Оғыз мемлекеті

Шығыс Қазақстан облысы • Көкпекті ауданы • Самар ауылы • №1 Самар орта мектебі

Дайындаған: Нұрпиисова Ж.К.

Сабақ тақырыбы: Тіл тарихы

Мақсаты

Оқушыларды қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып қалыптасу кезеңдерімен таныстыру, тілге қызығушылығын арттыру. Интеллектуалдық ой-өрісті кеңейту, білім деңгейін көтеру, танымдық белсенділікті дамыту. Қазақ тілінде еркін сөйлеуге, оны құрметтеуге және тіл тазалығын сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Слайдтар, «Ана тілі» өлеңі.

Әдісі

Ауызша журнал.

Кіріспе ой

Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі — оның ана тілі мен ұлттық мәдениеті. Ана тілі мен ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашан толық егемен бола алмайды.

Егер қазақ халқы болашақта өз тілін сақтап, дамыта алмаса, бір күні өз алдына мемлекет болып өмір сүруі де әлсірейді. Бұл — тек Қазақстанға ғана емес, барлық халыққа ортақ заңдылық.

Әлемдегі жұрт тәуелсіздікке тек тұрмыстық молшылық үшін емес, ең алдымен ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін қорғап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан Қазақстанның тәуелсіздігі баянды болсын десек, ең әуелі ұлттық мәдениетке, салт-дәстүрге және ана тілге жан-жақты қолдау көрсетуіміз керек.

Дәйексөз

«Қасиетті қазақ тілінің болашағы жоқ дегендердің көмейіне құм құйылсын.»

— Ғабит Мүсірепов

Әдеби бөлімі: Ана тілі туралы жыр

1-жүргізуші — «Қазақ тілі» (Б. Серікбаев)

Сан дәуірден сарабдал асыл мұрам,

Сені қалай басқаға басындырам?!

Күмбірлеген үніңе құлақ түрсем,

Құм астына көмілген ғасырды ұғам.

Сенде — қайсар халықтың азат күні,

Сенде — ата-бабамның азап-мұңы.

Абай туған ғасырда әлем танып,

Байсал таптың, киелі қазақ тілі!

2-жүргізуші — жалғасы

Талай сұңқар ұшырдың сен тұғырдан,

Мұхтар тудың ғаламды тәнті қылған.

Саған тілін тигізсе, төбелестім,

Қалсам-дағы таяқ жеп тентек ұлдан.

Көзін ашып, жырлатсам бір жылғыңды,

Сайрап берер шаршамай мың жылғы әнді.

Ана тілін білмейтін тақуалар

Кейде әлі де түсірер еңсені!..

Журналдың бірінші беті: Қазақ тілінің қалыптасу тарихы

Қазақ тілінің қалыптасу тарихы түркі тілдерінің негізгі бір тобы ретінде ежелгі сақ, үйсін және қаңлы тайпаларынан бастау алады. Орта ғасырларда түркі тілдері бірнеше феодалдық мемлекеттердің ресми тілі қызметін атқарды.

Ерте және орта ғасыр кезеңдері

  • VII–VIII ғғ. — Батыс Түрік қағанаты, Түргеш қағанаты, Қарлұқ қағанаты
  • IX–X ғғ. — Оғыз мемлекеті, Қарахан мемлекеті, Қимақ мемлекеті
  • XI–XII ғғ. — Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда құрамындағы түрік-моңғол ресми тілдік орта
  • XI–XII ғғ. — Түркі тілдерінен жіктеле бастау, Дешті Қыпшақ кеңістігінде орнығу

Жаңа дәуір және мемлекеттік мәртебе

  • XV–XVII ғғ. — Қазақ ұлтының ұлттық және ресми тілі ретінде қалыптасу үрдісінің аяқталуы
  • XIX–XX ғғ. — Ресей құрамындағы қазақ халқының ұлттық тілі ретінде сақталуы
  • 1920.08.26 — Қазақ АКСР-ның ресми тілі
  • 1923.03.20 — Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу туралы ҚазОАК Декреті
  • 1933.05.15 — Республикалық терминологиялық комиссияның құрылуы
  • 1936.12.05 — Қазақ КСР-нің ресми тілі
  • 1957.11.05 — Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді жетілдіру туралы қаулы
  • 1989.03.22 — Қазақ тілінің мәртебесін көтеру туралы қаулы
  • 1991.12.16 — Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды
  • 1995.09.25 — Конституция, 7-бап: мемлекеттік тіл — қазақ тілі
  • 1996.10.04 — Тіл саясатының тұжырымдамасы мақұлданды
  • 1997.07.11 — «Тіл туралы» Заң қабылданды
  • 1998.10.05 — Тілдерді қолдану мен дамытудың бағдарламасы бекітілді
  • 1999.01.08 — Тіл туралы заңдардың сақталуын бақылау тәртібі бекітілді
  • 2001.02.07 — 2001–2010 жж. мемлекеттік бағдарлама бекітілді
  • 2010.03.19 — 2011–2020 жж. мемлекеттік бағдарлама қабылданды

Журналдың екінші беті: Қазақ тілін зерттеген ғалымдар

В.В. Радлов

1837–1918

Әйгілі түрколог, тілтанушы.

