Сөз тіркесін тап
Сабақтың тақырыбы
Синтаксис. Сөз тіркесі. Тарау бойынша қайталау (I бөлім).
Түрткі сұрақтар
- Морфология дегеніміз не?
- Тілімізде қанша сөз табы бар?
- Етістіктің шақтары дегеніміз не? Шақтар нешеге бөлінеді?
- Етістіктің райлары дегеніміз не?
- Есімше дегеніміз не? Жұрнақтары қандай?
- Көсемше дегеніміз не? Жұрнақтары қандай?
- Тұйық етістік қай жұрнақ арқылы жасалады?
Сөз тіркесі: анықтама
Толық мағыналы кемінде екі сөздің өзара сабақтаса байланысып, бірінің екіншісіне бағына байланысуын сөз тіркесі деп атаймыз.
Құрылымы
Бағыныңқы сөз → Басыңқы сөз
Мысалдар
- темір → балға
- боз → інген
- бес → ешкі
- сол → сәт
- тез → жүгірді
Сөз тіркесінің түрлері
Есімді сөз тіркесі
Басыңқы сыңары есім сөзден жасалады.
- жаңа киім
- айтуға құмар
- оның екеуі
Етістікті сөз тіркесі
Басыңқы сыңары етістіктен жасалады.
- жақсы сөйледі
- кеше келді
- тез жүгірді
Сауалнама
-
1) Сөз тіркесін тап.
- A) ала доп
- B) су жүрек
- C) жиырма тоғыз
-
2) Сөз тіркесінің неше түрі бар?
- A) 5
- B) 4
- C) 2
-
3) Басыңқы сыңары зат есімнен болған сөз тіркесін тап.
- A) өткелден өт
- B) кең бөлме
- C) домбыра тарт
-
4) Етістікті сөз тіркесін тап.
- A) екі сиыр
- B) жоғары шық
- C) бұл кітап
-
5) Қайсысы бағыныңқы–басыңқы сыңардан тұрады?
- A) тұрақты тіркес
- B) тіркесті сөз
- C) сөз тіркесі
-
6) Басыңқы сыңары неден жасалған? «Бұл кім?»
- A) жіктеу есімдігі
- B) етістік
- C) сұрау есімдігі
-
7) Сөз тіркесінің белгісі қандай?
- A) зат, құбылыстың атауы болу
- B) толық мағыналы кемінде екі сөздің тіркесуі
- C) түбір күйіндегі сөздер ғана тіркесе алады
-
8) Қайсысы сөз тіркесі емес?
- A) сұрақ қой
- B) кілт тоқтады
- C) он бес
Жауаптары
- 1) A
- 2) C
- 3) B
- 4) B
- 5) C
- 6) C
- 7) B
- 8) C
Үй тапсырмасы
I тапсырма
«Мейірімділік» тақырыбына эссе жазу.
II тапсырма
Ережелерді жаттау.
Автор туралы
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Тұрғызба ауылы, №4 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Анесова Құрма Көпенқызы.
Тақырып: Синтаксис. Сөз тіркесі.