Машина тігістерін тігу

Сабақтың мақсаттары мен ұйымдастырылуы

Білімділік

Жаңа тақырыпты меңгерту арқылы білімді қалыптастыру; машинатану негіздерімен және тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру.

Дамытушылық

Оқушылардың ой-өрісін дамыту; көргенін есте сақтап, қайта жаңғырта білуге; әсемдікке, ұқыптылыққа және еңбексүйгіштікке баулу.

Тәрбиелік

Жұмыс барысында тәртіп ережелерін сақтауға және өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

Типі
Ашық сабақ
Түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
Баяндау, түсіндіру, көрсету

Көрнекіліктер

  • Слайдтар
  • Тігін машинасы
  • Суреттер

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгелдеу, сабаққа және сарамандық жұмысқа дайындығын тексеру.

II. Үй тапсырмасын сұрау

  1. 1 Бастапқы шикізат түріне қарай химиялық талшықтар неше түрге бөлінеді?
  2. 2 Синтетикалық талшықтарды қалай алады?
  3. 3 Тұңғыш рет химиялық талшықты алған кім, қай жылы?
  4. 4 Вискозалы талшыққа жалпы сипаттама бер.
  5. 5 Капрон маталардың кемшіліктерін ата.
  6. 6 Лавсан дегеніміз не?

III. Жаңа сабақ: тігін машинасы

Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың ең негізгісі — тігін машинасы. Бұл бөлімде тігін машинасының шығу тарихына, жалпы құрылымына және негізгі бөлшектеріне тоқталамыз.

Тігін машинасының шығу тарихы

  • XV ғасыр — Леонардо да Винчи тігін машинасының жобасын ұсынды.
  • 1755 жыл — Карл Вайзенталь бір жіпті тігін машинасын ойлап тапты.
  • 1834 жыл — Уолтер Хант шөрнекті (ілмекті) машина жасады.
  • 1844–1845 жылдар — Элиас Хоу бірқалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын ұсынды.
  • 1850–1851 жылдар — Ален Уилсон мен Исаак Зингер қазіргі заманғы машина түрлерінің негізін қалады.
  • 1870 жыл — АҚШ-та Исаак Зингер “Zinger” фирмасын ашты.
  • 1900 жыл — Ресейде, Подольск қаласында “Zinger” зауыты ашылды.
  • 1917 жыл — Подольск қаласында тұңғыш механикалық зауыт іске қосылды; машиналардың сыртқы дизайны жетілдіріліп, фирмалық белгі қойыла бастады.

Тігін машинасының түрлері

Тұрмыстық тігін машиналары құрылымы, техникалық мүмкіндігі және сыртқы көрінісі бойынша әртүрлі болғанымен, олардың құрылысы, реттелуі және пайдалану ережелерінің басым бөлігі ортақ.

Қол машинасы

Қолмен айналдыру арқылы жұмыс істейді.

Аяқ машинасы

Педаль (аяқ) механизмі арқылы қозғалады.

Электр машинасы

Электр қозғалтқышымен жұмыс істейді.

JANOME SW-24: негізгі бөлшектер

1. Кері жүріс тетігі

2. Тігісті реттейтін құрылғы

3. Тігіс ұзындығын реттегіш

4. Тігіс енін реттегіш

5. Жіп орағыш стопор

6. Жіп орағыш шпиндель

7. Катушкалы өзек

8. Жіп орағыш бағыттаушы

9. Жіп бағыттағыш

10. Жіп тартқыш рычаг

11. Жіп берілуін реттегіш

12. Алдыңғы бөлік

13. Жіп кескіш

14. Жіп бергіш

15. Пластина

16. Қысу табанын ұстаушы

17. Инелі өзек винті

18. Ине

19. Қысу табаны

20. Қосымша бөлік (аксессуар сақтайтын орын)

21. Алып жүруге арналған ұстау тетігі

22. Айналма дөңгелек

23. Қосу тетігі

24. Электр желісіне қосатын бөлік

25. Бос жеңқап

26. Түймелік рычаг

27. Қысу табанын көтеру рычагы

Тігін машинасымен жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережелері

Қауіпсіздік — сапалы жұмыс пен жарақаттың алдын алудың негізгі шарты. Төмендегі талаптарды қатаң сақтаңыз.

