Сынып оқушыларын сабаққа дайындау
Орал қаласы, №40 жалпы орта білім беретін мектеп
Мұғалім: С. С. Давлеткалиева
Пән: Математика (1-сынып)
Сабақ тақырыбы: 9 санының құрамы
Мақсаты
- Оқушылардың математикалық ойлауын дамыту.
- 9 санының құрамы туралы білімін қалыптастыру.
- Сәйкес теңдіктерді жазуға және оқуға үйрету.
- 9 санының құрамы туралы білімді есептеулерде қолдануды бекіту.
Сабақ типі
Аралас сабақ.
Көрнекіліктер
- 0-ден 9-ға дейінгі сандар.
- Бүр және балық суреттері.
- Тірек сөздер: өрнек, теңдік, теңсіздік, жұп, тақ, натурал, артық, кем.
1) Сыныпты сабаққа дайындау
Сынып ережелері
- Орнымыздан айқайлап сөйлемейміз — тек қол көтереміз.
- Бір-бірімізді мұқият тыңдаймыз.
- Бір-бірімізге көмектесеміз.
- Үндемей отырмаймыз — белсенді қатысамыз.
Бағалау
Айнұр апай жауап берген оқушыға бүр береді. Кім көп бүр жинаса, сол жоғары баға алады. Сабақ соңында бүрлерді қосып, қай қатардың белсенді жұмыс жасағанын анықтаймыз.
2) Өткенді қайталау
Санау
- Сандарды өсу ретімен санау: 0 → 9.
- Сандарды кему ретімен санау: 9 → 0.
Бірліктері бар сандар
- 3 бірлігі бар санды атау.
- 5 бірлігі бар санды атау.
- 8 бірлігі бар санды атау.
- Олардың құрамын айту.
Өрнек, теңдік, теңсіздік
- Берілген сандардан не құруға болады?
- Сандарды пайдаланып теңдіктер мен теңсіздіктер құру, жазу және оқу.
- Өрнек ұғымын еске түсіру.
Қосу және азайту компоненттері
Мысал
1 + 1 = 2
Мысал
4 − 2 = 2
Натурал сандар, жұп/тақ
- 0-ден 9-ға дейінгі сандар көрсетіледі. Бұл қандай сандар? Натурал сандар.
- Қай сан натурал санға жатпайды? 0.
- Ең кіші және ең үлкен натурал сандарды атау.
- Осы сандардың ішінен жұп және тақ сандарды табу.
3) Жаңа тақырыппен таныстыру
Жағдаяттық сұрақ
9 балықты екі балықшы қалай бөліп алады? Оқушылар түсіндіріп, көрсетеді.
Қорытынды: 9 санының құрамы
9 саны төмендегі жұп сандардан құралады:
Дәптерге жазылатын өрнектер
4) Оқулықпен жұмыс (70–71-бет)
Ауызша тапсырмалар
- №1 тапсырма — ауызша.
- №2 тапсырма — ауызша.
Жазбаша тапсырма
№4 тапсырма — жазбаша: өрнектердің мәндерін тап, салыстыр. Әр қатарға екі өрнектен беріледі.
Салыстыруға берілген өрнектер
1-қатар
2-қатар
3-қатар
4-қатар
5-қатар
6-қатар
5) Қосымша тапсырмалар (сергіту сәті)
а) «Сандар не туралы айтып тұр?»
- 1 — 2-ден кіші.
- 2 — 3-тен кіші.
- 1 — 2-ден кем.
ә) «Әрі қарай жалғастыр…»
Есте сақтау қабілетіне арналған тапсырма: оқушылар фигураларды ретімен орналастырып, сәйкес түспен бояйды.
б) «Артық фигураны тап»
Артық фигураны анықта және неге артық екенін түсіндір (нұсқау: фигуралардың түстері әртүрлі болуы керек).
в) «Ойлан, тап»
Таңба қой немесе цифр жаз:
Тапсырма
6 * 0
Тапсырма
6 □ * 3