Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады жалтырап
Кіріспе
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, ұстаздар және балалар! «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Бүгін «Балапан» тобының балалары күзгі баққа саяхатқа аттанды. Бұл сапарда бізге қонаққа Күз патшайымы келіп отыр. Бәріміз бірге қарсы алайық.
Күз патшайымымен амандасу
Күз патшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен — Күз патшайымымын. Сендерге алыс жерден келдім. Мені Күз патшасы жіберді.
Бұған дейін көп ормандар мен өлкелерді араладым. Ол жақта да сендер сияқты ақылды балаларды кездестірдім. Олар тапсырмаларымды орындаған соң, сыйлыққа жеміс-жидек алды.
Ал сендер менің тапсырмаларымды орындауға дайынсыңдар ма?
Тәрбиешінің сөзі
Тәрбиеші: Ендеше бастайық! Балалар, Күз ханшасын төрге шығарайық.
Күз ханшасы ең алдымен сендердің өнерлеріңді тамашалағысы келеді. Қане, дайындаған көрінісімізді көрсетейік.
Көрініс: «Көкөністер айтысы»
Санжар мен Ақжүніс бақшаға барып, көкөністер теруге сыртқа шықты. Кенет күбірлеген дыбыстар естілді. Қараса, көкөністер «қайсымыз пайдалырақ?» деп айтысып жатыр екен.
Көкөністердің сөз сайысы
Аида (қияр)
Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күйімде.
Жаңа піскен кезімде,
Жейді бәрі сүйсіне.
Рауан (картоп)
Мен ұялшақ картоппын,
Мен емеспін мақтанар.
Мені жақсы көреді,
Үлкендер мен балалар.
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық.
Рашида (ас бұршағы)
Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын және бәріне.
Дәмді салаттарыммен,
Сый жасаймын бәріңе.
Айзере (пияз)
Боламын мен демеуіш,
Барлық-барлық тағамға.
Көкөністер ішінен,
Мен пайдалы адамға.
Айрайлым (сәбіз)
Кім бар сәбіз шырынын,
Жастайынан ішпеген.
Мені жеген адамдар,
Кем болмайды күшке де.
Жалғасы
Балнұр (шалқан)
Кім білмейді шалқанды,
Дәмімді татып таң қалды.
Бәріне сый боламын,
Тауып көр менен дарқанды.
Мәди (қырыққабат)
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Жейді бәрі тамсана.
Бекзат (қызанақ)
Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырынын ішпеген?
Бекзада (қызылша)
Мен де бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге:
Менсіз борщ болмайды,
Винегрет те үстелге.
Бегімай (асқабақ)
Іші сары, сырты қатты,
Дәні — дәрі, дәмі — тәтті.
Пісіріп жесең ас-тамақ,
Мұның аты — асқабақ.
Қорытынды сөз
Санжар: Көкөністердің бәрі де денсаулыққа пайдалы. Мұны жатқа біліңдер, оларды жақсы көріңдер.
Ақжүніс: Барлығың да дәмдісіңдер, шырқаған әнімсіңдер. Көз тоймайтын кереметтер — дастарханның сәнісіңдер.
Ән
«Ана тілі»
Ойындар мен тапсырмалар
Ойын: «Дәмін тат та, атын айт»
Тәрбиеші: Күз патшайымының екінші тапсырмасы — ойын. Ойын шарты: көздерің байланады, ал дәмі мен иісіне қарап қандай жеміс немесе көкөніс екенін табасыңдар.
Өлең
Темірлан
Алма пісіп, алмұрт түсіп,
Күзде бақтар жайнайды.
Құстар қайтып, қош айтысып,
Қимас үнмен сайрайды.
Інжу
Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз келіпті.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.
Жанель
Жапырақтар сылдырлай,
Алтын күз міне келіпті.
Туған жерін қия алмай,
Ұшып барған құстар кетіпті.
Ойын: жұмбақ шешу
Табиғатқа байланысты жұмбақтар.
Махамбет
Алтын сары, қызыл, көк —
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жалтырап.
Ақнұр
Күзде жайнап ашыла,
Күннің нұры көшкендей.
Алма ағаштың басына,
Қызыл қарбыз өскендей.
Мансұр
Алтынға бояп өңірді,
Күзде келді көңілді.
Бау-бақшада, орманда,
Сары жапырақ төгілді.
Диана
Қыркүйек, қазан, қараша —
Күздің бұлар айлары.
Үлкендер қуанып балаша,
Егіндерін жинайды.
Музыка мен қимыл
Ән: «Алтын күз»
Орындайтын: хор
Ойын: «Дыбысты тап»
Табиғаттың әртүрлі құбылыстарын дыбысы арқылы танып, ажыратамыз.
Би: «Жаңбыр»
Орындайтын: Балнұр мен Аида
Қорытынды
Балалар, Күз патшайымы сендерге ризашылығын білдіріп, сыйлықтарын үлестіреді. Ән орындаумен мерекемізді жалғастырамыз.
Осылайша, күзгі баққа жасаған саяхатымыз аяқталды. Күз патшайымына алғыс айтып, бізге тағы да келіп тұруын тілейік.
Құрметті қонақтар, бүгінгі «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Көріскенше, сау болыңыздар!
Ескерту
Сценарийді жүргізу барысында балалардың жас ерекшелігіне қарай мәтін көлемін қысқартып, ойындарды алмастырып немесе толықтырып отыруға болады.