Біз хайуанаттар бағында зебралармен кездестік
Сабақ туралы мәлімет
- Сабақтың тақырыбы
- Ө дыбысы мен әрпі
- Сабақтың типі
- Жаңа материалды меңгерту
- Сабақтың түрі
- Серуен сабақ (хайуанаттар бағына саяхат)
- Сабақтың әдіс-тәсілдері
- Сұрақ-жауап, тіл дамыту, қайталау
- Көрнекіліктер
- Қима әріптер, компьютерлік слайдтар, Ө әрпінің баспа және жазба түрлері
- Пәнаралық байланыс
- Дүниетану
Сабақтың мақсаты
-
1
Өтілген дыбыстарды қайталау және Ө әрпімен таныстыру.
-
2
Сөздерді дұрыс оқу дағдыларын қалыптастыру, танымдық қабілеттерін арттыру.
-
3
Табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ барысы: хайуанаттар бағына серуен
I. Ұйымдастыру
Мұғалім: «Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақ апайлар келді. Қане, амандасайық».
Оқушылар: «Саламатсыздар ма!»
II. Сабақтың мақсатымен таныстыру
Бүгін біз хайуанаттар бағына серуенге шығамыз. Жолай аңдардың тапсырмаларын орындай отырып, өткен дыбыстарды қайталап, жаңа дыбыспен танысамыз.
Ендеше, автобусқа отырып, хайуанаттар бағына барайық. Жеткенше әдептілік сақтап, тыныш отырамыз.
Хайуанаттар бағына келдік. Кіру үшін кассадан билет алуымыз керек. Билет алу үшін тапсырмаларға жауап береміз.
1-тапсырма. Өтілген дыбыстарды қайталау
Қайталау үшін дыбыстар:
2-тапсырма. «Әріп тастамақ» ойыны
Оқушыларға әріптер таратылады. Әр оқушы өзіне түскен дыбыстан басталатын сөз ойлап айтады.
Мақсат: дыбысты тану, сөздік қорды дамыту, сөйлеуді белсендіру.
3-тапсырма. Аюмен кездесу: бағандағы сөздерді оқу
Аю бізден бағандағы сөздерді мәнерлеп оқуды сұрайды.
4-тапсырма. Қасқырдың өтініші: мәтінді оқу
Қасқыр бізден мәтінді оқып беруді сұрады.
Атам ауылда малшы. Атамның аты — Әлімжан. Ағамның аты — Әділ. Інімнің аты — Әмір. Әділ мал суарады. Атам саты жасады. Әмір ән салды.
Тапсырма өте жақсы орындалды. «Жарайсыңдар!»
Жаңа сабақ: Ө дыбысы мен әрпі
A) Сурет бойынша сұрақ
Суреттен не көріп тұрмыз? — Өрік.
Ә) Ой қозғау
Өрік туралы не білеміз? (Оқушылар өз ойларын айтады.)
Б) Дыбысты анықтау
Өрік сөзін бастап тұрған дыбыс — Ө.
В) Дыбыстау
Ө — дауысты дыбыс, созып (әндетіп) айтуға болады.
Г) Дыбыстық талдау
«Өрік» сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз (дәптермен жұмыс).
Ғ) Ұқсастығы
Ө әрпі О әрпіне ұқсайды.
Д) Жазылуы
Ө әрпін жазу: жолдың ортасынан бастап, қолды солға қарай иіп, төменгі сызыққа түсіреміз де, жоғары көтере отырып оңға қарай түзу сызық жүргіземіз. (Ауада 1–2–3 деп жазып көрсетеміз.)
5-тапсырма. Түлкінің жұмбақтары
Түлкі қандай аң? — Қу, айлакер аң.
- Тамақта жоқ, өңеште бар. Қалашта жоқ, көмеште бар. (Ө әрпі)
- Көгеріп көп болады, сарғайып жоқ болады. (Өсімдік)
Жұмбақтардан Ө дыбысы бар сөздерді тауып оқимыз: өңеш, көмеш, көгеріп.
Сергіту сәті: қоянмен бірге
«Бармақ болып тоғайға,
Сұр көжегін жуынды...»
Бағанадағы сөздерді оқу
Сөздік жұмысын жүргіземіз.
6–7-тапсырмалар. Зебрамен мәтін оқу
Хайуанаттар бағында зебралармен кездестік. Олар мәтінді бірге оқуды ұсынды.
Мәтін: «Шырын»
- Жеке оқушыларға оқыту.
- Тізбек бойынша оқыту.
III. Сабақты қорытындылау
Маймылдың сұрағы: «Шырын неден жасалады?»
Шырын жеміс-жидектердің сөлінен жасалады.
Мысалы: алма, алмұрт, анар, жүзім, шие, өрік, апельсин, лимон, шабдалы және т.б.
Серуеніміз аяқталды. Хайуанаттар біздің белсенділігімізге риза болды.
Оқушыларды мадақтау: жұлдызшалар таратылады.