Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемнен ажырата білуге үйрету
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Еңбек ауылы
Еңбек негізгі мектебі • Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жайлханова Ақнұр Жантөренқызы
Сабақ тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлемдер
Бұл сабақта оқушылар жалаң және жайылма сөйлемдердің айырмашылығын түсініп, сөйлем мүшелерінің қатысына қарай сөйлем түрлерін ажырата алады. Сабақ сұрақ-жауап, тыңдалым, талдау және практикалық тапсырмалар арқылы жүргізіледі.
Білімділік мақсаты
Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік беру, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемнен ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты
Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық ойлау қабілетін, тілін және сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты
Ізденімпаз, өз ойын еркін жеткізе алатын, шығармашыл тұлға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру және ресурстар
Әдістер
- Баяндау
- Сұрақ-жауап
Көрнекілік және байланыс
- Семантикалық карта
- Үнтаспа
- Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Психологиялық дайындық
Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, бірге айтады:
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Бесті беске қосайық,
Қатты-қатты соғайық.
Оқушылар түстерді таңдау арқылы екі топқа бөлінеді:
I топ
Тұрлаулы мүшелер
II топ
Тұрлаусыз мүшелер
III. Үй тапсырмасын сұрау: «Өз орнына қой» ойыны
Ойын шарты: екі оқушы тақтаға шығады. Тақтаға кесте ілінеді. Орнында отырған оқушылар бір-бір сөйлемнен айтады. Тақтадағы екі оқушының бірі жақты, екіншісі жақсыз сөйлемдерді кестеге орналастырады.
Жақты сөйлемдер
- Сырдың суы ышқынып ағады. (Ол)
- Жиналыстан шығып, үйіне жүгіре басып келеді.
- Сабақ аяқталды.
- Күн суытты.
Жақсыз сөйлемдер
- Бізге көбірек оқу керек.
- Менің айтқаным келді.
- Бір жерде көргенім бар.
- Енді сізге айтуға тура келді.
Кеспе қағаз тапсырмалары
№1. Сәйкестендіру
- Тұрлаулы мүшелер
- Бастауыш, баяндауыш
- Тұрлаусыз мүшелер
- Анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш
- Бастауышы бар сөйлем
- Жақты
- Бастауышы жоқ сөйлем
- Жақсыз
№2. Сұрақтар
1) Сөйлем мүшелері туралы не білесің?
Сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы, белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер. Сөйлем мүшелері екі топқа бөлінеді: тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер.
2) Тұрлаулы мүше дегеніміз не?
Сөйлем құрауға негіз болатын мүшелер.
№3. Қайталау
1) Тұрлаусыз мүшелерге қандай сөйлем мүшелері жатады?
Анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш.
2) Жақты және жақсыз сөйлем дегеніміз не?
Жақты сөйлем — бастауышы бар, жасырын тұрғанда да баяндауыш арқылы табуға болатын сөйлем.
Жақсыз сөйлем — баяндауыштың өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлем түрі.
IV. Жаңа сабақ
Мұғалім оқушыларға Абайдың он жетінші қара сөзін үнтаспадан тыңдатады, содан кейін төмендегі сұрақтар арқылы талдауға жетелейді.
1) Абайдың нешінші қара сөзі?
17-қара сөз.
2) Қара сөзде не туралы айтылған?
Қайрат, ақыл, жүрек, ғылым.
3) Негізгі әрекет
Қара сөздің алғашқы сөйлемдері сөйлем мүшелеріне талданып, осы арқылы «Жалаң және жайылма сөйлем» тақырыбы түсіндіріледі.
Сөйлемнің құрамына қарай түрлері
Жақты сөйлем
Бастауышы бар сөйлем. Бастауыш кейде айтылмайды, бірақ баяндауышқа сұрақ қою арқылы табылады.
Мысалдар: Екі жердегі екі — төрт. Оның айтайын дегені — осы. Ертең мұнда кел. (Сен ертең мұнда кел.)
Жақсыз сөйлем
Бастауышы мүлдем жоқ сөйлем.
Мысалдар: Менің оқығым келеді. Оны айтудың не қажеті бар? Оған хабар беру керек. Оның айтқандарын түсініп болмайды. Енді бізге оқымасқа болмайды.
Жалаң сөйлем
Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлем.
Мысалдар: Ол келді. Жаңбыр жауып тұр. Бала-шағасы келіп кетті. Той-думан болып тұрады.
Жайылма сөйлем
Тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем.
