Қалай өтесің

Тренинг тақырыбы

Адам өміріндегі эмоцияның рөлі және оның түрлері.

Мақсаты

  • Балаларға әр адамның жеке тұлға екенін, әркімнің өзінше ерекше екенін ұғындыру.
  • Балаларды өздеріне сырт көзбен қарауға үйрету, ішкі жан дүниесі мен тәні туралы түсінігін қалыптастыру.
  • Зейінін, сөйлеуін, өз ойын еркін жеткізуін, сондай-ақ коррекциялық қимыл мен белсенділігін дамыту.

Көрнекілігі

Интерактивті тақта Стикерлер

I. Қатысушылармен танысу

Әр қатысушы төмендегі сызба бойынша қысқаша ақпарат береді:

Сұрақтар

  • Атың (есімің) қандай?
  • Сені еркелеткенде қалай атайды?
  • Есіміңді кім қойды?

II. Тренингтен күтілетін нәтиже

Қатысушылар өз күтулерін стикерге жазып, ортақ талқылауға ұсынады.

Ашықтық Қуаныш Әртүрлі ақпарат алу

III. Тренинг ережелері

Тапсырма: ұсынылған ережелердің ішінен ең маңызды 3 ережені таңдап, топ болып бекітіңіздер.

Ортақ қағида

Тренингтің ережесі мен шарттары барлығына бірдей.

Қауіпсіз орта

Ешкім ешкімге ренжімейді: бір-бірімізге қателесуге және оны түзетуге мүмкіндік береміз.

Қолдау

Басты мақсат — бір-бірімізге көмектесу.

Құпиялылық

Айтылған ақпаратты сыртқа шығармаймыз.

IV. Сергіту: дене тілі арқылы эмоцияны көрсету

Мақсат: дене тілі арқылы адамның эмоционалдық күйін тану және білдіру дағдысын дамыту.

Иық

«Мен білмеймін» дегенді иық қимылымен көрсет.

Арқа

«Мен өте қарт адаммын» дегенді арқаңмен көрсет.

Саусақ

«Бері кел» дегенді саусағыңмен көрсет.

Бас

«Иә» және «жоқ» дегенді бас қимылымен көрсет.

Мимика туралы

Балалар, біз бәріміз әртүрліміз: көзіміз, шаш үлгіміз, жасымыз да әр басқа. Бірақ бір жағдайда бәріміз ұқсаймыз: көңілді болсақ — күлеміз, көңілсіз болсақ — жылаймыз. Бұл адамның ішкі жан дүниесін көрсетеді.

Адамның ішкі сезімінің сыртқы көрінісін бет-әлпет арқылы аңғаруға болады. Мұны мимика дейміз. Мимика — бет әлпеттің тілі, ал көңіл күй — адам жанының көрінісі.

Жағымды эмоциялар

Бақыт, қанағаттану, келісу, қуану.

Жағымсыз эмоциялар

Көңілсіздік, қайғы, стресс және т.б.

V. «Суреттер бізге не дейді?»

Эмоция түрлерін ажырата алу қабілетін анықтауға арналған жаттығу. Қатысушыларға әртүрлі эмоцияны білдіретін суреттер көрсетіліп, олар қандай сезімді білдіретінін айтады.

VI. Рөлге ену жаттығуы

Мақсат: мимика және пантомимика арқылы көңіл күйді білдіру дағдысын қалыптастыру.

А) Арқан бойымен жүру

Сен цирк акробаты емессің, бірақ жерден биікте тартылған арқан бойымен жүріп өтуің керек. Сол сәтте бойыңды қандай сезім билейді? Рөлге ен де көрсет.

Ә) Оттан өту

От ыстық, айнала өртеніп жатыр. Қалай өтесің? Қандай сезімде боласың? Көрсет.

Б) Желім жағылған еденнен өту

Бір бөлменің еденіне толықтай желім жағылған. Сол бөлменің бір шетінен екінші шетіне өтуің керек. Қалай өтесің? Көрсет.

В) Шөл далада жүру

Шөл далада айналада қызарып тұрған күннің астында құм күйіп жатыр. Қалай жүресің? Қандай сезімдер бойыңды билейді? Көрсет.

Г) Өзен жағасында жүру

Ыстық күні өзен жағасында салқын су ішінде жүрсің. Қандай сезімде боласың? Көрсет.

VII. Әңгімеден үзінді

Енді сендерге Дастан деген баланың басынан өткен оқиғаны айтып берейін. Бірде Дастан әжесіне қонаққа келді. Аулаға шықса, сол ауланың балалары ойнап жүр екен. Олармен танысқысы келген Дастан балаларға жақындап: «Сәлем! Мен Дастанмын. Мен сендермен ойнаймын» — деді.

Қалай ойлайсыңдар, балалар оны ойынға қоса ма? Неге?

Балалар Дастанның өзіне тым сенімді, бұйыра сөйлегенін және менсінбегендей кейпін ұнатпай, онымен достаспады. Ренжіген бала әжесіне келді. Әжесі немересіне әдеп сақтаудың бір құпиясын айтып берді:

«Кеудеңді көтерсең, достарыңнан айырыласың». Бұл ой сендердің де естеріңде болсын.

VIII. Пантомимика ойыны

Бұл ойын баланың мінез-құлқы мен эмоциясын қимыл арқылы танып-білуге бағытталған. Қатысушылар топтарға бөлініп, тапсырмаларды сөзсіз — мимика және қимылмен — түсіндіреді.

А) Қамқорлық

Шаршаған немесе ауырған анасын бала қалай жұбатады?

Ә) Көмек

Оқушы қарт кісіні жолдан қалай өткізеді?

Б) Татуласу

Ренжіскен екі дос бір-бірімен қалай татуласады?

Енді осы жағдайларды сахналаймыз.

IX. «Қолды таңдаймын» жаттығуы

Қатысушылар шеңберге тұрады. Барлығы қол ұстасып, көздерін жұмады. Жай әуен қосылады.

  1. 1 Оң қолыңдағы көршіңнің қолына назар аудар. Ол қандай? (кішкентай, нәзік, батыл, суық т.б.)
  2. 2 Саусақтар қандай «ақпарат» беріп тұрғанын сезіп көр.
  3. 3 Енді сол қолыңдағы көршіңнің қолына назар аударып, дәл солай бақыла.
  4. 4 Көздеріңді ашып, сезімдеріңмен бөліс: қолдарың тигенде не сездіңдер?

Сөйлемді аяқта:

Мен өзімнің жағымсыз көңіл күйімнен арылу үшін ...

X. Рефлексия

Бүгін мен түсіндім (көрдім, сездім, білдім) ...