Бисмілла деші

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Повесть бойынша оқушылардың білімін тиянақтау; Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйрету.

Дамытушылық

Өзіндік ой қорыта білуге дағдыландыру; шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін жетілдіру; ой-өріс пен дүниетанымды кеңейту; сабаққа қызығушылықты ояту.

Тәрбиелік

Жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету; кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі ету.

Сабақ форматы

Түрі

Жинақтау сабағы.

Әдіс-тәсілдер

  • Пікірталас
  • Ой қозғау

Көрнекілік

АКТ, бейнетаспа.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру

  • Амандасу, түгелдеу, оқушылар назарын сабаққа аудару
  • Психологиялық дайындық

2) Үй тапсырмасын пысықтау

«Менің есімімнің құпиясы» тренингі бойынша сұрақ-жауап арқылы тексеру.

3) Жаңа сабақ: қызығушылықты ояту

Ой қозғау стратегиясы: «Қожа туралы не білеміз?»

«Түртіп алу» (INSERT) стратегиясы:

V — «білемін»
+ — «мен үшін жаңа ақпарат»
? — «мені таң қалдырады»

Автор туралы қысқаша мәлімет

Бердібек Соқпақбаев

Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті жазушысы.

Туған жылы
1924
Туған жері
Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылы
Өмірбаяннан
Ата-анасынан ерте айырылған

Шығармалары

1950 ж.

«Бұлақ», «Чемпион», «Алыстағы ауылда»

Тұңғыш жинағы

«Балалық шаққа саяхат»

Белгілі туындысы

«Өлгендер қайтып келмейді»

«Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан, өз басымнан кешкенді, өзім байқап-түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам: өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды».
— Б. Соқпақбаев

«Менің атым Қожа» фильмі

Негізгі деректер

Жанры
Комедия, отбасылық
Мемлекет
Қазақстан
Шыққан жылы
1963
Әңгіме авторы
Б. Соқпақбаев
Режиссер
Абдолла Қарсақбаев

Фильм туралы

Барлық мектепке аты шулы «сотқар» Қожа бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен ерте айырылған Қожаберген түрлі қызық оқиғаларды басынан кешіп, көрерменді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы Қожа әкесінің абыройын «шелектеп төктім» деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа — ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл бала.

Сабақта фильмнен үзінді көрсетіледі және көрген тұстар бойынша талқылау жүргізіледі.

Сергіту сәті

«Иесіне қайтар» ойыны

Оқушыларға берілген ой-тұжырымдарды немесе сипаттамаларды дұрыс кейіпкерге/ситуацияға сәйкестендіру.

«Ойлан, тап»

Үзінділер мен сөйлемдер бойынша оқиға сәтін немесе кейіпкерді анықтау.

Тапсырмалар: үзінділер мен сұрақтар

1-бөлім (1–30)

«Төбемнен жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін-ай!»

Сұрақ: Бұл қай сәт?

«Қожа, шыбыным... Сен “бисмилла” деші. “Бисмилла” деші, шыбыным... Түнде де ұйықтап жатып, жиналыс ашық, талқылаймын деп, бірдеңелерді айтып шығып едің, шошымалданып жүрсің ғой деймін. “Бисмилла” деші».

Сұрақ: Бұл қай сәт?

«Маңдайдан буым бұрқырап, есік алдына шықтым. Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?»

Сұрақ: Бұл қай сәт?

2-бөлім (1–40)

«Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап-сыпысыңдағыш».

Сұрақ: Бұл кімнің сөздері?

«Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, бақандай бір қарасы жүр».

Сұрақ: Бұл кімнің сөздері?

Тапсырма: Суретте Сұлтанның бейнесі беріледі. Сұлтан туралы қысқаша әңгімелеп бер.

3-бөлім (1–50)

Сұрақ: Класс жетекшісі мен Қожаның қарым-қатынасы не себептен дұрыс болмады?

Сұрақ: Бұл кім?

«Жаңа оқытушы бізді оқу жылының басталуымен құттықтады, өзін таныстырды: ...»

Салыстыру: Қожа мен Жантастың мінездемесін салыстырмалы түрде жаса.

Рөл

Қожа

Аудитория

Класс

Форма

Ішкі ой

Тақырып таңдауы:

  • «Жақсы бала жеткізеді мұратқа»
  • «Тентек бүлдіреді, ата-анасын күйдіреді»

Сабақты қорытындылау

«Түртіп алу» (INSERT) стратегиясы арқылы қайта жинақтау:

V — «білемін»
+ — «мен үшін жаңа ақпарат»
? — «мені таң қалдырады»

Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

«Бақытты балалық» тақырыбында ой толғау жазу.

Бағалау

Оқушылардың жауаптары, талдауы және шығармашылық жұмыстары бойынша бағалау жүргізіледі.