Функцияның қасиеттері
Пән және сынып
Пән
Алгебра және анализ бастамалары
Сынып
10-сынып
Сабақтың тақырыбы
Функцияның қасиеттері
Негізгі ұғымдар
- Симметриялы жиын
- Жұп және тақ функция
- Периодты функция
- Шектелген функция
- Графиктің қасиеттері
Дағды бағыты
- Логикалық ойлауды дамыту
- Есеп шығару дағдыларын жетілдіру
- Талдау және салыстыру
Тәрбиелік мақсат
- Дәлдік пен ұқыптылық
- Жылдамдық пен ептілік
- Жауапкершілік пен ынтымақтастық
Күтілетін нәтиже
Білім нәтижесі
Оқушылардың білімдері нақтыланып, практикалық тапсырмалармен ұштастырылады.
Құзыреттілік
Топпен жұмыс барысында қажетті материалдарды таба алады, есептерді шығару кезінде білімін қолданады және өз жұмысын бағалай біледі.
Сабақтың құрылымы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныппен сәлемдесу.
- Тренинг: «Жылы лебіз» — оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне жақсы тілектер айтқызу.
- Оқушыларды топтарға бөлу.
2) Қызығушылықты ояту
Ассоциация: «Функция» ұғымына байланысты терминдерді жинақтау.
3) Мағынаны тану
Әр топ берілген функцияның жұп немесе тақ екендігін анықтайды.
I топ
f(x) = x² + 4
II топ
f(x) = −x³ + 3
III топ
f(x) = x² + 3x
4) Жұптық жұмыс: «Ойлан, бөліс»
Әр топта оқушылар жұппен жұмыс істеп, берілген тапсырмаларды орындайды.
1-жұп
- №29 (а, ә)
- №30 (а)
2-жұп
- №29 (в, г)
- №30 (ә)
3-жұп
- №29 (б, ж)
- №30 (б)
Қосымша жұмыс форматы
Топтарға бөлінген карточкалармен жұмыс: функцияның қасиеттерін анықтау және қорытынды жасау.