В.В. Бартольд

1869–1930

Академик, шығыстану ғылымының көрнекті өкілі, әйгілі тарихшы.

Н.Т. Сауранбаев

1910–1958

Қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, түрколог.

Ғ. Айдаров

1921 жылы туған

Ғалым, филология ғылымдарының докторы.

3-жүргізуші — өлең үзіндісі

Жасымнан жетік білдім түрік тілін,

Сол тілге аударылған барлық білім.

Ерінбей еңбек еттім, еңбек жанды,

Жарқырап қараңғыдан туып күнім.

Адаспайсың ақылды, арлыға ерсең,

Долай көрме жылмайы сопы көрсең.

Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың

Алданбайсың артынан ере берсең.

Журналдың үшінші беті: Алфавиттердің ауысуы

Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Ежелгі заманда қазақтар руна жазбасын қолданған.

1912–1930 жылдары — араб жазуы, 1930–1940 жылдары — латын жазуы, 1940 жылдан бүгінге дейін — кирилл графикасы қолданылып келеді.

1957 жылға дейін қазақтың төл дыбыстары әліпбидің соңында беріліп келді. 1957 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Президиумының Жарлығымен қазіргі орны нақтыланды.

1-жүргізуші — қысқа шумақ

Әліпбиді біліңдер,

Онда қалып, жүйе бар.

Біздің қазақ тілінде

42 әріп бар.

Журналдың төртінші беті: Мемлекеттік тіл

Негізгі дерек

1991 жылғы 16 желтоқсан — ҚР Президентінің Жарлығымен қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды.

Ойтолғау

Қазақ тілі — қазақтың ана тілі,

Бірақ оған адам аз бас иетін.

Қазақ тілі — қазақтың дара тілі,

Кейбіреулер түсінбес қасиетін.

Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды,

Орыс тілі сіңген ғой санамызға.

Неге олар тілім деп қуынбайды,

Шынымен-ақ басқа боп барамыз ба?

Бұл — ұлтты сүйген жүрек түйіні:

Өз тілім — өзімнің биік тұғырым.

Қасиетті қазақ тілі — бабам тілі,

Ол тарих, сенің де, менің де абыройым!

Журналдың бесінші беті: 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама

Бағдарлама паспорты

Атауы
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
Әзірлеу негіздемесі
ҚР Конституциясының 7 және 93-баптары, 1997 жылғы 11 шілдедегі «Тіл туралы» Заң, 2010 жылғы 19 наурыздағы №957 Жарлық және Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында берілген тапсырмалар, сондай-ақ Ұлт бірлігі доктринасына сәйкес.
Басты мақсаты
Қазақстанда тұратын барлық этностар тілдерінің сақталуы жағдайында ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қызметін қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясатын іске асыру.

Негізгі мақсаттары

  1. 1 Мемлекеттік тіл — ұлт бірлігінің негізгі факторы.
  2. 2 Мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуын қоғамға жүйелі түрде тарату.
  3. 3 Дамыған тіл мәдениеті — зиялы ұлттың күш-қуаты.
  4. 4 Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту.

Іске асыру мерзімі мен кезеңдері

I кезең

2011–2013

Нормативтік-құқықтық және әдіснамалық базаны жетілдіруге бағытталған іс-шаралар.

II кезең

2014–2016

Мемлекеттік тілді оқыту мен қолдануда, тілдік әр алуандылықты сақтауда жаңа технологиялар мен тәсілдерді енгізу.

III кезең

2017–2020

Қоғам өмірінің барлық саласында мемлекеттік тілге сұраныс, қолданылу сапасы және меңгерілу деңгейі бойынша жүйелі мониторинг.

Қорытынды

Құрметті оқушылар, ана тілінде сөйлеу және оған деген жауапты көзқарас — адамгершіліктің, мәдениеттіліктің, тәрбиеліліктің және әдептіліктің маңызды өлшемі. Оның мәні әр азаматтың ана тілін Отанындай, туған халқындай, ата-бабасындай сүйіп-ардақтауында және сол тілде сөйлеуді өмірдің ең қымбат сыйы деп білуінде.