Әруақ қонған жас қала
Еліміздің бас ордасы – Астана
Биыл бәріміз үшін қуанышты, тарихи мереке: еліміздің бас ордасы — Астана қаласы өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы айтулы күнде сіздерді мерекелік есептік концертімізде қарсы алуға қуаныштымыз.
1 жүргізуші
Қайырлы күн, қымбатты достар және қадірлі қонақтар! Биыл барлығымыз үшін қуанышты да үлкен мереке — еліміздің бас ордасы, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы.
2 жүргізуші
Добрый день, дорогие друзья и уважаемые гости! Мы рады приветствовать вас на отчетном концерте, посвященном двадцатилетию нашей столицы — Астаны.
Мемлекеттік Әнұран
Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның —
Мақтанышы Астанам.
Қарыштап алға бас қадам —
Отанымның жүрегі,
Елорда — менің Астанам.
Еуразия жүрегіндегі елорда
На обширных просторах Евразии, в самом центре великой степи, гордо именуемой Землей Номадов, находится наша страна — независимая Республика Казахстан, занимающая девятое место по площади среди стран мира. За время существования государства столицей были разные города: Оренбург, Кызылорда, Алматы. В 1997 году Президент Казахстана подписал Указ о переносе столицы из Алматы в Акмолу. Ведь Астаной наша столица стала не сразу.
1998 жылы 6 мамырда Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болып аталды, ал елорданың атауы ресми түрде «Астана» болып өзгертілді. 1998 жылы 10 шілдеде Қазақстанның жаңа Елордасы — Астананың тұсаукесері өтті.
Концерттік нөмір:
Қазақ биі «Тойбастар» (орындаушы: Ару)
Жас қаланың жаңғыруы
Бүгінде жас қала Астана мәдени даму мен жаңа сәулеттенудің жарқын үлгісіне айналды. Астана күн санап жаңарып, жасылданып келеді. Қаланың ортасын қақ жарып өтетін Есіл өзені тіршілігіміздің күре тамыры іспетті. Елордадағы озық архитектуралық жаңару барлық қазақстандықтарды жаңару жолына шақырып, үлгі көрсетеді.
Біз Астанамызбен мақтанамыз. Оның өсіп-өркендеуі — мемлекетіміздің абыройы. Аз ғана уақыт ішінде Астана сыртқы келбетіне ішкі сұлулықты үйлестіріп, қанат жайған, сырттан келгенді де, іштен барғанды да тамсандыратын ғажайып қалаға айналды.
Поэтикалық әсер
Астана — фантастический город!
Он похож на роскошный цветник:
В летний зной иль в ноябрьский холод
Красотою своей многолик.
Восхищаюсь тобою, столица,
Удивительный город земли!
Это здорово, что в Казахстане
Город мира построить смогли!
Дәстүр мен тілек сабақтастығы
Алатау бастағанда асқарала,
Қосылды қуанышқа жас бала да.
Алматы өзінің жан жалғасында
Арнайды ақ батасын астанаға.
Ата-баба салтымен,
Абай, Жамбыл даңқымен.
Құлагердей құлшынып,
Орнап мәңгі біршілік.
Әруақ қонған жас қала.
Нөмір:
«Бір тілек»
Тәуелсіздіктің символы
Тарихи мағына
Сегодня можно с полным основанием сказать, что перенос столицы в Астану стал краеугольным камнем в создании нового и динамичного Казахстана, символом его успеха, процветания и далеко идущих созидательных планов. Астана является убедительным и ярким свидетельством исторического успеха независимого Казахстана и его Первого Президента. Астана — это поистине человеческий и политический подвиг Лидера Нации Нурсултана Абишевича Назарбаева.
Арнау
Астанам — бағы биік асқарымсың,
Астанам — мәңгі жарық аспанымсың.
Астанам — пейіш қала, ел арманы,
Астана — қайда жүрсем мақтанышым.
Астана — шапағаттың шуағындай,
Астана — махаббаттың тұрағындай.
Астанам — періштелер мекенісің,
Астанам — Қазақстан тұмарындай.
Еліміздің бас ордасы — Астана.