Қандай жануарларды жәндікқоректі жануарлар дейді?
- Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайларды атаңдар.
9) Үйге тапсырма
- Мәтінді оқу, мазмұнын түсініп айту.
- Бір жануардың суретін салып, оның тіршілігін сипаттап жазу.
10) Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен топтық жұмыстардағы белсенділігіне қарай бағалау жүргізіледі.