Бейбітшілік - адамзат өмірінің бүгіні мен ертеңі
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы • А. С. Пушкин атындағы орта мектеп әдіскері — Елшинбекова Тамаша Бурибаевна
Бірлігіміз жарасқан
Бейбітшілік — бауырластықтың айқын белгісі. Бұл ұғым бүгін бүкіл дүниеге тарап, әрбір ізгі ниетті, адал ойлы адамның жүрегінен құрметті орын алды.
Бейбітшілік — бүгініміз бен ертеңіміз
Қазақ үшін бірлік пен бауырластық — өмір салты. Бейбітшілік — адамзат өмірінің бүгіні мен ертеңі. Оның шайқалмай, сынбауы үшін бейбітшілік құсы көк аспанда қалықтай берсін.
Бейбітшілік бізге оңай келген жоқ. Бұл сөздің астарында сұрапыл соғыстың адам айтқысыз азабы, халықтардың қаһармандығы мен достығы, бейбітшілік жолындағы күрестің тарихи жеңістері тоғысады.
Тарихи дерек
1941 жылғы 22 маусым күні таңғы сағат 4:00-де бейбіт жатқан КСРО-ға жау тұтқиылдан соғыс ашты. Жауынгерлер қасықтай қаны, шыбындай жаны қалғанша аянбай шайқасты.
Жеңіс те, тыныштық та оңайлықпен келмеді: соғыс 50 миллион адамның өмірін жалмады.
Сахналық көрініс: сөз бен рух үндестігі
1-оқушы
Ардагерлер еске алар өткендерді, Өмір үшін өртеніп кеткендерді. Ал бүгін мақтан етер ұрпақтарды, Жеңіс алып еліне жеткендерді.
(Осы тұста сәйкес музыка ойнап тұрады. Сахнаға ойлы, сабырлы қадаммен қолында мылтығы бар сарбаз шығады.)
Сарбаз
Зұлымдықпен дейсің бүгін бақ тайдың, Ал мен болсам тыныштықты сақтаймын. Мен Алматы, Қазақстан, Балқашпын, Қырағымын, кірпігімді қақпаймын. Балалардың, бабалардың мақсатын Қанша ғасыр келдің екен аңсатып? О, зұлым жау, аулақ әрі елімнен, Енді қайтып ала алмайсың таң сатып. Әлем бүгін астан-кестең қызғаныш, Қызғаныштан барады ма сыздап іш.
Бейбітшілік рәмізі
Рас, досым, даңқың кетті жаңғырып, Гүлденді елің, шырқа көкке ән қылып. Бейбітшілік рәмізімін, сенімен, Отаныммен қашанда мен мәңгілік. Ал адамдар қостап бізді жатады, Ендігі күн Нұрсұлтан деп аталады. Сен бар жерде мен де бармын, әлем де, Менің, сенің және оның Отаны.
(Бейбітшілік рәмізі қыз сахнаға шығып, өлең оқып, қолындағы қызыл гүлді сарбазға ұсынады.)
Жамбыл
Мен дәуірмен, ұл-қызымды жасқамай, Көгімізде күлімдей бер, аспан, ай. Ей нұрлы күн, мейірімді ғасырым, Адамзаттың көз жасына бастама.
Сарбаз
Дәуір үні, армысың, Тыңда тыныш дүние бұлақ үнін, Ағытайық ән менен жыр ағынан. Мен сақшымын, ұлы елім, ұлы Отаным, Өркендей бер алаңсыз, қырағымын.
Жамбыл
Жиырмасыншы ғасырым, Келмес ешбір жасырғым. Бейбітшілік рәмізі — Сынығысың асылдың. Өтті-кетті тасыр күн, Зұлмат жауды қашырдың. Жаралымын мен әлі, Иығыңа асылдым. Саған ғана сенемін, Аманатына ие бол, Жиырмасыншы ғасырдың.
(Ақ көгершін жоғары көтеріліп, көпшілікке тамашалатылады.)
Ән: «Ақ көгершін»
Ақ көгершін, көгершін, Қолғанат құс сен едің. Бар кезіп қайт ел үшін Жер дүниенің көлемін. Әділеттің құсы деп Көз алмастан жолыңнан. Бақыт болып қонсын деп Ұшырамын қолымнан. Қайырмасы: Ел тілегін алып ұш Адамзаттың бағына. Қара бұлтты жарып ұш Мұхиттың арғы жағына. Сенен көзін алмайды Ақ ниетті бар адам. Ақ қанатың талмайды Әділеттен жаралған. Тыныш-бейбіт өмірдің Белгісі боп қанат қақ. Әлемге ортақ көңілдің Қайт шыңына қонақтап.
Бейбітшілік рәмізі
Аяулы әлем, арман күн, Жүрекке жүрек жалға да, Ақ көгершін — ардағым, Ақ армандарды алдама.
Сарбаз
Бұғауланып жатыр оқ, Тыныштықты бұзбайды. Қан да төктік батыр боп, Соған жаным сыздайды. Болсын елде той ғана, Қуанышқа қосылам. Мылтықпен ойнама, Балалар-ай, шошынам!
Соғыстың салмағы — ұмытылмас сабақ
1-оқушы
Ағаш аяқ дамыл таппай сыздатып, Тұла бойын сырқыратып мұздатып, Сұм соғыстың мүгедегі көз ілмей, Ұзақ таңға дөңбекшіді жүз жатып.
2-оқушы
Таймаса да басынан сый, бақ, ырыс, Сезім деген — ағынды арна, тылсым күш, Жүректерді әлі күнге өртейді.
Жүргізуші ойы
Әр адамның бойында туған жеріне, еліне деген сағыныш сезім болады. Туған жерде жүрген адам өзін анасының алақанында ұйықтағандай сезінеді. Сондықтан туған жерді ардақтау — елді ардақтаумен тең.
Қорытынды: не түсіндік, қандай ой түйдік?
Бүгін біз ел, Отан, туған өлке, бейбітшілік ұғымдарын кеңірек танып, олардың мәнін тереңірек пайымдадық.
Бейбіт өмір — аманат. Оны сақтау — әр буынның парызы, әр жүректің жауапкершілігі.