Салтанаттың сүйікті ісі
Сабақ туралы мәлімет
Сынып
7
Тақырыбы
Менің сүйікті ісім
Сабақтың түрі
Жаңа білім беру сабағы
Әдістері
Сұрақ-жауап, жеке жұмыс, ауызша және жазбаша жұмыс, ізденіс жұмысы.
Көрнекіліктері
- Интербелсенді тақта
- Ноутбуктағы тапсырмалар
- Жұмыс парағы
- Бағалау парағы
Сабақтың мақсаты
-
Түрлі интерактивті әдістерді қолдана отырып, оқушыларға пайдалы істер туралы мәлімет беру және ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру.
-
Пайдалы әрі сүйікті ісі туралы айтқызу арқылы тілдік әрекеттердің барлық түрін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қолдануға үйрету және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру.
-
Пайдалы істермен айналысуға баулу, жаманнан жақсыны ажырата білу және проблеманы шешу құзыреттілігін дамыту.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу, түгендеу.
- Оқушы назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Ой қозғау: 1–2 минут
Флипчарт 1. Тақтаға назар аударыңдар: сөйлемдерді суретпен сәйкестендіріңдер.
Сөйлемдер
- Мен би билей аламын.
- Мен сурет сала аламын.
- Мен торт пісіре аламын.
- Мен ән айта аламын.
- Мен жүзе аламын.
- Мен музыкалық аспапта ойнай аламын.
Суреттер (тақтада)
- Биші
- Суретші
- Торт пісіру
- Әнші
- Домбырашы
- Суда жүзуші
Қорытынды: Бұл адамдардың әрқайсысының өзіне ұнайтын, сүйікті ісі бар.
Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? «Менің сүйікті ісім».
Мақсатты анықтайық. (Флипчарт 2)
IV. Сөздік жұмысы
Әуес
склонный
Әуестік
склонность
Әуестену
увлекаться чем-либо, пристраститься
Әуесқой
любитель
Ермек
хобби
Тапсырма: Осы сөздердің арасынан түбірлес сөздерді анықтаңдар: әуес, әуестік, әуестену, әуесқой.
Осы сөздермен сөз тіркестерін құрап, дәптерлеріңе жазыңдар.
V. Тыңдалым және айтылым
ЭО (орташа деңгей)
1-тапсырма
2 минут
Суреттерге қараңдар. Бұл адамдардың сүйікті істері қандай? Немен әуестенетінін болжап көріңдер.
Үлгі
Меніңше, Меруерттің сүйікті ісі — би билеу, Михаилдың сүйікті ісі — … , Салтанаттың сүйікті ісі — … .
Енді тыңдаңдар: болжамдарың дұрыс па? (Компьютерден тыңдау)
Тыңдалымнан кейін болжамдарыңды жауаптармен салыстырыңдар.
2-тапсырма
5 минут • Флипчарт 3
Мәтінді қайта тыңдап, дұрыс жауабын таңдаңдар.
-
1. Меруерттің сүйікті ісі: сурет салу / теннис ойнау / би билеу
-
2. Би билеу өте: жақсы / қызық / қиын
-
3. Михаил: гольфті / дойбыны / теннисті жақсы көреді
-
4. Михаил әдетте теннисті: сенбіде / демалыста / жексенбіде ойнайды
-
5. Михаил әдетте теннисті: досымен / сыныптасымен / ағасымен ойнайды
-
6. Салтанаттың сүйікті ісі: сурет салу / домбыра тарту / коньки тебу
-
7. Салтанат болашақта атақты: әнші / суретші болғысы келеді (немесе: биші)
VI. Оқылым
Флипчарт 4 • 5 минут
Берілген мәтінді түсініп оқыңдар.
- Мәтінді іштей оқыңдар.
- Кезекпен дауыстап оқыңдар.