Мұхтар Әуезов Әжемнің әңгімесі

Сабақтың тақырыбы

Мұхтар Әуезов — «Әжемнің әңгімесі»

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Шыңғыстау етегінде дүниеге келген қасиетті тұлға Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы оқушыларға мәлімет беру.

Дамытушылық

Қазақ халқының мәдени болмысын «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы әлемге танытқан қаламгер мұрасымен танысу барысында оқушылардың дүниетанымын, ойлау қабілетін және тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік

Қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін және тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Әдіс-тәсілдер
Баяндау, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, «Бес саусақ» әдісі.
Көрнекіліктер
Жазушының портреті, шығармалары, слайдтар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс
Орыс әдебиеті, тарих.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, ойларын жинақтап, назарларын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын пысықтау

Қосымша сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұрау және пысықтау.

Сұрақ-жауап

  1. Шоқан Уәлиханов туралы не білдіңдер?
  2. Шоқан Мысықпен қай жерде кездесті?
  3. Мысық Шоқанның келгеніне неге қуанды?
  4. Мысықтың негізгі ермегі не?
  5. Мысық жасаған мүсіндерді Шоқан қалай бағалады?
  6. Шоқан қандай бала?
  7. Шоқан Мысыққа қандай киімдерін берді?
  8. Мысық ненің мүсіндерін жасады?
  9. Сапарғали Бегалин кім?

III. Жаңа сабақ

1) Мұғалімнің кіріспе сөзі

Сабақтың мақсатымен таныстыру және Мұхтар Әуезов туралы қысқаша мәлімет беру.

М. Әуезов туралы қысқаша деректер

  • 1897 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауы өңірінде дүниеге келген.
  • 1908–1913 жылдары Семейдегі орыс гимназиясында оқыған.
  • 1923 жылы Ленинград университетінің филология факультетіне түскен.
  • 1945 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш толық мүшелерінің бірі болған.
  • Лениндік сыйлықтың лауреаты атанған.
  • Шығармалары әлемнің 27 тіліне аударылған.
  • 1961 жылы қайтыс болған.

2) Сөздікпен жұмыс

Тақырып бойынша сөздік жұмысын жүйелі түрде жүргізу.

  • Берілген сөздерді оқу, мағынасын түсіну және жаттау.
  • Сөздерді дәптерге жатқа жазу.
  • Сөздермен сөз тіркестерін және сөйлемдер құрастыру.
  • Синоним, антоним, омонимдерін табу.

3) Мәтінмен жұмыс

  • Оқулықтағы мәтінді оқу және түсіну.
  • Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

4) Сын тұрғысынан ойлау: «Дұрыс — Бұрыс»

  1. М. Әуезовтің тұңғыш шығармасы — «Абай жолы» роман-эпопеясы.
  2. Жазушының шығармалары басқа тілдерге аударылған жоқ.
  3. Қазақтың мемлекеттік академиялық театрына М. Әуезовтің есімі берілген бе?
  4. Абайды әжесі Зере мен анасы Ұлжан тәрбиелеген жоқ.
  5. «Абай жолы» роман-эпопеясы неше кітаптан тұрады?

Сабақты бекіту

Оқушыларды түрлі түсті стикерлер арқылы үш топқа бөліп, «Бес саусақ» әдісімен сабақты қорытындылау.

1-топ

Тақырып бойынша Ұлжанның бейнесін ашу.

2-топ

Мәтіндегі жалқы есімдерді табу.

3-топ

Шығармадағы Абай бейнесін талдау.

Үй тапсырмасы

  • Үзіндіні оқу.
  • Мазмұндау.
  • Жаңа сөздермен жұмыс жасау.

Бағалау

Оқушылардың сабақтағы белсенділігіне, тапсырмаларды орындауына және топтық жұмысқа қатысуына қарай бағалау.

Рефлексия

  1. Сабақта қандай тұстар тиімді болды?
  2. Сабақ барысында қандай қиындықтар кездесті?
  3. Сабаққа қатысты қандай тілектерің бар?

Тақырып: Мұхтар Әуезов — «Әжемнің әңгімесі» (жүктеу)