Мысалдар: Ол ерте келді. Жаңбыр қатты жауып тұр. Оның бала-шағасы қалаға келіп кетті. Той-думанды қызықты өткізеді. Менің қаламымды алып қойыпты.
Толымды сөйлем
Ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем.
Мысалдар: Қыста бұл жердің ауа райы өте суық болады. Биылғы бітіруші түлектер арттарында ұмытылмастай із қалдырды.
Толымсыз сөйлем
Айтылуға тиісті тұрлаулы не тұрлаусыз мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем.
Мысал:
— Балам, қайдан келдің?
— Астанадан.
Толымды түрі: — Балам, (сен) қайдан келдің? — (Мен) Астанадан (келдім).
Атаулы сөйлем
Іс-оқиғаның, құбылыстың атауын ғана білдіретін сөйлем.
Мысалдар: Жаз. Қайнаған күн. Егіс даласы. Қара бұйра жер, көк торғын аспан.
Тақтамен жұмыс: 79-жаттығу
Тапсырма: жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдырыңдар.
Берілген жалаң сөйлемдер
- Нұрмағанбет тілін алды.
- Ол киіне бастады.
- Нұрмағанбет көзге түсті.
- Ойын-той болмайды.
- Сәні болмайды.
- Андрей шақырылады.
- Нұрмағанбет те құмар.
- Саусақтары жетпейді.
- Саусақтары ырқына көнбейді.
- Ол білді.
Дереккөз: С. Мұқанов
Үлгі (жайылмаға айналдыру)
- Нұрмағанбет анасының тілін алды.
- Ол сағат 7-де киіне бастады.
- Нұрмағанбет бүгін көзге түсті.
- Ойын-той демалыс күні болмайды.
- Сәні болмайды.
- Андрей шақырылады.
- Нұрмағанбет те құмар.
- Саусақтары жетпейді.
- Саусақтары ырқына көнбейді.
- Ол білді.
Ескерту: Үлгіде кей сөйлемдер өзгеріссіз берілген; оқушылар оларды да тұрлаусыз мүшелер арқылы кеңейтіп, жайылмаға айналдырады.
Өз бетімен жұмыс: 77-жаттығу
Тапсырма: мәтінді оқып шығып, сызықшаның қойылу себебін анықтаңдар. Жай сөйлемдердің қайсысы жалаң, қайсысы жайылма екенін көрсетіп, себебін түсіндіріңдер.
Ер Едіге, Би Едіге —
Дала күдір, көр боп туды, нашара?! —
Барлық нәрсе кедір-бұдыр.
Едіге өсті, ержетті, —
Жұмсақ-қатты.
Едігеге ақ та — қара.
Ащы-тәтті.
Қара да — қара.
Ыстық-суық көрінеді.
Күн де — түн.
Жан-жануар, жер-дүние —
Едігеге сұлу — сұмпай.
Сылдыр-сылдыр,
Бұлбұл — әуез, гүл — иіс.
Күріл-дүріл,
Жел — бір зуыл,
Қиқу-шиқу.
Құс — бір суыл.
У да шу.
Ж. Аймауытов
Сергіту сәті және семантикалық карта
1-топ тапсырмасы
Сөйлемдерді оқып, олардың жалаң не жайылма екенін ажыратып, кестеде тиісті бағанға + белгісін қояды.
| Сөйлемдер | Жалаң | Жайылма |
|---|---|---|
| ... | + | |
| ... | + |
2-топ тапсырмасы
Венн диаграммасы арқылы жалаң және жайылма сөйлемдерді салыстыру.
Жалаң сөйлем
Бастауыш пен баяндауыштан тұрады.
Ұқсастығы
Екеуі де сөйлем; екеуінде де тұрлаулы мүшелер бар.
Жайылма сөйлем
Тұрлаулы мүшелерімен бірге тұрлаусыз мүшелері болады.
V. Сабақты бекіту
Сөзжұмбақ арқылы негізгі ұғымдар қайталанады: сөйлем мүшелері, жалаң/жайылма сөйлем, жақты/жақсыз сөйлем.
VI. Бағалау және рефлексия
Рефлексия сұрақтары
- Сабақ ұнады ма?
- Бүгінгі сабақта нені білдің?
Бағалау: «Бағдаршам» әдісі
Топ басшысы стикерлерге әр оқушының атын жазып, бағдаршамның үш бөлігіне орналастырады:
Қызыл
5
Сары
4
Жасыл
3
VII. Үй тапсырмасы
100-жаттығу: ережені жаттау.