Балалармен эксперимент жасау

Сабақ туралы мәлімет

Білім саласы

Таным

Кіші сала

Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырып

Дымқыл – құрғақ

Мақсат

1 жас 6 айдан асқан балаларды топырақтың (құмның) қасиеттерімен таныстыру: құрғақ құм — сусылдап, шашылады; ал дымқыл құм — пішінін жақсы сақтайды.

Көрнекі құралдар

  • Құм (топырақ)
  • Ыдыстар
  • Дымқыл салфетка
  • Суқұйғыш
  • Ойыншықтар

Әдіс-тәсілдер

Балалармен бірлескен тәжірибе (эксперимент) жүргізу арқылы бақылау, салыстыру және қорытынды жасау.

Сөздік жұмыс

құрғақ жеңіл дымқыл сулы

Сабақ барысы

Мотивациялық қозғаушы кезең — «Шаттық шеңбері»

Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, жер-ана!
Амансың ба, достарым!

Іздену-ұйымдастыру кезеңі — «Қоянға көмектесейік»

Көрініс

Қоян жылап кіреді.

Тәрбиеші

Қоян, саған не болды? Балалар, қояннан сұрайықшы: неге жылап тұр екен?

Қоян

Мен құмда ойнап отыр едім. Балалар келіп, маған құм шашты. Көзіме құм кіріп кетті — ауырып тұр!

Қауіпсіздік ережесі: құмды бетке шашуға болмайды. Құмды ауызға салуға да болмайды — ол лас болуы мүмкін.

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

  • Құммен не істеуге болады?
  • Үй, торт, мұнара жасауға бола ма?
  • Құмды (топырақты) ауызға салуға бола ма?

Көмек

Тәрбиеші қоянның бетін сүрту керектігін айтады. Жаңдос қоянға көмектеседі.

Тәрбиеші құмды көрсетіп, балаларға ұстатып көреді: құрғақ құм — жеңіл, сусылдайды, ұшады, шашылады. Құм жердің үстінде жатады, оны ауызға салуға болмайды.

Балалар құмды ыдыстарға салып, торт жасап көреді. Бірақ құрғақ құмнан пішін шықпайды.

Тәрбиеші суқұйғышпен құмға су құяды (қоян да көмектеседі). Балалар бақылап, өзгерісті байқайды: құм дымқыл болды.

Негізгі қорытынды: дымқыл құм бір-бірімен тығыз байланысып, шашылмайды және пішінін сақтайды. Сондықтан енді торт пен мұнара жасауға болады.

Балалар қолдарын дымқыл салфеткамен сүртіп, келесі әрекетке жақындайды.

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

Қорытынды бөлім

Қоян

Балалар, көп рақмет! Сендердің арқаларыңда құм туралы көп нәрсе білдім. Енді мен қайтайын.

Тәрбиеші сұрақтары

  • Біз бүгін немен таныстық?
  • Құм қандай болады: құрғақ па, дымқыл ма?
  • Құммен не жасауға болады (торт, мұнара, үй, ойын)?
  • Бүгін қонаққа қандай аң келді?