Үздік сабақ бәйгесінеСабақ тақырыбы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақ тақырыбы
Қолмен тігу операциясы
Сабақ түрі
Аралас, сарамандық жұмыс
Мақсаты
Қол тігістері туралы біліктілікті дамыту, тігілу әдістерін меңгерту, қолмен тігу операцияларының түрлері мен орындалуын түсіндіру, оқушыларды өзіндік шығармашылық шеберлікке баулу.
Оқыту нәтижесі
- Қол тігістері туралы білім мен біліктілігі артады.
- Қолмен тігу дағдысы қалыптасады.
Көрнекілігі
- Суреттер
- Бүктемелер (үлгілер)
- Дайын бұйымдар
- Слайдтар
Сабақ әдістері
Түсіндірмелі көрсетілім, өзіндік жұмыстар, СТО элементтері, ойын түрлері.
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал
- Қыздар, көңіл күйлерің жақсы ма?
- Сабаққа дайындық қалай?
- Сабаққа белсене қатысамыз ба?
Топқа бөлу
Қайшы мен ине суреті бар эмблемаларды таңдап алу. Топ ұстанымын ойластыру, топ басшысын сайлау.
Бағалау және қауіпсіздік
Бағалау парағымен жұмыс. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру (ине, қайшы, жұмыс орнын ұйымдастыру).
Сарамандық жұмыс: матадан сөмке тігу
Жұмыс барысы
- Матаны сөмкенің өлшемі 16×16 болатындай етіп қиып алу.
- Жан бөліктерін тігу.
- Қақпақшасын өз идеяң бойынша қию.
- Түйме қадау, түймелік орнын белгілеу және қию.
- Қиықтарын торлау.
- Сөмкені әшекейлеу.
Назар аударатын тұстар
- 1 Өлшем дәлдігі: қию алдында қайта тексеру.
- 2 Тігіс біркелкілігі: арақашықтықты тұрақты сақтау.
- 3 Қауіпсіздік: инені қадағышта сақтау, қайшыны ұқыпты қолдану.
Сергіту және ой қозғау
Жұмбақтар
Қос таяқ бастары дөңгелек,
Тұтасты кеседі бөлек-бөлек.
Кірш-кірш етеді, ішіне кіріп кетеді,
Орала береді, орала береді,
Оралған сайын көлемі молая береді.
Гүлдері бар құлпырған, кең жазықтан аумайды,
Оған әркім ұмтылған, киім киер оңтайлы.
Талқылау мақсаты
Жұмбақтар арқылы құрал-жабдықтарды еске түсіру және тігін жұмысына қажетті ұқыптылыққа назар аударту.
Кілтті дағды
Қолмен тігу кезінде дәлдік, қауіпсіздік және тігіс тазалығы бірінші орында.
Талдау: «Сәйкесін тап»
| № | Операция (қаз/орыс) | Сипаттамасы |
|---|---|---|
| 1 | Көктеу (сметывание) | Екі бөлікті бір-бірімен уақытша тігіспен қосу. |
| 2 | Жөрмеу (заметывание) | Бұйымның бүгілген жерін, жиегін тігіспен бекіту. |
| 3 | Бекіту (пришивание) | Бір бөлікті екінші бөлікке тұрақты тігіспен біріктіру. |
| 4 | Торлау (обметывание) | Бөлшекті сетіненуден (шашыраудан) сақтау үшін қиықтарын бекіту. |
| 5 | Тепшу (приметывание) | Ұсақ бөлікті қиықтарымен көктеу арқылы уақытша біріктіру. |
Жинақтау: сұрақтар мен бекіту
Қайталау сұрақтары
- Қол жұмысы кезінде қандай ережелерді сақтау керек?
- Инені сабақтағанда жіпті қалай өлшеп аламыз?
- Тігісті қалай бекітеміз?
- Уақытша көктеу тігісімен тіккенде қандай жіпті қолдануға болады?
- Торлау тігісі қай жерде қолданылады?
Ойлану сұрағы
Қол тігістерін қолданбай-ақ бұйым дайындауға бола ма? Неліктен?
Мақалды жалғастыр
- Шебердің қолы …
- Олақтан …
- Жеті рет өлшеп …
- Бастаған істі …
- Келісіп пішкен тон …
- Кестені …
- Үйінде ине ұстамаған …
- Сабақты …
Жұмыстарды тексеру, рефлексия және кері байланыс
Жұмысты тексеру
Дайын бұйымдарды қарап шығу: өлшемі, тігіс сапасы, қиықтардың өңделуі, әшекейлеу үйлесімі.
«Сақина салу» арқылы бағалау
- 👍 Бас бармақ: түсіндім
- ? Балаң үйрек: білгім келеді
- ! Ортан терек: қиын болды
- ✓ Кішкене бөбек: үйрендім
- ↺ Шылдыр шүмек: тырысамын
Кері байланыс
Сұрақ
Бүгін не білдік? (оң қолды көтеру)
Сұрақ
Нені үйрендік? (сол қолды көтеру)
Үй тапсырмасы
Тігіс түрлерін тігіп үйрену.
Автор туралы
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қаражар орта мектебі технология пәнінің мұғалімі — Ерғалиева Гүлшара Әбдірәшовна.