Сіздер кімді қояр едіңіздер
Мақсаты
- Оқушыларға жақсылық жасаудың адамаралық қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру.
- Достық қарым-қатынасты нығайтып, үлкенді сыйлау және жақсы іс жасау дағдыларын дамыту.
- Бір-біріне шынайы достық танытып, қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.
І. Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу
Үлкенге де — «Сіз»,
Кішіге де — «Сіз».
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
ІІ. Психологиялық дайындық
Жылы лебіз
Күннің жарығын алақанға саламын,
Ізгі, нәзік, жарық, мейірімді.
Жүрегіме басып ұстай қаламын —
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Сыйлық жүрекшелер
Мұғалім оқушыларға жүрекше пішініндегі карточкаларды таратады. Әр жүрекшеде есептің мәні мен дыбыстар жазылған. Оқушылар есепті шығарып, сандарды өсу ретімен орналастырады. Нәтижесінде жүрекшелердегі дыбыстардан тәрбие сағатының тақырыбы құралады: «Жаным толған жақсылық».
Топқа бөлу
Құралған дыбыстар бойынша (дауысты және дауыссыз) оқушылар екі топқа бөлінеді. Әр топ атауына байланысты қысқаша түсінік беріледі.
І-топ
Адамгершілік
ІІ-топ
Мейірімділік
Ребус: ең бастысы не?
Мұғалім «Адамгершілік» пен «Мейірімділік» ұғымдарын толықтыра отырып жұмбақ жасырады: «Осы жақсылықтың барлығын адам бойынан бір сөзбен айтқанда, ең бастысы не болуы керек?» Оқушылар слайдтағы ребусты шешіп, «Қасиет» сөзін табады.
Әрі қарай мұғалім қасиеттердің түрлеріне тоқталады: жақсы қасиеттер және жаман қасиеттер.
ІІІ. Ой шақыру
Ұлы Абай атамыздың «Адам болам десеңіз…» өлеңін оқу арқылы оқушылар адам бойындағы қасиеттерді талдап, өз ойларын айтады.
Талқылау сұрағы
Мұғалім: «Мен Абай атамыздың қатарына елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлын да қояр едім. Неге деп ойлайсыздар?» Оқушылар өз пікірлерін білдіріп, кімдерді үлгі тұтатынын айтады: ата-ана, ұстаз, ата-әже, туыс-бауыр және т.б. Әрқайсысы таңдауының себебін дәлелдеп, өз ойларын негіздейді.
Негізгі ұғым: алғыс
Алғыс — адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, ықыласы үшін ризашылық білдіруі; сондай-ақ ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
IV. Шығармашылық жұмыс
Жақсылықтың үлгісі
Қысқа бейнеролик (шамамен 2 минут) көрсетіліп, жақсылық жасаудың өмірдегі көріністері талқыланады.
Үш тілдің мәні
Тіл — жүректің үні ғана емес, ұлттық рухтың абыройы мен болмысы. Қазақстанда қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі — жаһандық экономика тілі. «Үш тұғырлы тілді білу — баянды болашақтың кепілі» деген қағиданы негізге ала отырып, келесі тапсырма орындалады.
«Ойлан, тап» әдісі
«Жақсылық» тақырыбындағы қазақша нұсқа слайдтан хормен оқылады.
Топтық тапсырма
Конверттегі үлгі бойынша:
- І-топ — орыс тілінде төрт жол өлеңді кеспе сөздерден құрастырады.
- ІІ-топ — ағылшын тілінде төрт жол өлеңді кеспе сөздерден құрастырады.
V. Рефлексия: «Жақсылық тамшысы»
Оқушылар бастапқыда берілген жүрекшелерді дәл ортасынан бөліп, тамшы пішініне келтіреді. Әр тамшыға кері байланыс ретінде тілек жазып, тақтаға жапсырады.
Мұғалімнің түйіні
«Көптің тілегі — көл». Егер өмірде осы тамшылардай жан дүниесі жақсылыққа толы, мейірімді, жылы жүзді, жүректі, сыпайы адамдар көп болса, өмір сүру қандай керемет болар еді!
Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, «осының да бар болғанына рақмет» деп алғыс білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру — өзіңді, өмірді және өмірде барды бағалаудан басталады.
VI. Қорытынды
Ендеше, бүгінгі тақырыбымызға сай, жанымыз толған жақсылық болсын! Өмірді сүйіп, жақсылықты бағалайық!
Назарларыңызға рахмет!
Автор туралы
Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Хамза Санбаев атындағы орта мектептің І санатты бастауыш сынып мұғалімі — Мансариева Нұргүл Темірбайқызы.