Сөйлемдегі сандарды сөзге айландырып жазу

Сабақ туралы мәлімет

Сынып

4-сынып

Сабақтың тақырыбы

Дара және күрделі сан есім (презентациямен)

Сабақтың түрі

Бекіту сабағы

Әдістері

  • Ой қозғау
  • Түсіндіру
  • Талдау
  • Теңдеу шешу

Пәнаралық байланыс

Ауыз әдебиеті, математика, дүниетану

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, слайд, жай тақта, семантикалық карта

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Сан есімнің құрамына қарай және мағынасына қарай бөлінуін меңгерту; олардың дұрыс жазылу емлесін таныту. Сан мөлшерін таныту арқылы оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру және күнделікті өмірде қолданылатын заттардың санын есептей білуге үйрету.

Дамытушылық

Есте сақтау қабілетін күшейту, өздігінен қорытынды жасай білуге баулу, ойлау мен есте сақтау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Сандарға қатысты халықтық ұғымдарға мән беріп, таным көкжиегін кеңейту.

Сабақта күтілетін нәтиже

Оқушылар сан есімнің жалпы анықтамасын біледі, дара және күрделі сан есімді, сондай-ақ негізгі және туынды сан есімді ажыратады; сөйлем ішінде сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтайды.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • 1 Амандасу, оқушыларды түгендеу.
  • 2 Сынып тазалығына назар аудару.
  • 3 Оқушылардың көңіл күйін бақылау.

Сабақтың мақсатын айту

Бүгін біз сан есімнің не екенін, дара және күрделі сан есімдерді, негізгі және туынды сан есімдерді жаттығулар арқылы тереңірек түсініп меңгереміз.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Өтілген тақырыптар бойынша интерактивті тақтамен жұмыс жүргізіледі. Төмендегі сұрақтарға жауап беріледі:

  1. 1. Сан есім дегеніміз не?
  2. 2. Сан есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?
  3. 3. Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
  4. 4. Дара сан есім дегеніміз не?
  5. 5. Күрделі сан есім дегеніміз не?

Теориялық бөлім: сан есім

Анықтамасы

Сан есім — заттың санын, мөлшерін және ретін білдіретін сөз табы.

Сұрақтары

Қанша? Неше? Нешеу? Нешінші?

Тұлғасына қарай

Негізгі сан есім

Мысалы: төрт, бір, қырық.

Туынды сан есім

Мысалы: бірінші, алтыншы, елудей, біреу.

Құрамына қарай

Дара сан есім

Мысалы: бір, үш, екеу, алтыншы.

Күрделі сан есім

Мысалы: алпыс алтыншы, екі мың он екі, қырық–елу, онға жуық.

Халықтық ұғымдар: сандардың мәні

Сандарға қатысты халықтық ұғымдарға назар аударайық. 7, 3, 13 сандарына байланысты қандай түсініктерді білесіңдер?

7 саны

  • Жеті ата
  • Жеті күн
  • Жеті шелпек
  • Жетіқарақшы
  • Жеті қат жер
  • Жеті керемет

13 саны

  • Он үште отау иесі
  • Он үш мүшел жас

3 саны

Оқушылар өздері білетін ұғымдармен толықтырады.

III. Бекіту жұмыстары

Оқулықпен жұмыс: 146-бет, 13-жаттығу

Сөйлемдегі цифрмен берілген сандарды сөзбен жазып, олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтаңдар.

Цифр → сөз

  • 16 он алты
  • 1637 мың алты жүз отыз жеті
  • 70 жетпіс
  • 18 он сегіз

Байланысқан сөзі

  • 16 жас
  • 1637 метр
  • 70 км
  • 18 түрі

«Кім шапшаң?» ойыны (ауызша)

1-есеп

Аспанда үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Аспанда қанша түйеқұс қалды?

Жауабы

Түйеқұс ұшпайды.

2-есеп

Жүз қырық үш қызғыш құсқа жүз қырық үш қызғыш құс қосса, қанша қызғыш құс болады?

Жауабы

286

IV. Сергіту сәті

Бір, екі, үш — бойға жинап күш.
Төрт, бес, алты — отыр, тұр, шалқы.
Жеті, сегіз — «уһ» деңіз.
Тоғыз, он — енді орныңа қон.

V. Қосымша тапсырмалар

15-жаттығу: Топтастыру

Сан есімдер мен сын есімдерді екі топқа бөліп жазыңдар. Айырмашылығын сұрақтары арқылы анықтаңдар.

1-топ

Сан есімдер

Сұрақтары: қанша? неше? нешеу? нешінші?

2-топ

Сын есімдер

Сұрақтары: қандай? қай?

Мақал-мәтелдегі түсірілген сан есімдерді тап

Бірінші топ

  1. … атасын білмеген — жетесіз.
  2. Қызға … үйден тию.

Екінші топ

  1. Ер жігіттің … сөйлегені — өлгені.
  2. … рет өлшеп, … рет кес.

Үшінші топ

  1. Білгенің — …, білмегенің — тоқсан тоғыз.
  2. Бала … келгенше, жерден таяқ жейді.

Жай тақтамен жұмыс: есепте және жаз

Екі оқушы тақтаға шығып, төмендегі амалдардың нәтижесін шығарады және берілген сандарды дара және күрделі сан есімдерге бөліп жазады.

312 + 7 = 319

462 × 2 = 924

2 × 27 = 54

300 : 10 = 30

625 : 125 = 5

1000 : 10 = 100