Заттарды бейнелейтін бейнелеу өнерінің жанры

Сабақтың тақырыбы

«Ғажайып сурет әлемінде»

Сабақтың түрі

Дәстүрлі емес

Әдіс-тәсілдер

  • Жарыс-сайыс сабақ
  • Сұрақ-жауап
  • Топтық жұмыс
  • Құрастыру
  • Тақырыпқа сурет салу

Пәнаралық байланыс

Музыка, технология

Көрнекіліктер

  • Слайдтар
  • Құрастырма суреттер
  • Дайын суреттер

Құрал-жабдықтар

  • Плакат
  • Қарындаш
  • Қайшы
  • Желім
  • Акварель
  • Қылқалам

Сабақтың мақсаты

  1. 1

    Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты меңгерту; дүниетанымын және эстетикалық талғамын кеңейту.

  2. 2

    Сурет салу дағдысын, логикалық ойлауын, еске түсіру мен елестету қабілеттерін және шығармашылығын дамыту.

  3. 3

    Өнерді құрметтеуге баулу, оған сүйіспеншілігін арттыру; шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сайыстың барысы

I. Ұйымдастыру

Сайыстың мақсатымен таныстыру, жұмысқа бағыттау.

II. Топқа бөлу

Оқушылар екі топқа бөлінеді.

III. Әділқазылармен таныстыру

Бағалау талаптары және әділқазы құрамын таныстыру.

Кіріспе сөз

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен сайысқа қатысушы жас өркен! Бүгін бейнелеу өнері пәнінен 6 «Б» сынып оқушыларының «Ғажайып сурет әлемінде» атты сайысына қош келдіңіздер!

Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазылар алқасымен танысып, сайысымызды бастайық.

I топ

Қылқаламдар

II топ

Қарындаштар

Өнерпазды жарау аттай баптасын,
Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын.
Өнерімен танылған оқушылар,
Ел сенімін еңбегімен ақтасын.

Сайыс кезеңдері

1-кезең. Таныстыру

Әр топ өз атауын, ұранын және эмблемасын таныстырады.

Өнер десе өртеніп, жанып тұрар,
Сусындап сол өнерден қанып тұрар.
Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,
Кез келді деп өзін-өзі таныстырар.

2-кезең. Сұрақ-жауап

Екі топқа бірдей сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа ұпай беріледі.

Сұрақтар

1

Бейнелеу өнері дегеніміз не?

Айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелейтін өнер түрі.

2

Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма қалай аталады?

Пейзаж.

3

Суға еритін бояу түрлері?

Акварель, гуашь.

4

Қарындаш дегеніміз не?

Сырты ағаштан, өзегі қара графиттен жасалған жазу және сызу құралы.

5

Түстер неше топқа бөлінеді?

Екі топқа: ахроматикалық және хроматикалық.

6

Бейнелеу өнерінің түрлерін атаңыз.

Живопись, графика, мүсін, сәулет өнері, сәндік-қолданбалы өнер, дизайн.

7

Кемпірқосақта неше түс бар? Атаңыз.

Жеті түс: қызыл, қызылсары, сары, жасыл, көгілдір, көк, сиякөк.

8

Адам келбетін бейнелейтін жанр?

Портрет.

9

Түстер қандай түрлерге бөлінеді?

Екі түрге: жылы және суық.

10

Жан-жануарларды бейнелейтін жанр?

Анималистік жанр.

3-кезең. «Кім шапшаң, кім тапқыр?»

Қиылған суреттерді құрастырып, шыққан шығарманың атауын және авторын дұрыс айту қажет.

I топ тапсырмасы

«Дастарқан» — А. Ғалымбаева

II топ тапсырмасы

«Алма ағашы гүлдегенде» — И. И. Левитан

4-кезең. «Сөздерден түс шығару»

Әріптері орын ауысқан сөздерден түстердің атауын табу керек.

I топ

Берілгендер

Лызық, ақра, дөрігілік, ырқоң, ұрс

Жауаптары

Қызыл, қара, көгілдір, қоңыр, сұр

II топ

Берілгендер

Лысаж, ырса, лызықарыс, көксия, гінкүл

Жауаптары

Жасыл, сары, қызылсары, сиякөк, күлгін

5-кезең. Сөзжұмбақ шешу

Негізгі сөз: Перспектива

1. Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма

Пейзаж

2. Жылы түстердің бірі

Сары

3. Белгілі бір адамның көркем бейнесі

Портрет

4. Бейнені жазықтықта орналастыру әдісі

Композиция

5. Түстермен орындалатын көркем шығарма

Живопись

6. Заттарды бейнелейтін жанр

Натюрморт

6-кезең. «Бейнелеу» (топтық жұмыс)

Экранда екі топқа өлең жолдары көрсетіледі және әні ойналады. Тыңдап, мағынасына сай елестетіп, қағаз бетіне шапшаң сурет салып, бояйды. Топ басшылары жұмысты қорғайды.

Әділқазылар жылдамдық пен орындалу сапасын бағалайды.

I топқа

А. Құнанбаев — «Желсіз түнде жарық ай»

Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп. Ауылдың жаны — терең сай, Тасыған өзен күрілдеп. Қалың ағаш жапырағы Сыбырласып өзді-өзі. Көрінбей жердің топырағы, Құлпырған жасыл жер жүзі. Тау жаңғырығып, ән қосып Үрген ит пен айтаққа. Келмеп пе едің жол тосып Жолығуға аулаққа? Таймаңдамай тамылжып, Бір суынып, бір ысып, Дем ала алмай дамыл қып, Елең қағып, бос шошып. Сөз айта алмай бөгеліп, Дүрсіл қағып жүрегі, Тұрмап па еді сүйеніп, Тамаққа кіріп иегі.

II топқа

Е. Хасанғалиев — «Атамекен»

Жасыл жайлау түкті кілем, көк кілем, Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем. Маңдайымнан сипап өткен самалды, Қазағымның алақаны деп білем. Қайда жүрсем, атамекен, Көкейіңде жатады екен. Күннің өзі қимай оны, Ұясына батады екен. Жасыл жайлау түкті кілем, көк кілем, Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем. Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін, Қазағымның махаббаты деп білем.

Қорытынды

«Жас мұраты — білім, тәлім талабы. Өнер — оқу, жастық қару-жарағы» дегендей, бүгінгі «Ғажайып сурет әлемінде» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.

Қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріледі: жеңген топ анықталып, марапаттау рәсімі өткізіледі.