  1. 1. Жұмыс орнын ретке келтіру.
  2. 2. Шашты жинау, жеңді қайыру.
  3. 3. Машинада тік отырып, орындыққа толық жайғасу; денені сәл еңкейтіп, басты алға шамалы ию.
  4. 4. Жарық жұмыс орнына сол жақтан немесе алдынан түсуі керек.
  5. 5. Тігін машинасын мұғалімнің тікелей жетекшілігімен ғана іске қосу.
  6. 6. Машина мен орындаушының арақашықтығы 20–30 см болуы тиіс.
  7. 7. Аяқтар толық еденде немесе аяқ қойғышта орнығуы керек.
  8. 8. Машина үстінде артық заттар жатпауға тиіс.
  9. 9. Тігуді бастар алдында бұйымда түйреуіштер немесе инелер қалмағанын тексеру.
  10. 10. Жұмыс алдында орналасуын тексеру: табанды реттегіш бұранда берік пе, ине тесігіне дәл келе ме.
  11. 11. Матаны қойып, табанды түсірмей машинаны жүргізуге болмайды.
  12. 12. Тігіс түрін ауыстырғанда инені жоғары көтеріп қою.

Машина тігістерінің түрлері

Киім дайындау барысында әртүрлі жұмыстар орындалады: қолмен, машинамен және ылғалды-жылулық өңдеу. Машина тігістері қолданылуына қарай үш топқа бөлінеді: біріктіру, шет және әрлеу тігістері.

Біріктіру тігістері

Бұйым бөлшектерін біріктіруге арналған. Көбіне бөлшектер тігістің екі жағында жатады, ал тігіс үтіктеу арқылы жатқызылып немесе айырып өңделеді.

Түрлері

  • Сырып тігу
  • Бастыра тігу
  • Айыра тігу
  • Жапсыра тігу
  • Қосарлы тігіс
  • Бүктемелі тігіс

Бұл тігістер иық, бүйір қиықтарын, жеңді, иінішті, қалтаны, қатпарларды біріктіруде жиі қолданылады. Бүктемелі тігіс ақ жайма, жейде пішімді блузка және ерлер жейдесін тіккенде кең тараған.

Шет тігістері

Жаға, мойындық, өңір, қолтық ойындысы сияқты бөліктердің шеттерін сетінеуден сақтау және өңдеу үшін қолданылады.

Негізгі түрлері

  • Жабық қиықты бүгіп тігу
  • Жөрмеу
  • Шеттіктеу (жиектеу)

Жөрмелген тігіс өңір шеттерін, жағаны, қаттаманы, қалтаны өңдеуде пайдаланылады: бөлшек шеттерін біріктіріп жөрмегеннен кейін бұйым өңін айналдырып, шеттік тігіс жасап айналдыра көктейді.

Өңдеу ерекшеліктері

Ашық қиықты бүгіп тігілген тігіс өңірдің ішкі жиегін, мойындық әдібін, қолтық ойындысын, бұйым етегі мен жең ұшын өңдеу кезінде қолданылады. Бұйым етегі мен жең қиығын өңдер алдында қиықтар арнайы машинада торланады.

Шеттіктеу (жиектеу) тігісі

Үш түрге бөлінеді: ашық қиықты, жабық қиықты және ызбамен жиектеу. Қиықты қиғаш жиекпен ғана емес, негізгі немесе әрлеу матасынан көлденең жиекпен, сондай-ақ дайын ызбамен де жиектеуге болады.

Жабық қиықты бүгіп тігілген тігіс жібек және мақта матадан тігілген көйлек, блузка, сондай-ақ ұйықтағанда киетін көйлектің етегін және жең жиегін өңдеуге қолайлы.

IV. Сарамандық жұмыс

Тапсырма

Машина тігістерін тігу.

Талап

Жұмысты ұқыпты орындап, тігістерді түзу әрі біркелкі жүргізу.

V. Сабақты бекіту

  1. 1 Қай ғасырда тігін машинасының жобасы ұсынылды?
  2. 2 Тігін машинасы не үшін қажет?
  3. 3 Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ата.
  4. 4 Машина тігістерінің қандай түрлері бар?

VI. Үйге тапсырма

Машина тігістерін аяқтап келу.